Жаңалықтар
Жетісудағы Басши ауылы елдің үздік туристік ауылдарының қатарына енді |
| Жоба тұрақты және экологиялық туризмді дамытуға, сондай-ақ табиғи, тарихи және мәдени мұрасы бай ауылдық аумақтарды насихаттауға бағытталған, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 2026 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік туристік ауыл» ұлттық байқауының жеңімпаздары ретінде төмендегі елді мекендер танылды: Басши ауылы (Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы); Торайғыр ауылы (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы); Берел ауылы (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы); Коробиха ауылы (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы); Имантау ауылы (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы). Айта кетейік, өткен жылы аталған байқауда Лепсі (Жетісу облысы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы), Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы), Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы) және Шабанбай би (Қарағанды облысы) ауылдары жеңімпаз атанған болатын. Байқау ауылдық туризмді дамытуға, өңірлердің туристік әлеуетін арттыруға және жергілікті мәдени мұраны кеңінен танытуға бағы... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
Тіл тазалығы – журналист беделі |
| Облыстың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшыларына арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Үш бағыт бойынша өткен тағылымды жиынның алғашқы бөлімі Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өтті. «Журналистика сауаты» тақырыбындағы дәрісті Ұлттық аударма бюросының аудармашысы, филолог Назгүл Қожабек онлайн форматта жүргізді. Маман қазіргі ақпарат кеңістігінде жиі кездесетін тілдік кемшіліктерге тоқталып, журналистің кәсіби жауапкершілігіне қатысты маңызды мәселелерді көтерді. Спикердің айтуынша, бүгінгі медиакеңістікте грамматикалық және стилистикалық олқылықтар азаймай тұр. Кей жағдайда деректерді нақтылау мен тексеруге үстірт қарау, оқырман назарын аударуға ұмтылып, әсірелеуге жол беру секілді үрдістер де байқалады. Ал ақпараттың шынайылығы мен сөздің дәлдігі – журналист мамандығының басты ұстанымы. Семинар барысында филолог қазақ тілінде жиі ұшырасатын калька тіркестерге арнайы тоқталды. Оның сөзінше, көпшілік қолда... |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
Жетісу облысы: Алакөл жағалауында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған лагерь жазғы маусымын бастады |
| Жетісу облысының Ақши ауылында «Жансая» сауықтыру лагері жазғы маусымын бастады. Алакөл көлінің жағалауында орналасқан бұл лагерьде ерекше қажеттілігі бар балалар толыққанды демалумен қатар қолайлы жағдайда кешенді оңалтудан өтуге мүмкіндік береді. Жалпы, өңірде қала сыртындағы 9 сауықтыру лагері болса, бүгінгі күнге соның 8-і өз жұмысын бастады. Оларда 2500 бала демалуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл жазғы лагерь «Оңалту бөлімі бар «Жансая» күдізгі болу орталығы» КММ базасында жұмыс істейді. Аумағы 26 сотық жерде жалпы аумағы 415 шаршы метрден асатын үш заманауи жайлы ғимарат бар. Лагерь бір мезгілде 32 адамды қабылдай алады. Жазғы маусымдағы тоғыз ауысымда 288 адамды сауықтыру жопарланып отыр, яғни оның 144-і балалар және 144-і олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері. – Бұл мекеменің негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, оларды әлеуметтендіру және шығармашылық әлеуетін дамыту. Маманда... |
| Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
Ел мүддесін ту еткендер |
| 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық әкімдікте салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілердің еңбегі еленіп, үздіктер марапатталды. Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Бейбіт Исабаев мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі айрықша маңызына тоқталды. – Облыс құрылғаннан бері өздеріңізбен бірге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеміз, – деген өңір басшысы соңғы төрт жылда қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды. Расында, Жетісу облысы құрылған уақыттан бері өңір экономикасында оң серпін қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2,5 триллион теңгеге жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өсті. Экономикаға 611 миллиард теңге инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстарының көлемі 10 пайызға артты. Өткен жылы 413 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыстағы инфрақұрылымдық жобалардың да ауқымы... |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
Жетісу полицейлері мерейленді |
| Халық пен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін құқықтық орган қызметкерлерінің төл мерекесі Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде салтанатты түрде аталып өтті. Жылдағы дәстүр бойынша қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі биыл да өз жалғасын тапты. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын қатаң ұстанған полиция қызметкерлерін, аймақтағы ішкі істер органдары ардагерлерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы құттықтады. Аймақ басшысы полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосқан өлшеусіз үлестерін тілге тиек етті. – «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлының аталы сөзі әрбіріңіздің төлқұжатыңыз болуы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы елдегі түбегейлі реформалардың негізі болып отыр. Оны жүзеге асыру құқық қорғ... |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
Жетісу облысына – 4 жыл: 8 жедел басқару орталығы құрылып, полиция қызметі үшін 289 бірлік қызметтік автокөлік сатып алынды |
| Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев полиция қызметкерлері мен өңірдегі ішкі істер органдары ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде олардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосып отырған маңызды үлесін атап өтті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекелік іс-шара дәстүр бойынша қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Мұнан соң Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында салтанатты жиын ұйымдастырылып, онда облыс әкімі құттықтау сөз сөйледі. - Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы елдегі түбегейлі реформалардың негізі болып отыр. Оны жүзеге асыру құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның міндеті. Әділетті қоғам құрып, заң үстемдігін нығайту жолында әрбір полиция қызметкері өз міндетін адал атқаруы тиіс. Біз өз тарапымызд... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
Бейбіт Исабаев: «Кадр ауысымдылығы небәрі 3%, яғни республика көлемінде Жетісуда кадр тұрақтылығы жоғары деңгейде сақталып отыр |
| Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыс әкімі Бейбіт Исабаев бірнеше қызметкерді марапаттады. Сол сияқты жас мамандар салтанатты түрде ант берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаған өңір басшысы: - Мемлекеттік қызметте қай кезде де адалдық пен біліктілік – мансаптық ілгерілеуге жол ашатын негізгі алғышарт. Сондықтан ең бастысы, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамашылдығымен енгізілген «Заң мен тәртіп», «Адал азамат – Адал еңбек - Адал табыс», «Таза Қазақстан» тұжырымдары мемлекеттік қызметшілердің басты ұстанымы болуы тиіс. Өңірде меритократия қағидаты 70% шамасында, кадрлардың ауысымдылығы небәрі 3%-ды құрайды, яғни республика көлемінде Жетісу облысында кадр тұрақтылығы жоғары деңгейде сақталып отыр. Облысты дамыту жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін бәріңізге ризашылығымды білдіремін, – деді Б. Исабаев. Осы салтанатты жиында мемлекетт... |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
Жетісуда «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА аумағында индустриалды парк құрылады |
| облысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында төмен биіктіктегі экономиканы дамытуға, озық технологияларды енгізуге және зияткерлік өндірісті өркендетуге бағытталған индустриялық парк құрылады. Осыған байланысты Жетісу облысының әкімдігі мен инвестор компания арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Құжатқа Polyking Newhorizons Technology Industry Co., Ltd. компаниясының бас директоры Ли Канчао және Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов қол қойды. Меморандум аясында тараптар аумағы 1 мың гектар болатын заманауи индустриялық парк құру бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті. Жобада табиғи газды негізгі шикізат ретінде пайдаланатын интеграцияланған энергетикалық станцияның құрылысы қарастырылған. Бұл станция бір мезгілде электр энергиясын өндіріп, жылумен қамтамасыз етіп, сұйытылған табиғи газ шығарады. Жобалық қуаты – тәулігіне 2 млн текше метрге дейін табиғи газ тұтынады.... |
| Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.06.2026 |
Бейбіт Исабаев ҚХР-ның Алматы қаласындағы Бас консулымен кездесті |
| Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев биылғы жылдың наурыз айында қызметіне кіріскен Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы жаңа Бас консулы Су Фанцюмен кездесті. Тараптар экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың келешегі туралы талқылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Дипломатты жаңа қызметімен құттықтаған өңір басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара құрметке, сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Жетісу облысы – республика бойынша Қытаймен шекарада 5 бақылау-өткізу бекеті бар жалғыз өңір. Оның ішінде 2 теміржол, 2 автомобиль және 1 туристік өткізу пункті бар. Сонымен қатар екі ел арасындағы ортақ шекараның облыс аумағындағы ұзындығы 563 шақырым. Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы жан-жақты айтып берді, атап айтқанда, аграрлық сектор, аймақтың көлік-логистикалық әлеуеті,... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.06.2026 |
ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА «ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ» ӨТТІ. |
| «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы мен «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әкелер форумы» өтті. Форумға Талдықорған қаласы мектептерінің оқушыларының әкелері мен арнайы шақырылған спикерлер қатысып, отбасы құндылықтарын нығайту, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі және ұрпақ сабақтастығы мәселелерін талқылады. Іс-шараны «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын ашып, форумның маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде отбасы институтын нығайту, әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өнегелі әкелердің өмірлік тәжірибесін кейінгі буынға насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қоғамдағы әке мәртебесін көтеру – саналы, тәрбиелі және отансүйгіш ұрпақ қалыптастырудың басты кепілі екенін жеткізді. Форумның басты мақсаты – ұлт тәрбиесінің алтын арқауы, отбасының берік т... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.06.2026 |
