Жаңалықтар
????Бірінші шілде күні күшіне енген жаңа Конституцияда білім саласына айрықша мән берілді, яғни адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды, деді Мемлекет басшысы тамыз конференциясының пленарлық о |
| Сондай-ақ Президент 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына назар аударды. «Жаңа буын өкілдері саяси науқанды жандандыра түскені сөзсіз. Халыққа адал қызмет еткісі келетін, жауапкершіліктен тайсалмайтын, жаңашыл адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік берілді. Түптеп келгенде, бұл – қалыпты, яғни эволюциялық үдеріс. Осы орайда саяси партиялардың белсенділігін, олардың идеологиялық ұстанымдарын, кәсіби деңгейін ерекше атап өткім келеді. Саяси дода кезінде ел болашағына тікелей ықпал ететін ұтымды ұсыныстар айтылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2026 |
????Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі. |
| «Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын болары айдан анық. Ұлы Абай 38-ші қара сөзінде адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Сіздер жас буынға терең білім беріп, саналы, озық ойлы және отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге зор еңбек сіңіріп жүрсіздер. Осылайша, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға атсалысып келесіздер», – деді Мемлекет басшысы. |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2026 |
⚡️Мемлекет басшысы ұстаздар қауымын дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуымен құттықтады |
| «Бүгінгі жиынға Қазақстанның барлық аймағынан ұлағатты ұстаздар арнайы келіп отыр. Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі, бұл – нағыз ақиқат. Бүгін өте ұтымды, мазмұнды баяндамаларды тыңдадық, тиімді пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Сөз сөйлеген ұстаздарға, бүкіл мұғалімдер қауымына ризашылығымды, ілтипатымды білдіремін. Тиісті министрлік, жалпы Үкімет айтылған мәселелерді үнемі назарда ұстауы керек. Бұл жұмысты аса маңызды стратегиялық міндет деп түсіну қажет. Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын болары айдан анық. Ұлы Абай 38-ші қара сөзінде адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Сіздер жас буынға терең білім беріп, саналы, озық ойлы және отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге зор еңбек сіңіріп жүрсіздер. Осылайша, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға атсалысып келесіздер». |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2026 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі |
| Ұстаздардың биылғы жиыны «Адам капиталы, білім, прогресс – Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбына арналып отыр |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2026 |
Құрметті отандастар, ардақты ағайын! |
| «Atamnyn Amanaty» Қоғамдық Бірлестігі – еліміздегі екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткендерді іздеумен және архивтік, далалық зерттеулермен айналысатын бірден-бір ұйым. Біз соғыс жылдары жоғалып кеткендерді іздеу, жауынгерлік жолды анықтау бойынша өтініштерді қарқынды түрде қабылдаймыз. Соңғы уақыт ішінде бізге 12 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның ішінде 4500-ден астамы орындалды. Ай сайын орта есеппен 50-ге жуық өтінішті қарастырамыз. Егер сіз де соғыс жылдарында жоғалып кеткен туыстарыңызды іздесеңіз, төменде көрсетілген байланыс нөмірлері немесе арнайы құрылған сайт сілтемесі арқылы өтініш бере аласыз. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз бар – онда біз ұйымымыздың қызметі мен барлық іс-шараларымызды жариялап отырамыз. Жаңалықтардан хабардар болу үшін жазылуларыңызға болады. Барлық парақша сілтемелері төменде көрсетілген. Біздің ұйым ақысыз жұмыс істейді. Сіздердің батыр аталарымыз бен ағаларымыздың ерлігі ескеру... |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.08.2026 |
«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді |
| Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына 80 жыл толуына орайластырылған «Мұра жіптері» көрмесін ұсынады. Көрме 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 8 қараша аралығында өтеді. Экспозицияға музей қорынан және суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған 80-нен астам туынды: гобелендер, кескіндеме және графика жұмыстары қойылады. Гобелен – бейне бояумен емес, тоқыма станогында жіп арқылы жасалатын тоқылған кілем-картина. Қазақстанда бұл техника ХХ ғасырдың екінші жартысында ерекше дамыды. Сол кезеңде суретшілер кілем тоқу дәстүрі мен киіз ою-өрнегін бейнелеу өнерінің жаңа түрінің негізі ретінде қайта пайымдай бастады. Осылайша халықтық мотивтерді, ұлттық ою-өрнекті және заманауи кескіндеме тілін тоғыстырған қазақстандық гобелен мектебі қалыптасты. Бұл мектептің бастауында оның негізгі тұлғаларының бірі – Батима Заурбекова тұрды. Батима З... |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.08.2026 |
«Қазақстанның жаңа дәуірі ғылыми олимпиадалардың жас жеңімпаздарын ұлықтаудан басталады» |
| Бүгін мен баршаңызды Ақорданың төрінде көргеніме ризамын. Ең алдымен сіздерге жарқын жеңістеріңіз құтты болсын деймін. Әрқайсыңыз әлемнің ең зияткер оқушыларымен бәсекеге түсіп, беделді білім додаларында топ жардыңыздар. Көк Туымызды биікке көтеріп, еліміздің абырой-беделін арттыруға мол үлес қосып жүрсіздер! Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Қазақстанның жарқын болашағы – ойы ұшқыр, білімді, дарынды жастардың қолында! Мен Мемлекет басшысы ретінде бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар! |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026 |
ДИАҚБ рәсімдердің жариялылығы мен сайлау процесінің адал өтуін қамтамасыз ету шараларын атап өтті |
| Сайлау рәсімдерінің ашықтығы, ұлттық және халықаралық байқаушылардың сайлауды бақылауына жасалған мүмкіндік – ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) миссиясының Қазақстандағы сайлауды бақылау қорытындысында жеке атап өтілген бағыттардың бірі. Бұл туралы бүгін Құрылтай сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ ДИАҚБ халықаралық миссиясының баспасөз конференциясында мәлім болды. Миссия мүшелері Қазақстан заңнамасында сайлауға ұлттық та, халықаралық та байқау жүргізу мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті. Дауыс беру күні сайлау барысын бірқатар ұйымның өкілдері бақылап отырды. Бұл бүкіл сайлау науқаны барысында қолданылған жариялылықты қамтамасыз етудің өзге де тетіктерін толықтыра түсті. Орталық сайлау комиссиясы отырыстарын тұрақты түрде ашық өткізіп, оларды тікелей эфирде көрсетті. Қабылданған шешімдер ресми сайтта жедел жарияланып отырды. Қолданыстағы сайлау заңнамасы, оның ішінде соңғы енгізілген өзгерістердің басым бөлігі мен заңға тәуелді но... |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026 |
Кәсіби және уақытылы: ДИАҚБ-ның Қазақстандағы сайлаудың ұйымдастыру деңгейіне бағасын берді |
| Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі халықаралық миссиясының баспасөз конференциясы өтті. Шара барысында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы сайлауды ұйымдастырудың бірқатар бағытына жоғары баға берді. ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ бақылаушылар сайлауға техникалық дайындықтың кәсіби әрі уақытылы жүргізілгенін, комиссия мүшелерінің даярлығын, азаматтарға қажетті мәліметтің кеңінен таратылғанын және мүмкіндігі шектеулі сайлаушылардың дауыс беруіне жасалған мүмкіндіктерді оң бағалады. Сондай-ақ, миссия материалдарында Орталық сайлау комиссиясының сайлауға техникалық дайындықты заңда белгіленген мерзімде жүргізгені алға тартылды. Сонымен қатар, байқаушылар кадрларды даярлау мәселесіне де ерекше назар аударды. ДИАҚБ байқаушылары өздері қатысқан іс-шаралар аясында сайлау комиссиялары мүшелерін оқытудың жалпыұлттық каскадты бағдарламасына оң бағалады. Миссия өкілдерінің... |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026 |
«Ел Дауысы» байқаушылары дауыс беру қорытындысына ықпал етуі мүмкін заң бұзушылықтарды тіркеген жоқ |
| «Ел Дауысы» қоғамдық қоры 2026 жылғы 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс беру барысына жүргізілген қоғамдық байқаудың қорытындысын шығарды. Сайлау күні қор атынан Қазақстанның 20 қаласында 582 өкіл жұмыс істеп, 457 сайлау учаскесі тұрақты байқаумен қамтылған. Қордың қалған өкілдері мобильді үйлестірушілер ретінде жергілікті жерлердегі байқаушылардың қызметін үйлестірді, ал қажет болған жағдайда жедел түрде учаскелерге барып, ақпараттың республикалық штабқа жеткізілуін қамтамасыз етті. Күні бойы қор байқаушылары дауыс беру барысын, белгіленген рәсімдердің сақталуын, байқаушылардың жұмыс істеуіне жасалған жағдайларды бақылап отырды. Ал сайлау учаскелері жабылғаннан кейін дауыстарды санау процесі мен қорытынды хаттамалардың рәсімделуін қадағалады. Қордың республикалық штабына ықтимал кемшіліктер мен даулы жағдайлар туралы 11-ге жуық хабарлама келіп түскен. Алдын ала тексеруден кейін бастапқы қорытынды жасалған сәтте олардың тек үшеуі расталған. Оның еке... |
| Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026 |
