Жаңалықтар

Құрылтай сайлауын ұйымдастырудың негізгі қағидаттары

Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сайлау процесін ұйымдастыру барысында заңдылық, ашықтық және азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау басты қағидаттардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінің дайындығы, ұйымдастыру шаралары және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жұмыстар атқарылуда. Жауапты мамандар сайлау процесінің барлық кезеңдерін пысықтап, белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету бағытында қызмет етуде. Сайлау процесінің маңызды кезеңдерінің бірі – азаматтарға толық әрі нақты ақпарат беру. Сайлаушылар дауыс беру тәртібі, өз құқықтары мен міндеттері, сайлау кезеңдері туралы қажетті мәліметтерді алдын ала білуі керек. Бұл олардың сайлауға белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Аудандарда сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастыру, қажетті жағдайларды қамтамасыз ету және комиссия мүшелерінің дайындығын жетілдіру бағытында тиісті шаралар қабылдануда. Әрбір учаскенің жұмысы сайлау процесінің талаптарына са...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.07.2026

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастапМинистрлікүкіметтік емес ұйымдардысыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді. ҮЕҰүшін сыйлықақы –бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы. Жылдар аралығында558ҮЕҰсыйлықақы иегерлері атанды(2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63 ҮЕҰ, 2019 жылы – 63 ҮЕҰ, 2020 жылы – 38 ҮЕҰ, 2021 жылы-64 ҮЕҰ, 2022 жылы – 54 ҮЕҰ, 2023 жылы – 79 ҮЕҰ, 2024 жылы – 66 ҮЕҰ, 2025жылы – 72 ҮЕҰ). ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы келесі 16маңыздысалабойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі(«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»Заңның 5-бабына с...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.07.2026

Жетісу облысында жыл қорытындысында инженерлік желілердің тозуы 15%-ға төмендейді

Жетісу облысында Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру басталды. Қабылданған шаралардың арқасында биылғы жылдың қорытындысы бойынша 568 шақырым инженерлік желілерді жаңғыртылады деп жоспарланған, бұл тозудың орташа деңгейін 15%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Биыл өңірде 23 жоба іске асырылады, соның ішінде электр мен жылу желілері, сумен жабдықтау және су бұру салаларында қолға алынады. Барлық нысандар бойынша мердігер ұйымдар айқындалған, толық қаржыландырылды, қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Талдықорған және Текелі қалаларының коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жобалар аса маңызды саналады. Соның нәтижесінде Талдықорған қаласында ұзындығы 3,5 шақырым негізгі магистралды жылу желісі қайта жаңартылып, Текелі қаласында 89 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңартылады. Электрмен жабдықтау саласында іске асырылып жатқан 16 жобаның аясында...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.07.2026

Жетісуда су шаруашылығында 9 жоба толық іске асырылғанда 34,3 мың га жерді суару жақсарып, 3,2 мың га жаңа жер айналымға қосылады

Жетісу облысында вегетациялық кезең үздіксіз жүргізіліп, өңірдегі суармалы егістік жерлер сумен тұрақты қамтылуда. Мәселен, бекітілген кестеге ауыл шаруашылығы дақылдарына бірінші және екінші суы беріліп, бүгінгі күні 44 мың гектарға үшінші суы жеткізілуде, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде суармалы судың шығынын азайту мақсатында 9 су шаруашылығы нысанына қайта жаңғырту жәнен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, бұл жобалар Ислам даму банкі арқылы, республикалық және жергілікті бюджет есебінен Ақсу, Көксу, Қаратал, Сарқан, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласында жүзеге асырылуда. Осы жобалар аяқталғанда 34,3 мың га жердің суаруы жақсартылып, 3,2 мың га жаңа жер айналымға қосылады. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандардың бірі – «ҚазСуШар» РМК филиалының Ескелді өндірістік учаскесіне қарасты «Алмалы» су қоймасы. Мұндағы құрылыс жұмыстарын атқ...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.07.2026

"Алакөл толқыны" фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

Республикалық оқиғалар мен іс-шаралар күнтізбесіне Жетісу облысы тарапынан енгізілген «Алакөл толқыны» мәдени-туристік фестивалі Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы Алакөл көлінің жағалауында тиісті деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. «Алакөл толқыны» фестиваліне Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген шетелдік туристер мен қонақтар, сондай-ақ Қазақстанның әр облысынан келген демалушылар мен өңір тұрғындарын қоса алғанда, 5 мыңнан астам адам қатысты. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі Алакөл өңірінің туристік әлеуетін, табиғи ерекшеліктері мен тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптейтін арнайы бейнероликтің көрсетілімімен басталды. Ресми бөлімде алғашқы құттықтау сөз Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевқа беріліп, ол өңірде туризм саласын дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және Алакөл жағалауын халықаралық деңгейдегі туристік бағыт ретінде дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты....
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.07.2026

Құрылтай туралы түсінік

Құрылтай – белгілі бір мәселені талқылау, маңызды шешімдер қабылдау және ортақ пікір қалыптастыру үшін өткізілетін кеңес немесе жиын. Қазақ халқының тарихында құрылтайлар ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерді шешуде ерекше рөл атқарған. Онда билер, батырлар, рубасылар мен ел ағалары бас қосып, мемлекет ісіне қатысты шешімдер қабылдаған. Қазіргі таңда құрылтай – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған пікір алмасу алаңы. Онда мемлекеттік басқару, экономика, білім, мәдениет, әлеуметтік саясат, заңнаманы жетілдіру сияқты түрлі бағыттар бойынша ұсыныстар қарастырылады. Құрылтайдың мақсаты – қоғамның әртүрлі өкілдерінің пікірін тыңдап, елдің дамуына ықпал ететін бастамаларды талқылау. Құрылтай – халық пен билік арасындағы диалогты нығайтуға, қоғамдық пікірді ескеруге және маңызды мәселелер бойынша ортақ шешімдер іздеуге мүмкіндік беретін кеңесу форматы болып саналады. Мақсат Караулов
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 26.07.2026

Comic Con Astana фестиваліне қандай әлемдік жұлдыздар келеді

Елордада 6-9 тамыз аралығында халықаралық Comic Con Astana фестивалі өтеді. Ауқымды іс-шараның хедлайнерлерінің бірі – британиялық әрі испандық актер Таз Скайлар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Актерге әлемдік танымалдық Netflix платформасындағы One Piece сериалында Санджи рөлін сомдағаннан кейін келді. Бұдан бөлек, Таз Скайлар режиссер Филип Барантинидің Boiling Point («Қайнау нүктесі») фильмі мен сериалында, Cleaner («Тазалаушы») экшн-триллерінде, The Kill Team («Өлім тобы») әскери драмасында және Agatha Raisin («Агата Рэйзин») детективтік-комедиялық сериалында ойнаған. Скайлар актерлікпен қатар сценарист, режиссер және продюсер ретінде де еңбек етеді. Сонымен бірге экстремалды спорт түрлерімен белсенді айналысады. Фестиваль аясында ол басты сахнада жанкүйерлерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап береді, сондай-ақ қолтаңба тарату және фотосессияларға қатысады. Comic Con Astana 2026 аясында Қазақстанғ...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.07.2026

Құрылтай: қоғамдық бастамаларды талқылаудың тиімді тетігі

Құрылтай – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға және түрлі сала өкілдерінің пікірін ортақ арнаға тоғыстыруға арналған маңызды алаң. Мұнда мемлекеттік органдар, сарапшылар, қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтар өз ұсыныстарын білдіріп, ел дамуына қатысты өзекті тақырыптарды талқылайды. Құрылтай отырыстарында көтерілген мәселелердің ауқымы кең. Олар әлеуметтік қолдау, білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, өңірлердің дамуы, экология, жастар саясаты және азаматтық қоғамды дамыту бағыттарын қамтиды. Әрбір ұсыныс сараланып, оны іске асырудың мүмкіндіктері қарастырылады. Қоғамдық диалогтың мұндай форматы азаматтардың пікірін ескеруге және түрлі көзқарастарды бір алаңда талқылауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтып, ортақ мәселелерді шешудің тиімді жолдарын іздеуге ықпал етеді. Құрылтай жұмысы ашықтық пен өзара сенім қағидаттарына негізделеді. Сондықтан оның қызметі туралы халықты тұрақты ақпараттандыру, тал...
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2026

Құрылтай – қоғам пікірін біріктіретін маңызды алаң

Құрылтай – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды мәселелерді талқылауға арналған кеңесші алаң. Онда қоғамның әртүрлі саласының өкілдері бас қосып, мемлекет пен халық үшін өзекті мәселелерді ортаға салады. Құрылтайда әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, жастарды қолдау, өңірлерді дамыту, заңнаманы жетілдіру және қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы ұсыныстар талқыланады. Жиында айтылған бастамалар сараланып, оларды іске асыру жолдары қарастырылады. Мұндай басқосулар азаматтардың пікірін ескеруге, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға және тиімді шешімдер қабылдауға ықпал етеді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Құрылтайдың басты мақсаты – елдің тұрақты дамуына бағытталған ұсыныстарды жинақтап, қоғамдық диалогты дамыту. Сондықтан құрылтай жұмысы туралы тұрғындарды ақпараттандыру және көтерілген бастамалардың орындалу барысын жариялап отыру маңызды. Ардагүл Әскербек
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2026

Жетісу облысында 35 мыңнан астам тұрғын волонтерлік бастамаларға атсалысты

Қазақстандағы волонтерлік қозғалыс тұрақты дамып, азаматтық қоғамды нығайтудың маңызды тетіктерінің біріне айналып келеді. Соңғы 6 жылда волонтерлік ұйымдардың саны мен белсенді еріктілер қатары 4 есеге жуық өсті. Жыл сайын 60 мыңнан астам ерікті Ұлттық волонтерлік желісінің қызметіне қатысады. Бүгінде волонтерлік саласын дамыту өңірлермен әріптестікті нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды дамытуға негізделген. Жетісу облысында волонтерлік қозғалысты дамыту және жастардың азаматтық белсенділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде өңірде 1100-ден астам волонтер тіркелген. Әлеуметтік, экологиялық, медициналық, қайырымдылық және білім беру бағыттарында 13 волонтерлік ұйым мен 18 бастамашыл топ белсенді қызмет атқаруда. Жыл басынан бері облыста 1144 волонтерлік іс-шара ұйымдастырылып, оған 35 мыңнан астам адам қатысты. Еріктілер қозғалысының дамуына «Lider.kz», «Kaz.Eco.Patrul» және ба...
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 24.07.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.