Құрылтай сайлауына келген сайлаушылар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде тұрғындарға түрлі азық-түлік пен қажетті өнімдер ұсынылып, сауда жасауға қолайлы жағдай жасалды.
Шараға келген тұрғындар өздеріне қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Жәрмеңке тұрғындардың көңілінен шығып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Мұндай шаралар тұрғындардың басын қосып, өзара қарым-қатынасты нығайтуға және қоғамдық белсенділікті арттыруға оң ықпал етеді.
