ҚҰРЫЛТАЙ - 2026

Дауыс беру учаскелерінде ұлттық ойындар ұйымдастырылды

Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026
Уақыты: 23.08.2026
Оқылды: 8 Печать страницы

 

Бүгін Көксу ауданындағы дауыс беру учаскелерінде тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тұрғындарға дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар ұсынылып, қатысушылар өзара бақ сынады.

Ұлттық ойындар халқымыздың дәстүрі мен мәдениетін насихаттап қана қоймай, тұрғындар арасында көтеріңкі көңіл күй мен жағымды атмосфера қалыптастыруға ықпал етті.

Аталған шаралар ұлттық мұраны дәріптеп, өскелең ұрпаққа ата дәстүрді танытуға бағытталды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.