ӘЛЕУМЕТ

Көксу ауданында полиция қызметкерлері ерекше профилактикалық акция өткізді

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 14.08.2026
Оқылды: 2 Печать страницы

 

Көксу ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері мен аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен ерекше профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Акцияның басты ерекшелігі – тұрғындарға тазалық пен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын күнделікті тұрмыста еске салуға бағытталған ақпараттық жұмыстардың жүргізілуі. Осы мақсатта аудан аумағындағы бутиктерге «Қоршаған ортаны бірге қорғайық!» тақырыбындағы арнайы ескерту жапсырмалары орналастырылды.

Ақпараттық жапсырмалар арқылы тұрғындар тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастауға шақырылды. Сонымен қатар қоғамдық орындардың тазалығы әр азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты екені түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері мұндай бастамалардың тек құқық бұзушылықтың алдын алуға ғана емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал ететінін атап өтті. Ал кәсіпкерлер өз нысандарында ақпараттық материалдарды орналастыру арқылы игі бастамаға қолдау көрсетті.

«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету және азаматтардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру.

Тазалық – ортақ мәдениет пен жауапкершіліктің көрінісі. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс. Осындай шағын, бірақ маңызды бастамалар ауданның көркеюіне және таза әрі жайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.