ӘЛЕУМЕТ

Көксу ауданында «ХАЙ-ТЕК» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 16.08.2026
Оқылды: 11 Печать страницы

 

Көксу ауданында «ХАЙ-ТЕК» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында облыс аумағында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес «ХАЙ-ТЕК» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – интернет-алаяқтықтың алдын алу, азаматтардың киберқауіпсіздік бойынша сауаттылығын арттыру және алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Осы бағытта Көксу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан базары мен вокзалында тұрғындармен кездесіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлері базарға келушілер мен сауда орындарының сатушыларына интернет-алаяқтардың қолданатын әдістері және олардың арбауына түспеудің жолдары туралы айтып берді.

Кездесу барысында азаматтарға банк картасының нөмірі, құпия сөздер, SMS арқылы келетін растау кодтары және басқа да жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз қосымшаларды жүктемеу және бейтаныс нөмірлерден түскен қоңырауларға сақтықпен қарау керектігі түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері алаяқтар көбіне банк қызметкері, құқық қорғау органының өкілі немесе белгілі бір ұйымның маманы ретінде танысып, азаматтарды асықтыруға және қорқытуға тырысатынын атап өтті. Мұндай жағдайда сабыр сақтап, әңгімені тоқтатып, ақпаратты ресми арналар арқылы қайта тексеру қажет.

Қазіргі таңда интернет-алаяқтықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті. Әр азамат өзінің жеке және қаржылық деректерінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Көксу аудандық полиция бөлімі профилактикалық жұмыстарды жалғастыра береді.

Интернет-алаяқтықтан сақ болыңыз!
Күмәнді жағдайға тап болсаңыз, дереу 102 арнасына хабарласыңыз.

#ХайТек #HiTech #Көксу #Полиция #ИнтернетАлаяқтық #Antifraud #ЖетісуОблысы #Қауіпсіздік #102

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.