Жаңалықтар

Денсаулыққа «ИӘ», зиянды әдеттерге «ЖОҚ»!

Еңбек ауылында оқушыларға арналған профилактикалық акция өтті Жазғы демалыс – тынығу, жаңа әсерлер мен жарқын жаңалықтарға толы кезең. Алайда таңдау еркіндігімен қатар әр адамның өз іс-әрекетіне деген жауапкершілігі де арта түседі. Осыған байланысты 18 маусым күні Еңбек ауылындағы №22 орта мектепте «Салауатты таңдау – алкогольсіз салауатты өмір» тақырыбында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, оған оқушылар, педагогтер және жастарды қолдау мен профилактика саласында қызмет атқаратын мамандар қатысты. Кездесуге №22 орта мектептің оқушылары мен мұғалімдері, сондай-ақ №10 және №29 мектептердің оқушылары қатысты. Іс-шараны «ҚОС ҚАНАТ ЖЕТІСУ» қоғамдық бірлестігі Талдықорған қаласының Ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша ұйымдастырды. Кездесудің басты ерекшелігі оның интерактивті форматта өтуі болды. Дәстүрлі түсіндіру жұмыстарының орнына мамандар оқушылармен ашық диалог құрып, қызықты тапсырмалар мен тәжірибелік жаттығулар өткізді. Бұл жастарға...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.07.2026

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ПРАКТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ БОЛАДЫ – САРАПШЫЛАР ПІКІРІ

Бүгін Астанада«Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация»атты сараптамалық талқылау алаңы өтті. Құқықтанушы ғалымдарды, саясаттанушыларды, әлеуметтанушыларды, экономистерді, еліміздің жетекші сараптамалық орталықтарының және мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктірген сараптамалық алаңды ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Қоғамдық саясат институты ұйымдастырды. Сараптамалық алаңға қатысушылар алдағы Құрылтай сайлауының конституциялық негіздерін, жаңа саяси модельдің жұмыс істеу ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын іске асырудағы саяси партиялар мен қоғамдық бақылаудың рөлін талқылады. Құрылтай сайлауының конституциялық және құқықтық негіздеріне арналған бірінші сессияны саясаттанушыҒазиз Әбішевжүргізді. Пікірталас барысында қатысушылар жаңа өкілді органды қалыптастырудың конституциялық негіздерін, сайлауды өткізудің құқықтық кепілдіктерін, қоғамдық бақыла...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.07.2026

Биыл Жетісу облысында ветеринариялық пункттерге деген қажеттілік толық қамтамасыз етіледі

Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде 66 жаңа ветеринариялық пункт пен 1 ветеринариялық станция пайдалануға берілді. Ал биыл тағы 16 ветеринариялық пункт пен 4 ветеринариялық станцияны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл өңірдің ветеринариялық пункттерге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Биыл Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан және Панфилов аудандарында мал ұстайтын қоршауларымен бірге 16 ветеринариялық пункт және 4 ветеринариялық станция орнатылады. Осылайша өңірдің ветеринариялық пункттерге деген қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ облыс құрылғаннан бері ветеринариялық мекемелерге 83 жаңа автокөлік берілді, бұл ветеринариялық қызметтердің мобильділігі мен жұмыс тиімділігін едәуір арттырды, – деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаев. Сонымен қатар өңірдің ветеринариялық қызметтерінің материалдық-техникалық базасын жақсар...
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.07.2026

Жетісудың Алакөл көлінде демалушылар жағалауда жасалған қолайлы жағдайларға оң баға беруде

Жетісу облысы құрылғаннан бері туризмді, соның ішінде Алакөл көлінің жағалауын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес жағалаудағы санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Ақши, Көктұма ауылдарындағы көл жағалауларының тазалық жұмыстарымен тұрақты айналысатын арнайы «Алакөл Тазалық» коммуналдық кәсіпорны құрылған, онда 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Тазалық жұмыстарына 20-дан астам техника жұмылдырылған. Бұл ретте коммуналдық жағажайға 720 қоқыс контейнері қойылған. Сол сияқты 44 киім ауыстыратын кабина, 24 модульдік дәретхана, 45 биодәретхана орнатылған. Қайықтар мен паромдарға қатысты айтсақ, өткен жылы Алакөлдегі шағын жүзу құралдарының қозғалысын реттеу мақсатында Жетісу облысында ортақ су пайдалану және су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары бекітілді. Аталған қағидаларда су айдындарындағы қауіпсіздік талаптары жан-жақ...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.07.2026

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағында көзделген қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу және оның нәтижелерін жариялау тәртібіне ерекше назарларыңызды аудартамыз.

Нақты айтқанда, осы заң нормасына сай бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде, сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi. Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі барзаңды тұлғаларжәне бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы. Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, он...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.07.2026

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

1992 жылғы 8 шілдеде Қарулы Күштер Бас штабының Әскери-медициналық басқармасы құрылды. Бұл күн тәуелсіз Қазақстанның әскери медицина жүйесінің қалыптасуы мен дамуының бастауына айналды. Бүгінде әскери-медициналық қызмет мамандары әскерлердің жауынгерлік даярлығын, оқу-жаттығуларды, жұмылдыру жиындарын және Қарулы Күштердің басқа да іс-шараларын медициналық қамтамасыз етеді, сондай-ақ елімізден тыс жерлерде де өз міндеттерін абыроймен атқаруда. Қазақстандық бітімгерлік контингент құрамында Голан жоталарында әскери дәрігерлер әскери қызметшілерге, қажет болған жағдайда жергілікті тұрғындарға да медициналық көмек көрсетіп келеді. Бүгінде әскери медицина жыл санап дамып келеді. Оның құрамына сегіз әскери госпиталь, төрт лазарет, Орталық әскери-дәрігерлік комиссия, санитариялық-эпидемиологиялық бөлімшелер және медициналық білім беру ұйымдары кіреді. Әскери медицина инфрақұрылымын жандандыруға да бүгінгі күні баса мән берілген. 2024 жылы Ақмола облысының Щучинск қаласында Қорғаныс министр...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.07.2026

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ: БІРҚАТАР ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛА АЛАДЫ

Конституциялық сот Мемлекет басшысының қызметін бұрынғы қолданыста болған Ата заң бойынша атқарып келе жатқан Президент, Конституциялық сот төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы және Бас прокурордың осы қызметтерге жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай сайлану не лауазымға тағайындалуын ресми түсіндіру туралы өтінішіне жауап берді. Мемлекет басшысы Конституциялық сотқа жолдаған өтінішінде: «лауазымын 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес атқарып келе жатқан адамдар 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабы 1-тармағында, 72-бабы 2 және 3-тармақтарында, 83-бабы 1-тармағында, 84-бабы 3-тармағында көрсетілген қызметке сайлана ала ма не лауазымға тағайындала ала ма?» деген сұрақ қойған. Конституциялық сот аталған конституциялық нормалардың мазмұнынан оларда белгіленген шектеулер адамның тиісті қызметке алдыңғы сайлану нелауазымға алдыңғы тағайындалу фактісімен қолданыстағы Конституцияда және соған сәйкес қаб...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.07.2026

Ұлттық домбыра күні: Жетісуда домбырашылар әлемнің 10 елінің музыканттарымен тікелей эфирде бірге «Алқиса» күйін бір мезетте орындады

Ұлттық домбыра күніне орай Жетісу облысында Мұқан Төлебаев атындағы оркестрдің музыканттары тікелей эфирде әлемнің 10 елі мен республикаларынан домбырашыларымен бірге Нұрғиса Тілендиевтің «Алқиса» күйін бір мезетте орындады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекелік шара Талдықорған қаласында өтті. Тікелей эфир арқылы оған Қытай, АҚШ, Түркия, Бельгия, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Башқұртстан және Алтай өлкесінен домбырашылар қатысып, осылайша қазақтың күй өнерінің шеберлері мен жанашырларын бір арнаға тоғыстырды. Көрерменге ерекше әсер қалдырған театрландырылған пролог барысында ақсақалдың домбыраны алдымен жас буынға, кейін бүлдіршінге символдық түрде табыстауы ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық мұраның мәңгілік өміршеңдігін көркем бейнеледі. Жас өнерпаз орындаған алғашқы күйді Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі жалғастырып, концерттік бағдарламаның шымылдығын ашты. Мерекелік концерт аясында халық аспап...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.07.2026

Жетісуда «Талдықорған – Үшарал» газ құбырының толық жүктемесін қамту үшін 84 елді мекенді газдандырудың жобалары әзірленді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында салынған «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының толық жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында жеке инвестициялар есебінен Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарындағы 84 елді мекенді газдандыру бойынша 6 жоба әзірленді. Жобаларды іске асыру 2026-2028 жылдарға жоспарланған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, табиғи газды тұтынудың қарқынды өсуі жағдайында «Алматы – Талдықорған» магистралды газ құбырының өткізу қабілетін арттыру аса маңызды мәселе болып отыр. Осы мәселені шешу үшін жеке инвестициялар есебінен «Алматы – Талдықорған» магистралды газ құбырының лупингін салудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы келесі жылға жоспарланған «Бүгінгі күні облысты газдандыру деңгейі 67,2%. 110 ел...
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.07.2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Республикалық референдумда қабылданған Ата Заң адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, мемлекеттік басқаруды жетілдіруді және әлеуметтік мемлекеттің қағидаттарын одан әрі нығайтуды көздейді. Конституцияға сәйкес адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы болып табылады. Осыған орай азаматтардың денсаулығын сақтау, сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып қала береді. Жаңа Конституцияда мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін дамытуға ерекше назар аударылған. Бұл өзгерістер денсаулық сақтау саласының да сапалы дамуына, медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға оң ықпал етеді. Мемлекет денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша к...
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.07.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.