Бүгін Көксу ауданындағы барлық дауыс беру учаскелері белгіленген уақытта ашылып, өз жұмысын бастады.
Дауыс беру учаскелерінде азаматтардың өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беру процесін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырып отыр.
Таңғы уақыттан бастап аудан тұрғындары дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Дауыс беру барысы белгіленген тәртіппен және ашық түрде жүргізілуде.
Азаматтарды сайлау процесіне белсенді қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырамыз.
Әр дауыс – маңызды. Әр таңдау – ел болашағына қосылған үлес.
ҚҰРЫЛТАЙ - 2026
Дауыс беру учаскелері жұмысын бастады
| Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 | |
| Уақыты: 23.08.2026 | |
| Оқылды: 8 | Печать страницы |
