Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті

✔️ШЫҰ мерейтойлық саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті. ✔️Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды. ✔️Владимир Путин Мемлекет басшысын Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Оның айтуынша, дауыс беру нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды одан әрі дамытуға, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, экономиканы ілгерілетуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға байланысты көптеген мәселені шешуге бағытталған стратегиялық бағдары кеңінен қолдау тапқанын растайды. ✔️Қазақстан Президенті құттықтауы үшін Ресей басшысына ризашылығын білдіріп, конституциялық реформа аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі. – Қазақстанды жаңғырту үдерісі ұлттық мүддемізге сай жалғаса береді. Аты бар, заты жоқ реформалар жүргізуге мүлдем болмайды. Біз мұны жақсы түсінем...
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.09.2026

Қазақстанда 4,1 млн-нан астам оқушы жаңа оқу жылын бастайды

Бүгінде елімізде 8 048 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бұл 2024-2025 оқу жылындағы 7 920 мектеппен салыстырғанда 1,6%-ға көп. Білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 18 090 оқушыға арналған 32 жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ 4 207 орынға арналған 32 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Оның ішінде 14 мектеп пен 26 мектепке дейінгі ұйым ауылдық жерлерде орналасқан. Есепті кезеңде жалпы білім беретін мектептердің ең көп саны Түркістан және Атырау облыстарында – бес мектептен пайдалануға берілді. Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында екі мектептен пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында 9 оқу орталығы пайдалануға берілді. Оның 3-еуі Қызылорда облысында, 2-еуі Шымкент қаласында, 2-еуі Атырау облысында, 1-еуден Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан. Алматы қаласы...
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.08.2026

Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Абай облысында Үшбиік, Шар және Жарма станцияларындағы теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысандарды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді. Вокзалдарды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, жолаушылар мен теміржол қызметкерлері үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасауға, сондай-ақ заманауи талаптарды ескере отырып, теміржол инфрақұрылымы нысандарын жаңартуға бағытталған. 1980 жылы салынған Үшбиік станциясының теміржол вокзалы 2-санатты вокзалдарға жатады. Қайта жаңғырту аясында сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің сыртқы инженерлік желілерін жүргізу, қосымша құрылыс салу, ғимараттың сырты мен ішін әрлеу, ішкі инженерлік коммуникацияларды жаңарту және перронды абаттандыру жұмыстары орындалды. Станция арқылы Семей, Қызылорда, Алматы, Өскемен, Ақтоғай, Шу, Тараз, Шымкент, Түркістан, Павлодар және Қарағанды қалаларымен, сондай-ақ...
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.08.2026

«Құқықтық дәріхана» – халыққа құқықтық көмек көрсету алаңы

Көксу ауданының Балпық би ауылында халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді. Іс-шараға аудан прокуратурасының өкілдері, аудандық полиция бөлімінің басшылығы, ауданның әр саласына жауапты мекеме басшылары, сондай-ақ «Отбасы банк» мамандары қатысты. Акция барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың сауалдарына тиісті жауаптар ұсынылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жан-жақты құқықтық көмек көрсету.
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.08.2026

Жаңбырлатып суарудың тиімділігі

Су үнемдеу технологияларын енгізу облыста кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бекітілген жоспарға сәйкес 2030 жылға дейін аталған технологиялармен қамтылған егіс алқабының көлемі 175,2 мың гектарға жеткізіледі. Биылғы жоспар 79,2 мың гектар болса, оның ішінде 43 мың гектарға тамшылатып суару, 36,2 мың гектарға жаңбырлатып суару жүйесін енгізу көзделген. Соңғы бірнеше жылдың нәтижесі бұл бағыттағы жұмыстың қарқын алғанын көрсетеді. Егер 2023 жылы су үнемдеу технологиялары небәрі 9,3 мың гектар болса, бүгінде оның көлемі 43,1 мың гектарға жетіп, төрт жарым еседен астам өсті. Қазіргі таңда бұл облыстағы жалпы суармалы егістік көлемінің 20,5 пайызын құрайды. Өткен жылы аймақта 33,7 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы қолданылып, жоспар 61 пайызға орындалды. Ал биыл 33 шаруашылық 9,4 мың гектар жерге жаңа суару жүйесін орнатты. Оның 3,6 мың гектары тамшылатып, 5,7 мың гектары жаңбырлатып суару әдісіне тиесілі. Мемлекет тарапынан да бұл бағыттағы қолдау жыл сайын артып келеді....
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.08.2026

Жетісуда робот сот орындаушы 29 млн теңге үнемдеуге көмектесті

Қазақстан Республикасында атқарушылық өндіріс саласын цифрландыру және азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін жетілдіру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Бүгінде заманауи технологиялар мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындардың қаржылық жүктемесін едәуір азайтуға мүмкіндік беруде. Осы орайда, Жетісу облысы Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, өңірдегі атқарушылық өндіріс саласындағы жаңашылдық пен атқарылған жұмыс нәтижелері баяндалды. Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Кұнақбаева жобаның негізгі мақсаты мен жүзеге асырылу барысына кеңінен тоқталды. Баршаға мәлім болғандай, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлеген «Сот орындаушысы роботы» немесе «Цифрлық сот орындаушысы» жобасы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап ел аумағында ресми түрде іске қосылды. Цифрлық сот орындаушысы азаматтарға жеке сот орындаушыларының айыппұл сомасының 3%-дан 25%-ға дейінгі м...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.08.2026

Астанада оқушылардың су үнемдеу жобаларына арналған AQUA LAB зертханасы таныстырылды

Астана қаласындағы «TANYM» көпфункционалды кешенінде «AQUA LAB: СУ. STEAM. ЖАСЫЛ МЕКТЕП» атты практикалық семинар өтті. Іс-шара барысында оқушылардың су үнемдеу саласындағы зерттеулері мен жобаларына арналған зертхана таныстырылды. Жобаға Су ресурстары және ирригация министрлігі бастама жасаған. Оны «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ Оқу-ағарту министрлігі және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Жобаға «Chevron» және «Coca-Cola» компаниялары, «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры және «TANYM» көпфункционалды кешені серіктес ретінде қатысуда. Семинарға елорданың 20 тірек мектебі директорының тәрбие жұмысы және бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары қатысты. Зертханада оқушылар зерттеулер мен тәжірибелер жүргізіп, STEAM-жобалар әзірлейді және су үнемдеу саласындағы өз шешімдерін сынақтан өткізеді. Зертхананың әдістемелік негізі «Су және білім&raqu...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.08.2026

Елімізде бағаның маусымдық төмендеуі байқалады

2026 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша, есепті апта ішінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағалардың төмендегені байқалды. Апта ішінде пияздың бағасы 4,8%, ақ қауданды қырыққабаттың бағасы 4,6%, картоп 2,9%, сәбіз 2,4%, алманың бағасы 1,1%-ға төмендеді. Өңірлер бөлінісінде еліміздің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қонаев қаласында 0,4%-ға, Атырау, Жезқазған және Көкшетау қалаларында 0,2%-ға, Алматы, Қызылорда, Орал және Өскемен қалаларында 0,1%-ға төмендеді. Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Тараз, Талдықорған және Түркістан қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды. Республика бойынша пияздың орташа бағасы 1 килограмына 179 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында – 1 килограмына 135 теңге деңгейінде тіркелді. Ақ қауданды қырыққабаттың республика бойынша орташа бағасы 1 килограмына 176 теңгені құрады. Ең төмен ба...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2026

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына және жеке ақпараттың заңсыз жиналуынан, өңделуінен, пайдаланылуынан немесе сақталуынан қауіпсіздігіне құқығы Конституцияның 21-бабымен кепілдендірілген. Бұл жаңашылдық Қазақстанның озық цифрлық мемлекет ретінде қауіпсіз дамуы үшін берік құқықтық негіз қалайды. Қабылданған өзгерістердің стратегиялық маңызын Премьер-Министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев атап өтіп: «Жасанды интеллект дәуірінде азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау — цифрлық мемлекетке деген сенімнің іргелі шарты. Бұл нормалардың конституциялық деңгейде бекітілуі қазақстандықтардың құқықтарын қорғауды сапалық жаңа деңгейге көтереді және жаңартылған Конституция технологиялардың тек адам игілігі үшін қызмет ететініне, ал заңның цифрлық әлемде әрбір азамат үшін сенімді қалқа...
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2026

Бейбіт Исабаев: «Әрбір отбасы білім мен прогреске, жарқын болашаққа ұмтылуы керек»

Биыл дәстүрлі «Мерейлі отбасы» байқауына Жетісу облысынан 428 отбасы қатысып, өңір өтінімдер саны бойынша республикада екінші орынға ие болды. Іріктеуден өткен 20 отбасының ішінен жүлдегерлер анықталып, оларды облыс әкімі Бейбіт Исабаев марапаттады. Олар - білім беру, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда табысты еңбек етіп жүрген әулеттер, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен салтанатты шараға жиналғандарды құттықтаған Бейбіт Исабаев: - Елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім ең алдымен әрбір шаңырақтың берекесінен басталады. Ел Президенті халыққа ұсынған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты маңызды тұжырымдамасын іске асыруға мерейлі отбасылар белсене қатысуда. Бәрімізді біріктіретін ортақ ұстаным – бірлік пен татулық, өзара құрмет, еңбекқорлық, ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершілік. Президентіміз кеше Тамыз конференциясында азаматт...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.