Жаңалықтар
❗️«Құрылтай сайлауы күні жалпыұлттық онлайн-марафон басталды» |
| Бүгін, 23 тамызда, ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні жалпыұлттық онлайн-марафон өз жұмысын бастады. Ауқымды медиажоба сайлау барысы туралы жан-жақты ақпарат беруге, сондай-ақ қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған. Тікелей эфир сағат 09:00-де басталып, 00:30-ға дейін жалғасады. 16 сағат бойы көрермендерге сайлау процесінің барысы туралы жедел ақпарат, сарапшылардың пікірлері, тікелей қосылымдар, арнайы репортаждар мен түрлі форматтағы бағдарламалар ұсынылады. Марафонға қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар, түрлі саланың мамандары мен сарапшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер, спортшылар, сондай-ақ шығармашылық және креативті индустрия өкілдері қатысуда. Онлайн-марафонның мазмұны бірнеше арнайы алаңда ұсынылады. Негізгі сахнада қоғам үшін өзекті мәселелер талқыланып, спикерлер өз пікірлері мен ұстанымдарын білдіреді. Touch Screen интерактивті жүйесі арқылы көрермендерге Қазақстанның түрлі бағыттар бойынша... |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Алғашқы дауыс берген жастарға арнайы сыйлықтар табысталды |
| 18 жасқа толған алғашқы сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталды Бүгін сайлау учаскелерінде 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беруге келген жас сайлаушыларға ерекше құрмет көрсетілді. Алғаш рет өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін танытқан жастарға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл – жастардың ел өміріне араласуына, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін сезінуіне бағытталған игі бастама. Алғашқы дауыс берушілер үшін бұл күн ерекше есте қалатын маңызды сәтке айналды. Жастар өз таңдауларын жасап қана қоймай, ел болашағына деген жауапкершіліктерін де танытты. Сайлау учаскелерінде жас сайлаушыларға жылы лебіздер айтылып, олардың алғашқы дауыс беруі мерекелік көңіл-күймен өтті. Мұндай шаралар жастардың сайлау мәдениетін қалыптастырып, азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Алғашқы дауыс – азаматтық жолдағы алғашқы маңызды қадам! |
| Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Ел ағасы – елдік істің өнегесі |
| ДүненбаевТұрлыханБакебайұлы–бүгіндеОртатөбеауылыныңқадірлітұрғыны,спортсаласыныңардагері,ҚараталауданыныңҚұрметтіазаматы.Биыл93жасқатабантірегенақсақал–елгесыйлы,жастарғаақылынайтып,батасынберіпжүргенабызқария. Жастықшағындаспортпеншұғылданып,әсіресегимнастикаменайналысқанатамызғұмырынсалауаттыөмірсалтыннасихаттауға,кейінгібуынғаөнегекөрсетугеарнапкеледі.Бүгіндеақсақалдыңәрбірсөзіменбатасы–кейінгіұрпаққаүлкентағылым.Елдің ертеңіне бейжай қарамайтын ардагер бүгін де азаматтық ұстанымын танытып,Құрылтай сайлауынақатысып, өз таңдауын жасады. 93 жастағы ел ағасы №163сайлау учаскесіне, дауыс беріп, көпшілікке үлгі болды. «Елдіңертеңі–елдіңбірлігінде,әразаматтыңбелсенділігінде»дегенұстанымдыөмірліксерікеткенТұрлыханБакебайұлыныңбұлқадамы–жасұрпаққанағызазаматтықөнеге. Ақсақалдыңелдікіскеараласуы–кейінгібуынғаберербатасыменөнегесініңжалғасы.Осындайелағаларыныңөміржолы–тұтасбірұрпаққатағылым,алазаматтықбелсенділігі–көпкеү... |
| Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді Ол азаматтардың сайлауға қатысуы және азаматтық жауапкершілік танытуы аса маңызды екенін атап өтті. |
| Биылғы сайлау науқаны 2026 жылы 15 наурызда Конституция қабылданғаннан кейін алғаш рет өтіп жатыр. Конституциялық реформаға сәйкес, Қазақстан Парламенттің екі палаталы құрылымынан бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтайға өтті. Бүгін қазақстандықтар алғаш рет Құрылтай депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлап жатыр. |
| Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Алғашқы дауыс бергендерге сыйлықтар берілді |
| Бүгін сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беру белсенділігі байқалды. Сайлауға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасаған жас сайлаушыларға ерекше құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды. Алғашқы рет дауыс беру – әрбір жас азаматтың қоғамдық-саяси өмірге араласуындағы маңызды қадам. Бұл күні жас сайлаушылар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел болашағына деген жауапкершіліктерін көрсетті. Сайлау учаскелерінде алғашқы дауыс берушілерді жылы қарсы алып, оларға арнайы сыйлықтар табыстау – жастардың сайлау процесіне қызығушылығын арттырып, азаматтық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған жақсы бастама. Алғашқы дауысын берген жастар үшін бұл күн ерекше естелікке айналып, олардың ел өміріне белсенді араласуына жол ашты. |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Алғашқы дауыс – маңызды таңдау |
| №263 сайлау учаскесінде алғашқы дауыс беруші өз таңдауын жасады! Сайлау күні – әр азамат үшін маңызды сәт. Алғашқы дауыс беруші өз азаматтық белсенділігін танытып, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес. Азаматтық таңдауымызды жасап, сайлау құқығымызды жүзеге асырайық! #Сайлау2026 #№263СайлауУчаскесі #АлғашқыДауыс #Құрылтай #ДауысБеру #МенӨзТаңдауымдыЖасадым |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Әр дауыс маңызды: сайлау барысын бақылауға дайынмын! |
| Мен, Әбдірайымова Інкәр Мұратқызы, Жетісу облысы, Көксу ауданы, Алғабас ауылындағы №233 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлау күні бақылаушы боламын! Еліміздің болашағы үшін әрбір дауыстың ашық әрі таза есептелгені маған өте маңызды. Бақылаушы ретінде бұл жауапты азаматтық парызымды абыроймен және заң аясында атқаруға толықтай дайынмын! Өз таңдауыңды жаса! Азаматтық белсенділігіңді таныт! #КөксуАуданы #Сайлау2026 #ДауысБеру #Құрылтай #МенӨзТаңдауымдыЖасадым #ЖетісуӘділеттіБайқаушы2026 наблюдательӘділет2026 |
| Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Дауыс беру учаскелері жұмысын бастады |
| Бүгін Көксу ауданындағы барлық дауыс беру учаскелері белгіленген уақытта ашылып, өз жұмысын бастады. Дауыс беру учаскелерінде азаматтардың өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беру процесін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырып отыр. Таңғы уақыттан бастап аудан тұрғындары дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Дауыс беру барысы белгіленген тәртіппен және ашық түрде жүргізілуде. Азаматтарды сайлау процесіне белсенді қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырамыз. Әр дауыс – маңызды. Әр таңдау – ел болашағына қосылған үлес. |
| Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Токиодағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып біздің отандасымыз Әлішер Әзімбаев дауыс берді, ол қазақ қоғамындағы әділеттілік, заңдылық пен даналықтың символы - Би бейнесінде келді. |
| Цукуба университетінде "Мемлекеттік саясат" мамандығы бойынша оқитын Әлішер қазақ халқының тарихи дәстүрлерін Қазақстанның жас буынының заманауи ұмтылыстарымен символдық түрде ұштастырды. Ол Құрылтай тарихи тұрғыдан Ұлттық жиналыс болғанын, онда ел тағдырын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті. "Менің ойымша, жаңадан құрылған Құрылтай бұл дәстүрді халықпен өзара іс — қимылда мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге арналған қазіргі заманғы саяси институт ретінде жалғастырады", - деп атап өтті ол. |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Қазақстан Республикасының азаматтары Құрылтай депутаттарын сайлауына бірінші болып Кореяда жүзеге асырды. |
| Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Каримжанова өз таңдауын жасады. «Мен Кореяда үш жылдан бері тұрып, қазіргі уақытта Корея университетінде білім алып жүрмін. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздің болашағына қатысты маңызды қоғамдық-саяси үдерістерден тыс қалмауға және өз үлесімді қосуға тырысамын», - деді Ажар Каримжанова. Оның айтуынша, сайлауға қатысу - әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілігі мен парызы. «Біздің таңдауымыз еліміздің болашағына тікелей әсер етеді. Бүгін қабылданатын шешімдер ертеңгі Қазақстанның даму бағытын айқындайды. Сондықтан жастардың өз пікірін білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуы өте маңызды», - деп атап өтті ол. @PressMFAKZ |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
