Жаңалықтар
№263 дауыс беру учаскесінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды |
| Көксу ауданындағы №263 дауыс беру учаскесінде сайлау күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шара барысында ауданның өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары тұрғындарға арнап ән мен күйден шашу шашып, ұлттық өнерімізді дәріптеді. Әуезді әндер мен әсерлі музыкалық шығармалар дауыс беруге келген азаматтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Концерттік бағдарламаға мәдениет саласының өкілдері мен өнерпаздар қатысып, көпшілікке мерекелік көңіл күй қалыптастырды. Ұлттық өнермен өрнектелген мәдени бағдарлама сайлау күнінің мазмұнын толықтырып, тұрғындарға жағымды әсер қалдырды. |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Қоғам белсендісі Бархудар Гусенов дауыс берді |
| Бүгін Көксу ауданында қоғам белсендісі Гусенов Бархудар Шахгусенович дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген азамат сайлау процесіне қатысып, өзінің азаматтық ұстанымын білдірді. Бархудар Шахгусенович тұрғындарды ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдеріске белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға шақырды. Әр азаматтың таңдауы – ел болашағына қосылған үлес. |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Армрестлингтен Азия чемпионы дауыс берді |
| Бүгін №236 дауыс беру учаскесінде армрестлингтен Азия чемпионы А. Тастанова дауыс беріп, өз азаматтық таңдауын жасады. Спортта ел намысын абыроймен қорғап жүрген чемпион сайлау процесіне қатысып, азаматтық белсенділігін танытты. Спорттағы жетістігімен жастарға үлгі болып жүрген А. Тастанова азаматтарды сайлауға белсенді қатысып, өздерінің азаматтық таңдауын жасауға шақырды. Әр азаматтың таңдауы – ел болашағына қосылған үлес. |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
«Жер Жаннаты – Жетісу – 2025» жобасының Гран-при иегері дауыс берді |
| Көксу ауданында «Жер Жаннаты – Жетісу – 2025» телевизиялық жобасының Гран-при иегері, блогер Дәурен Берікболов дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Өнер мен шығармашылық бағытында белсенділік танытып жүрген Дәурен Берікболов сайлауға қатысып, өзінің азаматтық ұстанымын білдірді. Ол азаматтарды ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға шақырды. Сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам. Әр дауыс – маңызды. Әр таңдау – ел болашағына қосылған үлес. |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
«Ашықтық 100 пайызға қамтамасыз етілген»: Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы сайлау барысы туралы |
| Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында Астанаға арнайы халықаралық байқаушылар мен шетелдік сарапшылар келді. Халықаралық сарапшылар тобы елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында орналасқан №225, 493, 494 сайлау учаскелерінің, сондай-ақ Ақмола облысы, Қосшы қаласына қарасты Тайтөбе ауылындағы №751 сайлау учаскесінің жұмысымен егжей-тегжейлі танысты. Сарапшылар дауыс беру залының жабдықталуын, азаматтардың еркін таңдау жасауына жасалған жағдайды және комиссия мүшелерінің жұмыс сапасын оң бағалады. Шетелдік сарапшылар арасында Қазақстанға алғаш рет келген Испанияның халықаралық шолушы Альваро Эскалонилла да бар. Ол Құрылтай сайлауының ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді. Бұл – менің Қазақстанға да, Орталық Азияға да алғашқы сапарым. Қазақстан өз мүмкіндіктерін әлемге паш етіп жатыр. Сайлау өтіп жатқан учаскеде шетелдік БАҚ өкілдеріне толық жағдай жасал... |
| Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Елдік таңдау жасалды |
| Тамшыбаева Злиха Жанболатқызының 90 жылдық мерейтойына орай З.Тамшыбай ауылының тұрғындары бір мезетте №246 сайлау учаскесіне барып, азаматтық белсенділіктерін танытып, өз таңдауларын жасады. Іс-шара барысында аудан өнерпаздары әсем әндерден ән шашу шашып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық нақыштағы ән-күймен өрнектелген мерекелік шара ауыл тұрғындарына ерекше әсер қалдырып, игі бастамаға сән берді. |
| Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Еркеновтар отбасы дауыс берді |
| Бүгін Көксу ауданындағы №256 дауыс беру учаскесінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанған Еркеновтар отбасы дауыс беруге қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады. Ынтымағы мен берекесі жарасқан отбасы мүшелері елдің қоғамдық өміріндегі маңызды науқанға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Еркеновтар отбасы үшін бұл күн – тек азаматтық таңдау жасау күні ғана емес, отбасы құндылықтарын, елге деген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін маңызды сәт. «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған өнегелі отбасының сайлауға бірге қатысуы – отбасылық бірлік пен азаматтық белсенділіктің үйлесімін айқын көрсетеді. Ынтымағы жарасқан отбасы – елдің берік тірегі. Берекелі отбасы – берік мемлекеттің негізі! |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
ӨНЕР АДАМДАРЫ ДАУЫС БЕРДІ |
| Бүгін Көксу ауданындағы мәдениет үйлерінің қызметкерлері мен«Өнер» мектебініңұжымы дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Домбыра және басқа да музыкалық аспаптарын алып келген өнерпаздар сайлау күніне ерекше сән беріп, көтеріңкі көңіл күй қалыптастырды. Өнер саласының өкілдері өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Өнер – ұлттың рухы, ал азаматтық таңдау – ел болашағына деген жауапкершілік! |
| Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Әзербайжан этносы өкілдері дауыс берді |
| Бүгін Көксу ауданында Әзербайжан этномәдени бірлестігінің өкілдері №245 дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Этнос өкілдері Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өздерінің азаматтық белсенділігін танытты. Әзербайжан этномәдени бірлестігі өкілдерінің сайлау процесіне қатысуы – еліміздегі қоғамдық келісім мен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Қазақстанда түрлі этнос өкілдерінің өзара татулық пен бірлікте өмір сүруі – ортақ құндылығымыз. Әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы елдің тұрақты дамуына үлес қосады. |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Өңір өнерпаздары Құрылтай сайлауында дауыс берді |
| Өңірдің мәдениет саласының өкілдері мен өнерпаздары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Ән мен өнерді серік еткен шығармашылық өкілдері бұл маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық жауапкершіліктерін танытты. Өнерпаздар үшін елдің қоғамдық өміріне атсалысу, оның ішінде сайлауға қатысу – әр азаматтың маңызды міндеті. Олар дауыс беру арқылы ел болашағына қатысты өз ұстанымдарын білдіріп, барша тұрғындарды белсенді болуға шақырды. |
| Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
