Дүненбаев Тұрлыхан Бакебайұлы – бүгіндеОртатөбе ауылының қадірлі тұрғыны, спортсаласының ардагері, Қаратал ауданының Құрметтіазаматы. Биыл 93 жасқа табан тіреген ақсақал – елгесыйлы, жастарға ақылын айтып, батасын беріпжүрген абыз қария.
Жастық шағында спортпен шұғылданып, әсіресегимнастикамен айналысқан атамыз ғұмырынсалауатты өмір салтын насихаттауға, кейінгі буынғаөнеге көрсетуге арнап келеді. Бүгінде ақсақалдыңәрбір сөзі мен батасы – кейінгі ұрпаққа үлкентағылым. Елдің ертеңіне бейжай қарамайтын ардагер бүгін де азаматтық ұстанымын танытып, Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. 93 жастағы ел ағасы №163 сайлау учаскесіне, дауыс беріп, көпшілікке үлгі болды.
«Елдің ертеңі – елдің бірлігінде, әр азаматтыңбелсенділігінде» деген ұстанымды өмірлік серікеткен Тұрлыхан Бакебайұлының бұл қадамы – жасұрпаққа нағыз азаматтық өнеге.
Ақсақалдың елдік іске араласуы – кейінгі буынғаберер батасы мен өнегесінің жалғасы. Осындай елағаларының өмір жолы – тұтас бір ұрпаққа тағылым, ал азаматтық белсенділігі – көпке үлгі.
