Жаңалықтар
Жастар алғашқы Құрылтай сайлауында белсенділік танытып жатыр |
| Бүгін сайлау учаскелерінде жастардың белсенділігі айқын байқалады. Жас қазақстандықтар дауыс беруге келіп қана қоймай, сайлау процесін ұйымдастыруға да өз үлестерін қосып жүр. Астанада учаскелердегі жұмысқа «Жас сайлаушылар клубының» мүшелері атсалысуда. Жас волонтерлер азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, сайлау учаскесінде бағыт-бағдар көрсетуде, сондай-ақ алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлаудың маңызы туралы ақпарат беріп жатыр. Бүгін елорданың өзінде қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп клубтың 29 мүшесі жұмыс істеп жатыр. «Бүгін біз ерікті ретінде азаматтарға көмектесіп, сұрақтарына жауап беріп, қайда бару керектігін түсіндіріп жүрміз. «Жас сайлаушылар клубы» - жастарға сайлау процесіне тікелей қатысуға мүмкіндік беретін әрі оның ашықтығын арттыруға ықпал ететін бастама», - дейді клуб мүшесі Темірлан Мақұбаев. Клуб мүшелерінің айтуынша, жастар қазірдің өзінде елдің қоғамдық өміріне белсене араласуға ұмтылып келеді. «Біз, жастар, қазі... |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
«Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ж. Игіман дауыс берді |
| Қаламы қарымды қаламгер, «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ж. Игіман ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады. Қазақ әдебиетінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген қаламгердің дауыс беруі — азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына деген жанашырлықтың көрінісі. Қоғам қайраткері үшін елдің қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаларға атсалысу — азаматтық ұстанымын білдірудің бір жолы. |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты |
| Бүгін Қазақстанда еліміздің тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беруге белгілі мәдениет қайраткерлері, Олимпиада чемпиондары, басқа да спортшылар мен шығармашылық сала өкілдері де қосылып жатыр. Олар еліміздің әр қаласындағы сайлау учаскелеріне келіп, еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға өз үлестерін қосты. Дауыс берген танымал тұлғалардың бірі – Қазақстанның халық әртісі, 96 жастағы Бибігүл Төлегенова. Опера әншісінің Алматыдағы үйінде дауыс беруіне жағдай жасалды. Өз таңдауын жасағаннан кейін Бибігүл Төлегенова биылғы сайлаудың айрықша мәніне тоқталды. «Бұл – Құрылтайға алғашқы сайлау. Мен өз таңдауымды жасадым. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз деп ойлаймын», – дейді опера әншісі. Сайлауға қазақстандық олимпиада қатысушылары да белсенді қатысып жатыр. Мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматыдағы №382 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ал спорттық гимнастикадан 2024 жылғы Олимпиа... |
| Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Құрылтай сайлауын бақылау үшін барлық жағдай жасалған – ШЫҰ бақылаушылары |
| Қазақстанда алғашқы Құрылтай сайлауы ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл туралы елордада Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығындағы баспасөз мәслихатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының өкілі, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун мәлім етті. Оның айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері Қазақстан Республикасының Құрылтайына депутаттарды сайлаудың дайындығына және оны өткізу барысын халықаралық деңгейде байқау үшін белсенді түрде қатысып жатыр. Айта кетейік, ШЫҰ өкілдері Қазақстанға 20 тамызда келіп, сайлау алдында дайындық жұмыстарын бағалау үшін түрлі сайлау учаскелеріне барған. – Бүгін таңертеңгі сағат 6:30-дан бастап біздің топ Астананың түрлі аудандарындағы бірнеше сайлау учаскесін аралады. Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзу дерегін байқаған жоқпыз және ешқандай шағым түскен жоқ. Дегенмен, процестің әлі де жалғасып жатқанын атап өткім келеді. Біздің команда сайлау процесін байқауды жалғастырада, сондықтан ертең осы жұмысты қорытындылаймыз.... |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
ТМПА бақылаушылары: сайлауға жеті партияның қатысуының өзі – демократияның көрініс |
| Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының халықаралық бақылаушылары Алматыдағы алты сайлау учаскесіне барды. Миссия өкілдері азаматтардың белсенділігін, дауыс беру үдерісінің ашықтығын, сайлау комиссиясы мүшелерінің жоғары деңгейдегі дайындығы мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға сайлауда жақсы жағдай жасалғанын атап өтті. Бақылаушылар барған учаскелерде заң бұзушылық тіркелмеген. Алматыда жұмыс істеген топтың құрамына Түркия, Әзербайжан мен Қырғызстан парламентінің өкілдері кірді. Олардың қатарында ТМПА-ның Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынас жөніндегі комиссиясының мүшесі, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Филиз Кылыч; ТМПА-ның Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселе жөніндегі комиссиясының мүшесі, Әзірбайжан Милли Мәжілісінің депутаты Хикмет Мамедов; ТМПА-ның Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселе жөніндегі комиссиясының төрағасы міндетін атқарушы, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Ұлықбек Карыбек уулу мен ТМПА Бас хатшысының... |
| Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Жетіжал ауылы тұрғындарының бір мезгілде дауыс берді |
| Көксу ауданына қарасты Жетіжал ауылының тұрғындары сайлау күні №264 дауыс беру учаскесіне ұйымдасқан түрде келіп, бір мезгілде дауыс берді. Шамамен 200 тұрғыннан құралған топ өз азаматтық таңдауын жасап, сайлау процесіне белсенді қатысқанын көрсетті. Жетіжал ауылы тұрғындарының белсенділігі олардың азаматтық жауапкершілігі мен елдің қоғамдық өміріне деген қызығушылығының жоғары екенін аңғартты. Әр дауыс – маңызды. Әр азаматтың таңдауы – ел болашағына қосылған үлес. |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Орыс этномәдени орталығының өкілдері дауыс берді |
| Бүгін Көксу ауданындағы орыс этномәдени орталығының өкілдері №244 дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Этномәдени орталық мүшелері Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктерін танытты. Қазақстан халқын біріктіретін татулық пен келісім – еліміздің басты құндылықтарының бірі. Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің сайлау процесіне қатысуы қоғамдағы бірлік пен азаматтық белсенділіктің маңызын көрсетеді. Бірлік бар жерде – береке бар. Ортақ Отанымыздың болашағы әрқайсымыздың белсенді азаматтық ұстанымымызға байланысты. |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ – ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ |
| Көксу ауданындағы дауыс беру учаскелерінде учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері ұлттық киім киіп, азаматтарды қабылдауда. Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптейтін асыл мұра. Бүгінгі сайлау күнінде ұлттық нақыштың көрініс табуы мерекелік көңіл күй қалыптастырып, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметті айқындай түсті. Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат! |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді |
| Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. |
| Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары Құрылтай сайлауының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті |
| Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылары Қазақстандағы Құрылтай алғашқы сайлауының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сайлау комиссияларының дайындық деңгейін және азаматтардың белсенділігін ерекше атап өтті. Таңертең сайлау учаскелеріне барғаннан кейін миссия мүшелерінің дауыс беру барысына қатысты ешқандай ескертулері болған жоқ. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі, Ресей Мемлекеттік Думасының Қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполовтың айтуынша, миссия өкілдері таңертең бірнеше сайлау учаскесіне арнайы барған. Байқаушылар №192 учаскеде оның ашылу рәсіміне де қатысқан. Оның сөзінше, барған барлық учаскелер дауыс беруді өткізуге қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. — Біз барған барлық учаскелердің ешқайсысын бөліп-жармай атап өткім келеді: ұйымдастыру деңгейі де, дайындық деңгейі де өте жоғары. Учаскелер сайлаудың заңнама талаптарына қатаң сәйкес өтуі үшін қа... |
| Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
