Жаңалықтар
Астанада оқушылардың су үнемдеу жобаларына арналған AQUA LAB зертханасы таныстырылды |
| Астана қаласындағы «TANYM» көпфункционалды кешенінде «AQUA LAB: СУ. STEAM. ЖАСЫЛ МЕКТЕП» атты практикалық семинар өтті. Іс-шара барысында оқушылардың су үнемдеу саласындағы зерттеулері мен жобаларына арналған зертхана таныстырылды. Жобаға Су ресурстары және ирригация министрлігі бастама жасаған. Оны «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ Оқу-ағарту министрлігі және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Жобаға «Chevron» және «Coca-Cola» компаниялары, «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры және «TANYM» көпфункционалды кешені серіктес ретінде қатысуда. Семинарға елорданың 20 тірек мектебі директорының тәрбие жұмысы және бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары қатысты. Зертханада оқушылар зерттеулер мен тәжірибелер жүргізіп, STEAM-жобалар әзірлейді және су үнемдеу саласындағы өз шешімдерін сынақтан өткізеді. Зертхананың әдістемелік негізі «Су және білім&raqu... |
| Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.08.2026 |
Елімізде бағаның маусымдық төмендеуі байқалады |
| 2026 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша, есепті апта ішінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағалардың төмендегені байқалды. Апта ішінде пияздың бағасы 4,8%, ақ қауданды қырыққабаттың бағасы 4,6%, картоп 2,9%, сәбіз 2,4%, алманың бағасы 1,1%-ға төмендеді. Өңірлер бөлінісінде еліміздің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қонаев қаласында 0,4%-ға, Атырау, Жезқазған және Көкшетау қалаларында 0,2%-ға, Алматы, Қызылорда, Орал және Өскемен қалаларында 0,1%-ға төмендеді. Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Тараз, Талдықорған және Түркістан қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды. Республика бойынша пияздың орташа бағасы 1 килограмына 179 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында – 1 килограмына 135 теңге деңгейінде тіркелді. Ақ қауданды қырыққабаттың республика бойынша орташа бағасы 1 килограмына 176 теңгені құрады. Ең төмен ба... |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2026 |
Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі |
| Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына және жеке ақпараттың заңсыз жиналуынан, өңделуінен, пайдаланылуынан немесе сақталуынан қауіпсіздігіне құқығы Конституцияның 21-бабымен кепілдендірілген. Бұл жаңашылдық Қазақстанның озық цифрлық мемлекет ретінде қауіпсіз дамуы үшін берік құқықтық негіз қалайды. Қабылданған өзгерістердің стратегиялық маңызын Премьер-Министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев атап өтіп: «Жасанды интеллект дәуірінде азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау — цифрлық мемлекетке деген сенімнің іргелі шарты. Бұл нормалардың конституциялық деңгейде бекітілуі қазақстандықтардың құқықтарын қорғауды сапалық жаңа деңгейге көтереді және жаңартылған Конституция технологиялардың тек адам игілігі үшін қызмет ететініне, ал заңның цифрлық әлемде әрбір азамат үшін сенімді қалқа... |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2026 |
Бейбіт Исабаев: «Әрбір отбасы білім мен прогреске, жарқын болашаққа ұмтылуы керек» |
| Биыл дәстүрлі «Мерейлі отбасы» байқауына Жетісу облысынан 428 отбасы қатысып, өңір өтінімдер саны бойынша республикада екінші орынға ие болды. Іріктеуден өткен 20 отбасының ішінен жүлдегерлер анықталып, оларды облыс әкімі Бейбіт Исабаев марапаттады. Олар - білім беру, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда табысты еңбек етіп жүрген әулеттер, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен салтанатты шараға жиналғандарды құттықтаған Бейбіт Исабаев: - Елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім ең алдымен әрбір шаңырақтың берекесінен басталады. Ел Президенті халыққа ұсынған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты маңызды тұжырымдамасын іске асыруға мерейлі отбасылар белсене қатысуда. Бәрімізді біріктіретін ортақ ұстаным – бірлік пен татулық, өзара құрмет, еңбекқорлық, ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершілік. Президентіміз кеше Тамыз конференциясында азаматт... |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2026 |
Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Курчатовта не өзгерді |
| Тарихи шешімге 35 жыл толды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Негізгі тақырыптар – ядролық сынақтардың салдарын жою, радиациялық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану болды, деп хабарлайды DKNews.kz. Курчатовта өткен жиынға Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин, Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Мұқанов, Май ауданы әкімінің орынбасары Әділет Сыздықбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Ұлттық ядролық орталық бұған дейін де 35 жылдыққа арналған бірқатар іс-шара ұйымдастырған. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев қатысушыларға құттықтау сөзін жолдады. «Бұл – алдағы міндеттерімізді... |
| Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2026 |
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Азаматтар елімізде жүзеге асып жатқан ауқымды өзгерістерді жаппай қолдауда. Мұны Құрылтай сайлауы айқын аңғартты. |
| Осы науқанға азаматтарымыздың 74 пайыздан астамы қатысып, дауыс берді. Халқымыз ел тағдырына әсер ететін тарихи таңдауын жасады. Жұртымыз бұл іске зор жауапкершілікпен қарап, қоғамымыздың ауызбіршілігін паш етті. Осылайша, ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналған «Әралуан пікір – біртұтас ұлт» қағидаты нақты жүзеге асты. Құрылтай сайлауына шетел азаматтарының қызығушылығы өте жоғары болды. Қазақстанға беделді халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен 800-ге жуық байқаушы келді. Бұл – ұлттық парламентаризм тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бүгінде азаматтарымыз саясатқа оң көзбен қарап, қоғамдық істерге белсене араласатын болды. Бұл – жақсы үрдіс. Мұны жұртшылықтың депутаттарға қоятын талабы әрдайым жоғары болады деп түсінген жөн. Қазіргі заман құр уәденің, жалған сөз бен жалаң ұранның уақыты емес. Біздің қоғам кемелдене бастады. Ел ішінде кәсіби Парламентке деген сұраныс артқанын кө... |
| Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2026 |
⚡️Мемлекет басшысы: «Баршаңызға бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуы құтты болсын! |
| Бүгін еліміз өзінің даму жолында аса маңызды кезеңге аяқ басты. Бұл – мемлекетіміз үшін мән-мағынасы айрықша оқиға, тарихи сәт. Біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып отырмыз. Бүгін жалпыұлттық референдум кезінде Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес еліміздің бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтай ресми түрде өз жұмысына кіріседі. Бұл – мемлекетіміздің саяси жүйесінің жаңару үдерісі дәл осы күннен бастау алады деген сөз. Төл тарихымызға зер салсақ, Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданған. Бұл институттың жаңа кезеңде де жөні бөлек болары анық. Себебі Құрылтай билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін береді. Құрылтай ұлттық заңнама сапасын арттыру арқылы еліміздің құқықтық негізін нығайта түседі. Осы тарихи миссияны атқару сіздерге жүктеліп отыр. Құрылтайдың бірінші шақырылымының депутаты болу – ең алдымен, ерекше сәт. Бұл – үлкен ба... |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2026 |
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» |
| Қазақстан Жазушылар одағында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылауға арналған жиын өтті. Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасарлары Қасымхан Бегманов, Ғалым Қалибекұлы, Бейбіт Сарыбай және жазушы Смағұл Елубай, сыншы Әлия Бөпежанова, жазушы Қанат Қайым, ақын Әділғазы Қайырбеков, ақын Пәтигүл Мақсатова, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек, ақын Маралтай Райымбекұлы, ақын Ерлан Жүніс қатысты.Жиынды ашып берген Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов: – Әдебиет пен сөз өнерінің басты мұраты – адамды адалдыққа тәрбиелеу. Сондықтан «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» деген атаудың өзі біз үшін үлкен мәнге ие. Шын сөз айтылмайынша, әділетті қоғам да қалыптаспайды. Мемлекет басшысының әр жылдардағы сөздерінен ел тағдырына, ұлттық құндылықтарға, заң мен тәртіпке, ұрпақ тәрбиесіне қатысты азаматтық ұстанымын анық аңғаруға болады. Б... |
| Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2026 |
Президент «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды |
| Президент «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.08.2026 |
Үкімет 2029 жылға дейін Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс қимыл жоспарын бекітті |
| Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Іс-қимыл жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жоспар цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізудің үш негізгі бағытын қамтиды, олар - азаматтардың, бизнес пен экономиканың мүддесі үшін, сондай-ақ мемлекеттік аппаратта енгізу. Жоспардың басымдықтарының бірі – білім берудің барлық деңгейінде ЖИ-ді жаппай енгізу. AI-SANA бағдарламасын кеңінен тарату шеңберінде 2029 жылға қарай мектептер, колледждер мен ЖОО түлектерінің кемінде 80%-ы ЖИ-дің базалық дағдыларын меңгеруі тиіс. Сонымен бір мезгілде студенттерді тереңдетіп оқыту және педагогтердің біліктілігін арттыру шаралары да кеңейтіледі. 2028 жылға қарай жоғары оқу орындары мен колледждердің кемінде 80%-ы білім беру процестеріне жасанды и... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.08.2026 |
