Жаңалықтар
Қытайдағы қазақстандықтар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр |
| Дәл қазір әлемнің 61 елінде 79 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Соның ішінде Қытайдағы қазақстандықтардың дауыс беруге белсенділігі жоғары. Тілші Әйгерім Тұран Қытайдың Бейжің қаласынан тікелей байланысқа шықты. Оның айтуынша, бұл елде қазақстандық жастардың үлесі басым. Қазір Қытайда 6 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жүр. Бүкіл Қытай аумағында төрт сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар Бейжің, Гонконг, Сиань және Шанхай қалаларында орналасқан. |
| Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Сайлаушылар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды |
| Құрылтай сайлауына келген сайлаушылар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде тұрғындарға түрлі азық-түлік пен қажетті өнімдер ұсынылып, сауда жасауға қолайлы жағдай жасалды. Шараға келген тұрғындар өздеріне қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Жәрмеңке тұрғындардың көңілінен шығып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Мұндай шаралар тұрғындардың басын қосып, өзара қарым-қатынасты нығайтуға және қоғамдық белсенділікті арттыруға оң ықпал етеді. |
| Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Көксу ауданының әкімі дауыс берді |
| Бүгін Көксу ауданының әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Аудан әкімі дауыс беру рәсіміне қатысып, азаматтық міндетін орындады. Сайлау – елдің болашағын айқындайтын маңызды қоғамдық-саяси үдеріс. Оған әр азаматтың белсенді қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Дәулет Кенжеханұлы аудан тұрғындарын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды. Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес! |
| Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Грузиядан келген халықаралық байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауының ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады |
| Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Георгий Каландаришвили Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауында дауыс берудің ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады. Оның айтуынша, сайлау үдерісінің ұйымдастырылуынан алған алғашқы әсері «өте жағымды» болған. Грузиялық байқаушы комиссия мүшелерінің кәсібилігі мен даярлығына, сондай-ақ дауыс беру үдерісінің ұйымдастырылуына ерекше назар аударды. «Сайлауды өткізуге жауапты органның төрағасы ретінде мен бұл үдеріске, әрине, кәсіби тұрғыдан қараймын. Рәсімдердің қаншалықты нақты белгіленіп, дәйекті түрде сақталатынына, учаскелік комиссиялардың дайындығына, сайлаушылардың өз құқықтарын еркін әрі артық кедергілерсіз жүзеге асыра алуына, үдерістің қаншалықты ашық және ұйымдасқан түрде өтіп жатқанына ерекше назар аударамын», – деді Георгий Каландаришвили. Халықаралық байқаушы сайлау учаскесінің ашылуына қатысып, комиссияның жұмысқа дайын екенін атап өтті. Оның бағалауынша, барлық рәсім сақталып, азаматтардың дауыс б... |
| Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Сайлаушылар үшін жәрмеңке ұйымдастырылды |
| Құрылтай сайлауына келген сайлаушылар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде тұрғындарға түрлі өнімдер ұсынылып, сауда жасауға қолайлы жағдай жасалды. Жәрмеңке сайлаушылардың көңілінен шығып, шараға келген тұрғындар қажетті тауарларын тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Осындай шаралар тұрғындардың басын қосып, қоғамдық белсенділікті арттыруға өз үлесін қосады. |
| Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
❗️«Құрылтай сайлауы күні жалпыұлттық онлайн-марафон басталды» |
| Бүгін, 23 тамызда, ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні жалпыұлттық онлайн-марафон өз жұмысын бастады. Ауқымды медиажоба сайлау барысы туралы жан-жақты ақпарат беруге, сондай-ақ қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған. Тікелей эфир сағат 09:00-де басталып, 00:30-ға дейін жалғасады. 16 сағат бойы көрермендерге сайлау процесінің барысы туралы жедел ақпарат, сарапшылардың пікірлері, тікелей қосылымдар, арнайы репортаждар мен түрлі форматтағы бағдарламалар ұсынылады. Марафонға қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар, түрлі саланың мамандары мен сарапшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер, спортшылар, сондай-ақ шығармашылық және креативті индустрия өкілдері қатысуда. Онлайн-марафонның мазмұны бірнеше арнайы алаңда ұсынылады. Негізгі сахнада қоғам үшін өзекті мәселелер талқыланып, спикерлер өз пікірлері мен ұстанымдарын білдіреді. Touch Screen интерактивті жүйесі арқылы көрермендерге Қазақстанның түрлі бағыттар бойынша... |
| Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Алғашқы дауыс берген жастарға арнайы сыйлықтар табысталды |
| 18 жасқа толған алғашқы сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталды Бүгін сайлау учаскелерінде 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беруге келген жас сайлаушыларға ерекше құрмет көрсетілді. Алғаш рет өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін танытқан жастарға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл – жастардың ел өміріне араласуына, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін сезінуіне бағытталған игі бастама. Алғашқы дауыс берушілер үшін бұл күн ерекше есте қалатын маңызды сәтке айналды. Жастар өз таңдауларын жасап қана қоймай, ел болашағына деген жауапкершіліктерін де танытты. Сайлау учаскелерінде жас сайлаушыларға жылы лебіздер айтылып, олардың алғашқы дауыс беруі мерекелік көңіл-күймен өтті. Мұндай шаралар жастардың сайлау мәдениетін қалыптастырып, азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Алғашқы дауыс – азаматтық жолдағы алғашқы маңызды қадам! |
| Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Ел ағасы – елдік істің өнегесі |
| ДүненбаевТұрлыханБакебайұлы–бүгіндеОртатөбеауылыныңқадірлітұрғыны,спортсаласыныңардагері,ҚараталауданыныңҚұрметтіазаматы.Биыл93жасқатабантірегенақсақал–елгесыйлы,жастарғаақылынайтып,батасынберіпжүргенабызқария. Жастықшағындаспортпеншұғылданып,әсіресегимнастикаменайналысқанатамызғұмырынсалауаттыөмірсалтыннасихаттауға,кейінгібуынғаөнегекөрсетугеарнапкеледі.Бүгіндеақсақалдыңәрбірсөзіменбатасы–кейінгіұрпаққаүлкентағылым.Елдің ертеңіне бейжай қарамайтын ардагер бүгін де азаматтық ұстанымын танытып,Құрылтай сайлауынақатысып, өз таңдауын жасады. 93 жастағы ел ағасы №163сайлау учаскесіне, дауыс беріп, көпшілікке үлгі болды. «Елдіңертеңі–елдіңбірлігінде,әразаматтыңбелсенділігінде»дегенұстанымдыөмірліксерікеткенТұрлыханБакебайұлыныңбұлқадамы–жасұрпаққанағызазаматтықөнеге. Ақсақалдыңелдікіскеараласуы–кейінгібуынғаберербатасыменөнегесініңжалғасы.Осындайелағаларыныңөміржолы–тұтасбірұрпаққатағылым,алазаматтықбелсенділігі–көпкеү... |
| Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді Ол азаматтардың сайлауға қатысуы және азаматтық жауапкершілік танытуы аса маңызды екенін атап өтті. |
| Биылғы сайлау науқаны 2026 жылы 15 наурызда Конституция қабылданғаннан кейін алғаш рет өтіп жатыр. Конституциялық реформаға сәйкес, Қазақстан Парламенттің екі палаталы құрылымынан бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтайға өтті. Бүгін қазақстандықтар алғаш рет Құрылтай депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлап жатыр. |
| Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Алғашқы дауыс бергендерге сыйлықтар берілді |
| Бүгін сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беру белсенділігі байқалды. Сайлауға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасаған жас сайлаушыларға ерекше құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды. Алғашқы рет дауыс беру – әрбір жас азаматтың қоғамдық-саяси өмірге араласуындағы маңызды қадам. Бұл күні жас сайлаушылар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел болашағына деген жауапкершіліктерін көрсетті. Сайлау учаскелерінде алғашқы дауыс берушілерді жылы қарсы алып, оларға арнайы сыйлықтар табыстау – жастардың сайлау процесіне қызығушылығын арттырып, азаматтық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған жақсы бастама. Алғашқы дауысын берген жастар үшін бұл күн ерекше естелікке айналып, олардың ел өміріне белсенді араласуына жол ашты. |
| Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
