Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін өңірде бағдарлама аясында 121 мың көшет отырғызу жоспарланған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы, 2026 жылдың басынан бері өңірде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 167 іс-шара өткізіліп, оған 86 мың адам қатысты. Нәтижесінде 58 мың көшет отырғызылып, 5 мың тонна қоқыс шығарылды. Бұдан бөлек, биыл аумақтарды абаттандыру үшін қажетті қаражат қарастырылған. Нәтижесінде 41 аула, 16 саябақ, 3 аллея, 1 сквер, 1 орталық алаң, 41 балалар және спорт алаңын қамтитын 20 қоғамдық орын абаттандырылады. Сондай-ақ 96 үйдің шатыры мен 86 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін жөндеу, 15,1 км арық желілерін салу және ұзындығы 304 км болатын көшенің жарықтандыру орнату жоспарланып отыр. Сонымен қатар облыстың жалпы білім беретін ұйымдарында 2024-2026 жылдарға арналған экологиялық білім беру ж...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.07.2026

Сарөзектегі су мәселесі: Ауыл елдің алғысы шексіз

Сарыөзек тұрғындарының көп жылдан бергі арманы орындалып, халық жаңа су жүйесіне қосыуда. Бұрын сағаттап қана берілетін, кейде тәулік бойы жоғалып кететін су енді үздіксіз аға бастады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Жаңа жүйеге алғашқылардың бірі болып қосылған Айгүл Жұмабекқызы. Судың азабын аз тартқан жоқпыз. Флягамен су тасыған кездеріміз болды. Кейде су сағаттап, кейде мүлдем келмей қалатын. Маусым айында біздің көшедегі алты үй жаңа жүйеге қосылдық. Мен қосылуға 15000 теңге төледім. Қазір су күндіз де, түнде де тоқтаусыз ағып тұр. Көршілеріміз де біртіндеп қосылып жатыр, – дейді ауыл тұрғыны. Осындай пікірді Мәдибекұлы көшесінің тұрғыны Виктория Семенова да айтты. Бұрын суды аз пайдалансақ та, көп пайдалансақ та бәріміз бірдей төлейтінбіз. Енді әр үйге жеке есептегіш қойылып жатыр. Әркім нақты тұтынған суына ғана ақы төлейді. Бұл әрі әділ, әрі тиімді, – дейді ол. Шын мәнінде, жаңа жүйенің басты артықшылығы – судың тұрақт...
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.07.2026

Ұлттық домбыра күні: Жетiсу облысында жас домбырашылар байқауы өтті

Жетісу облысында түрлі этнос жастарының қатысуымен «Үздік жас домбырашы» облыстық байқауы өтті. Жалпы, өңірдің аудан-қалаларында Ұлттық домбыра күніне арналған 50-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Соның ішінде шығармашылық байқаулар, көрмелер, әдеби-музыкалық кештер, танымдық және тәрбиелік сынып сағаттары, челленджер, флешмобтар, мерекелік концерттер бар, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорғанда өткен домбырашылар байқауын «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Байқаудың негізгі мақсаты – түрлі этнос өкілдері арасында қазақтың ұлттық мәдениеті мен дәстүрлі музыка өнерін насихаттау, өңірдің мәдени имиджін арттыруға ықпал ету, домбырада шебер орындайтын дарынды жас орындаушыларды анықтап, олардың шығармашылық әлеуетін қолдау. Байқау барысында қатысушылар халық күйлері мен қазақтың дәстүрлі музыка өнерінің туындыларын орындап, өз өнерлерін паш етті. Байқауға қатысушы Ершат Байқаданұлы: – Мен Қаратал ау...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.07.2026

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

Бүгін «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының конференциясы өтіп, оның барысында филиалдың басшысы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды. Конференцияның күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сондай-ақ, қатысушылар партияның облыстық филиалының басшылық органдарын қалыптастыру мәселесін қарастырды. Ашық дауыс беру нәтижесінде партияның облыстық филиалының басшысы болып Есбай Амангелді Ғабдылкәрімұлы сайланды. Ол мемлекеттік және қоғамдық-саяси салада көп жылдық тәжірибесі бар. Жаңа басшы өз қызметінде филиалдың жұмысын үйлестіріп, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды, азаматтармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Саяси кеңес құрамына шағын және орта бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, өнеркәсіп, үкіметтік емес ұйымдар жән...
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.07.2026

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен Бейжің қаласындағы Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және AI-кино мен телевидение саласындағы ҚазақстанҚытай инновациялық алмасу форумы өтті. Іс-шара екі елдің жетекші технологиялық компанияларының, киностудияларының, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының, инвесторларының, AI-әзірлеушілерінің және киноиндустрия өкілдерін басын қосты. Форум аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – Astana AI Film Festival қоры мен Beijing Zhongguancun Tongli Technology Service Co., Ltd. компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Құжат AI-кино, AIGC технологиялары, ғылыми-фантастикалық контент, инвестициялар және халықаралық дистрибуция бағыттарындағы бірлескен жобаларды дамытуды көздейді. Келісімге сәйкес қытайлық компания Қытай Халық Республикасындағы Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесі болады. «Қытай – жаһандық AI-к...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.07.2026

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

Бүгін «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының конференциясы өтіп, онда өңірлік филиалдың басшылық органдары қалыптастырылды. Конференция барысында облыстық филиалдың төрағасы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Конференцияның күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сонымен қатар қатысушылар партияның облыстық филиалының басшылық органдарын қалыптастыру мәселесін қарастырды. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы болып Есбай Амангелді Ғабдылкәрімұлы сайланды. Ол мемлекеттік және қоғамдық-саяси салада көп жылдық тәжірибесі бар маман. Жаңа төраға филиал жұмысын үйлестіруге, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ азаматтармен тиімді өз...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.07.2026

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Сарыөзектегі су мәселесін шешу бағытында қолға алынған жұмыс жанданды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Қазіргі таңда бірінші кезең бойынша орталық аурухана мен теміржол маңындағы аумақ жаңа су жүйесіне қосылып жатыр. Бұл кезеңде мыңға жуық абонент қамтылады. Жұмыс мұнымен тоқтамайды. 15 шілдеден бастап екінші кезеңде ауылдың тағы бір бөлігі қамтылып, 41 шақырым жаңа су желісі арқылы 30-ға жуық көшедегі мыңнан астам абонент қосылады. Ал тамыз айының басында басталатын үшінші кезең аяқталған соң Сарыөзектің батыс бөлігінің тұрғындары да тәулік бойы үздіксіз берілетін ауыз суға қол жеткізеді. Барлық кезең аяқталған соң 2500-ден астам абонент жаңа су желісіне қосылады. Кербұлақ ауданы әкімі Жанат Жүнісбековтің айтуынша, жаңа жүйеге көшу кезең-кезеңімен жүргізілуде. Мұндағы басты мақсат – тұрғындарды сусыз қалдырмай, ауыз суды үздіксіз беру. Мердігерлер әлеуметтік жағынан қорғалуы тиіс 8 отбасыға су жүйесі тегін қосып беріпті. Аудан басшылығы халықты жаңа...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.07.2026

Жетісуда жаңа Конституцияға арналған конференцияда қатысушыларға Ата Заңның арнайы басылымы табысталды

1 шілде күні Талдықорған қаласында еліміздің жаңа Ата Заңының күшіне енуіне орай «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі» атты ауқымды конференция өтті. Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, ғылым және білім саласының өкілдері, заңгерлер, азаматтық сектор белсенділері мен жастар қатысып, Конституцияның саяси және құқықтық реформалардың берік іргетасы ретіндегі маңызын талқылады. Іс-шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов модераторлық етті. Конференцияны ашып, қатысушыларды ел өміріндегі маңызды мерекемен құттықтаған ол жаңартылған Конституцияның күшіне енуі әрбір азамат үшін айрықша мәнге ие тарихи оқиға екенін атап өтті. Диас Есдәулетовтің айтуынша, жаңа Конституция қоғамның әділеттілікке, ашықтыққа және тең мүмкіндіктерге деген сұранысын айқын көрсетеді. Оның негізінде заңның үстемдігі, адам құқықтарын құрметтеу, биліктің жауапкершілігі, ұрпақтар сабақтастығы және қоғам бірлігі сияқты мемлекет пен халық үшін аса маңызды қағидаттар...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.07.2026

Талдықорған қаласында «Жаңа Конституция — жаңа дәуір, жаңа мүмкіндіктер» атты іс-шара өтті

Қазақстанда Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай Талдықорған қаласының орталық Арбатында «ӘDILET» партиясы жастарының ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция — жаңа дәуір, жаңа мүмкіндіктер» атты қоғамдық-патриоттық акция ұйымдастырылды. Мақсаты – қоғамда конституциялық реформалардың мәні мен маңызын кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң үстемдігі қағидатын дәріптеу және ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болды. Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы тілек баннері орнатылды. Әрбір азамат баннерге өз қолымен жүрекжарды тілегін, Жаңа Конституцияға қатысты ой-пікірін және Қазақстанның жарқын болашағына арналған ізгі лебізін жазуға мүмкіндік алды. Баннерге жазылған әрбір сөз – халықтың елдің ертеңіне деген сенімі мен Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ортақ мақсатқа қосқан рухани үлесі іспетті болды. Сонымен қатар, жастар тұрғындармен еркін пікір алмасып, Консти...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.07.2026

КӨКСУ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 22 маусымда Көксу ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі, комиссия төрағасы Дәулет Кенжеханұлы Халелов жетекшілік етті. Отырысқа комиссия мүшелері қатысып, күн тәртібіне енгізілген екі өзекті мәселе жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, комиссияның 2026 жылғы бірінші тоқсандағы отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралып, жауапты мекемелердің атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар енгізді. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Комиссия отырысында мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, заңдылық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын ал...
Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.07.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.