Жаңалықтар

Дауыс беру учаскелерінде ұлттық ойындар ұйымдастырылды

Бүгін Көксу ауданындағы дауыс беру учаскелерінде тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындарға дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар ұсынылып, қатысушылар өзара бақ сынады. Ұлттық ойындар халқымыздың дәстүрі мен мәдениетін насихаттап қана қоймай, тұрғындар арасында көтеріңкі көңіл күй мен жағымды атмосфера қалыптастыруға ықпал етті. Аталған шаралар ұлттық мұраны дәріптеп, өскелең ұрпаққа ата дәстүрді танытуға бағытталды.
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026

«Соңғы 10 жылда елдегі ұрлық пен бұзақылық көрсеткіші бірнеше есе төмендеді»

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери департаментінің басшысы Манарбек Ерназаров «Заң мен тәртіп» қағидатына арналған дискуссияға қатысты. Ол азаматтардың заң талаптарын сақтау мәдениеті туралы айтып, статистикалық мәліметтерді бөлісті.
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

Уызмай зауытының қызметкерлері дауыс берді

Көксу ауданындағы «Уызмай» зауытының қызметкерлері Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады. Зауыт ұжымы азаматтық белсенділіктерін танытып, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан шет қалмай, дауыс беруге атсалысты. Әр дауыс – маңызды таңдау!
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026

Тыл ардагері сайлауға барды

Текелі қаласындағы «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында орналасқан 454-ші сайлау учаскесінде 92 жастағы тыл еңбеккері Валентина Вострикова Құрылтай сайлауына қатысып, дауыс берді. Қазыналы қария өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Оның сайлауға қатысуы ел тағдырына бейжай қарамай, әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін айқындайтын өнегелі қадам саналады. Аға буын өкілінің белсенділігі жас ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке және ел болашағына жанашырлықпен қарауға үндейді. Ел көлемінде өтіп жатқан ауқымды саяси науқан барысында азаматтардың өз құқықтарын пайдалануы қоғам бірлігін нығайта түседі. Мемлекет тарапынан әрбір сайлаушының, соның ішінде ардагерлер мен қариялардың өз еркін еркін білдіруі үшін барлық жағдай жасалған.
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026

Белсенді азаматша дауыс берді

Көксу ауданының қоғам белсендісі, блогер Айнұр Алтынбекова бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Азаматтық жауапкершілігін танытып, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға өз үлесін қосты. Әр дауыс – ел болашағына жасалған таңдау!
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026

Қытайдағы қазақстандықтар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр

Дәл қазір әлемнің 61 елінде 79 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Соның ішінде Қытайдағы қазақстандықтардың дауыс беруге белсенділігі жоғары. Тілші Әйгерім Тұран Қытайдың Бейжің қаласынан тікелей байланысқа шықты. Оның айтуынша, бұл елде қазақстандық жастардың үлесі басым. Қазір Қытайда 6 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жүр. Бүкіл Қытай аумағында төрт сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар Бейжің, Гонконг, Сиань және Шанхай қалаларында орналасқан.
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

Сайлаушылар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды

Құрылтай сайлауына келген сайлаушылар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде тұрғындарға түрлі азық-түлік пен қажетті өнімдер ұсынылып, сауда жасауға қолайлы жағдай жасалды. Шараға келген тұрғындар өздеріне қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Жәрмеңке тұрғындардың көңілінен шығып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Мұндай шаралар тұрғындардың басын қосып, өзара қарым-қатынасты нығайтуға және қоғамдық белсенділікті арттыруға оң ықпал етеді.
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026

Көксу ауданының әкімі дауыс берді

Бүгін Көксу ауданының әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Аудан әкімі дауыс беру рәсіміне қатысып, азаматтық міндетін орындады. Сайлау – елдің болашағын айқындайтын маңызды қоғамдық-саяси үдеріс. Оған әр азаматтың белсенді қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Дәулет Кенжеханұлы аудан тұрғындарын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды. Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес!
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026

Грузиядан келген халықаралық байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауының ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады

Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Георгий Каландаришвили Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауында дауыс берудің ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады. Оның айтуынша, сайлау үдерісінің ұйымдастырылуынан алған алғашқы әсері «өте жағымды» болған. Грузиялық байқаушы комиссия мүшелерінің кәсібилігі мен даярлығына, сондай-ақ дауыс беру үдерісінің ұйымдастырылуына ерекше назар аударды. «Сайлауды өткізуге жауапты органның төрағасы ретінде мен бұл үдеріске, әрине, кәсіби тұрғыдан қараймын. Рәсімдердің қаншалықты нақты белгіленіп, дәйекті түрде сақталатынына, учаскелік комиссиялардың дайындығына, сайлаушылардың өз құқықтарын еркін әрі артық кедергілерсіз жүзеге асыра алуына, үдерістің қаншалықты ашық және ұйымдасқан түрде өтіп жатқанына ерекше назар аударамын», – деді Георгий Каландаришвили. Халықаралық байқаушы сайлау учаскесінің ашылуына қатысып, комиссияның жұмысқа дайын екенін атап өтті. Оның бағалауынша, барлық рәсім сақталып, азаматтардың дауыс б...
Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

Сайлаушылар үшін жәрмеңке ұйымдастырылды

Құрылтай сайлауына келген сайлаушылар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде тұрғындарға түрлі өнімдер ұсынылып, сауда жасауға қолайлы жағдай жасалды. Жәрмеңке сайлаушылардың көңілінен шығып, шараға келген тұрғындар қажетті тауарларын тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Осындай шаралар тұрғындардың басын қосып, қоғамдық белсенділікті арттыруға өз үлесін қосады.
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.