Жаңалықтар
Жетісуда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Green Start Up — тазалық өзіңнен басталады» атты іс-шара өткізілді |
| «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар мен қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және тазалық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Green Start Up — тазалық өзіңнен басталады» атты интерактивті іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – әрбір азаматтың туған өлкесінің тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаны қорғауға жеке үлес қоса алатынын көрсету, сондай-ақ экологиялық бастамаларды қолдау арқылы қоғамда ортақ жауапкершілік қағидатын нығайту болды. Шара аясында қатысушыларға арналған екі арнайы интерактивті баннер ұсынылды. Бірінші баннер «Тазалық өзіңнен басталады» қағидатына негізделді. Баннерде қоршаған ортаны ластаушы қоқыс бейнелері орналастырылып, қатысушылар қоқыс суреттерін алма бейнесіндегі арнайы элементтермен алмастырып, баннерге жапсырды. Алма тазалықтың, табиғаттың және жасампаздықтың символы ретінде ұсынылды. Осы арқылы әрбір қатысушы қор... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.06.2026 |
Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді |
| Қасым-Жомарт Тоқаев: – Президент мырза, Қазақстанға ресми сапармен келгеніңізге өте қуаныштымын. Черногория мемлекеті басшысының алғашқы тарихи сапарына ерекше мән беріп отырмыз. Сондай-ақ мұны еліміз үшін өте маңызды уақиға ретінде қарастырамыз. Келіссөздеріміздің нәтижесі екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беретініне сенімім кәміл. Черногорияны халқымыз жақсы біледі. Көптеген азаматымыз жыл сайын Сіздің елде демалып, жақсы әсермен оралады. Орайлы сәтті пайдалана отырып, еліңіздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Осы жылдарда біз жақсы қарым-қатынас орнаттық. Өзара ынтымақтастығымыздың мазмұнын байыта түсу керек деп ойлаймын. Оған ешқандай кедергі жоқ. Сіздің іскерлік делегацияңыздың құрамы өте салмақты. Бұл экономикалық және іскерлік байланыстардың ауқымын арттыра түсуге ниетті екеніңізді көрсетеді. Яков Милатович: – Құрметті Президент! Ең алдымен Қазақстанға шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Өзіңіз атап өткендей, бұл – Черногория Президен... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.06.2026 |
Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты |
| 2026 жылдың 16 маусымында Emirates SkyCargo ( Emirates әуе компаниясының еншілес ұйымы ) жүк тасымалы Дубай – Алматы бағыты бойынша Boeing 777F ұшағымен алғашқы рейсін орындады. Алматы халықаралық әуежайы алғашқы жүк рейсін авиациядағы дәстүрлі су доғасымен қарсы алды. Қызметкерлер экипаж мүшелерін салтанатты түрде күтіп алып, тұсаукесер рәсімін өткізді. Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша апталық жүк рейстері әр сейсенбі күні орындалады. Әуе компания аптасына 100 тоннадан астам жүк тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл Алматы мен халықаралық нарықта электроника, тез бұзылатын өнімдер, өнеркәсіптік жабдықтар және басқа да тұтыну тауарларын қоса алғанда, әртүрлі жүк түрлерін тиімді әрі үздіксіз тасымалдауға мүмкіндік береді. Алматы халықаралық әуежайы Emirates SkyCargo компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы бағытына айналды.Жаңа жүк бағытының іске қосылуы Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, Орталық Азия, Таяу Шығыс жән... |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.06.2026 |
Соңғы екі жылда Жетісу облысына жұмыс істеуге 153 дәрігер маман келді |
| Жетісу облысына соңғы екі жылда жұмыс істеуге 153 дәрігер маман келген. Бұл облыс әкімінің бастамасымен дәрігер тапшылығын жою мақсатында дәрігерлерді қолдау шаралардың арқасында мүмкін болды. Олардың 57-сі ауылдық жерлерде, 96-сы қалада жұмыс істейді. Олардың әрқайсына бір реттік көтерме ақы төленіп, 47 медицина маманына қызметтік пәтер берілді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен өткен Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының фойесінде өңір басшысы алдымен облысқа келген жас мамандармен тілдесті. «Сіздердің жұмыстарыңыз оңай емес, дегенмен білімді, білікті маман қай кезде де өз ісін жауапкершілікпен атқарады. Балалардың, аналардың, жалпы халықтың денсаулығы сіздердің сапалы қызметтеріңізге байланысты. Сондықтан жақсылап жұмыс істеңіздер. Біз өз тарапымыздан денсаулық сақтау саласына қолдау көрсетуді жалғастырамыз&r... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.06.2026 |
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді |
| Дәрігер – сырқат жанның дертіне дауа, еміне шипа іздеп шарқ ұрып, азаматтардың саулығы үшін аянбай тер төгетін, ажалмен бетпе-бет келетін аяулы жан. Осындай ардақты мамандықты иеленген жандарға қандай мақтау, мадақтау айтсақ та артық болмас. Өңірдегі барлық ақ халатты абзал жанның құрметіне арналған салтанатты жиынға облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ қатысып, денсаулық сақтау қызметкерлері мен ардагерлерін жылына бір рет келетін төл мерекесімен құттықтады. Облыс халқының денсаулығын нығайтуға үлкен үлес қосып жүрген дәрігер қауымына ыстық лебізін білдірген облыс әкіміМемлекет басшысының денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлетіндігін айта келіп, бұл бағытта атқарылып жатқан ілкімді істерді тілге тиек етті. – Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан аймақтаденсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Облыс құрылғалы 149 жаңа медициналық нысан сал... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.06.2026 |
ҚАРТЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ |
| Қайырымдылық акция Қоғамда аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалап, жастарға өнеге ету мақсатында Көксу ауданында «Қартым – асыл қазынам» акциясы аясында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері мен Көксу жастары белсенді қатысып, игі істің ұйытқысы болды. Акция барысында жастар Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға, Ирак еліндегі қақтығыстарға, Зайсан өңіріндегі жер сілкінісінің салдарын қалпына келтіру жұмыстарына, сондай-ақ Арыс пен Тараз қалаларында орын алған төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысып, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарған ардагер Бақытжан Шәкірұлы Бақтыбаевтың әкесінің үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында аула аумағы тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартылып, арамшөптер жұлынып, аумақ ретке келтірілді. Сонымен қатар, қоршаулар сырланып, үй маңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жастар өз... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2026 |
КӨКСУ АУДАНЫНДА 15 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ |
| Көксу ауданында тұрғындарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Аудан тұрғындары үшін ерекше маңызға ие қуанышты оқиға орын алып, тұрғын үй кезегінде тұрған 15 отбасы жаңа баспананың кілтіне ие болды. Жаңа тұрғын үйлердің кілттерін табыстау рәсіміне Көксу ауданының әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов қатысып, қоныс иелерін айтулы қуаныштарымен құттықтады. Сондай-ақ салтанатты шараға «Отбасы банк» АҚ Жетісу облыстық филиалының директоры Жасұлан Мұратұлы қатысып, тұрғындарға ізгі тілегін білдірді. Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімі тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, аудан көлемінде тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік мәселелерін шешу және қолжетімді тұрғын үймен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. – Баспана – әрбір отбасының бақыты мен берекесінің бастауы. Бүгінгі қу... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2026 |
Жетісудағы Алакөл жағалауында тәулігіне 6,5 мың текше метр су тазарта алатын кәріз тазарту қондырғысы салынып жатыр |
| Жетісудағы Алакөл көлінің жағалауында кәріз тазарту құрылысының ІІ кезегі іске асырылуда. Бұл жобалық қуаты жағынан еліміздегі ірі жобалардың бірі деуге болады. Қондырғы тәулігіне 6,5 мың шаршы метр су тазартуға қабілетті болмақ, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы, кәріз жүйесін салу жұмыстары 2022 жылы басталған. Атап өтсек, бұл нысан болашақта кәріз суын тазалаудан өткізіп, техникалық су ретінде қайта пайдалануға ұсынатын болады. Осындай ауқымды қуаттылықтағы нысан болашақта курорттық аймақтардың өсу мүмкіндігін ескере отырып салынуда. Мердігер ұйымның техникалық директоры Бақтияр Сарыбаевтың айтуынша, құрылыстың бірінші кезеңінде ауылішілік желілер жүргізілген болатын. Екінші кезеңінде кәріз тазарту қондырғысы салынып жатыр. - Құрылыс жұмыс кестесіне сай жүріп жатыр. Қаржы жеткілікті, материалымыз түгел. Мұнда 45 адам, 10 техника тартылған. Бүгінгі күнде зертхана ғимаратынының сыртқы қасбеті мен ішкі бөлу жұмыстары жүргізілуде. Қазір нысанды қор... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2026 |
J-league. Кәсіби спортқа бастар жол |
| Жасөспірімдердің кәсіби спортшы болып қалыптасуына мол мүмкіндік сыйлап, олардың болашағына әсер ететін «J-league» жобасы биыл 2-ші рет ұйымдастырылуда. Талдықорғандағы Орталық алаңда ресми ашылу рәсімі сән салтанатпен өтті. Биыл 3 спорт түріне (волейбол, баскетбол, футбол) 551 команда (5510 бала) тіркелді. Мамырда басталған жобаның аудан қалалық іріктеуінен өткендер облыс орталығында 17-20 маусым аралығында биылғы жеңімпазды анықтайды. Ақтық кезеңде волейболдан 10, баскетболдан 10 команда және футболдан 30 команда сынға түседі. Биылғы жүлде қоры да қомақты. Үздік ойыншылар арнайы номинациялармен, грамотамен марапатталса, үздік үштікке енген командаларға диплом мен медальдан бөлек, ақшалай сертификат табысталады. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов: – «J-league» – Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес қолға алған айтулы жобамыз. Жарыс қорытындысы бойынша үздік атанғ... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2026 |
Балқаш пен Алакөл – Жетісудың жауһары |
| Жетісу облысы – туристік әлеуеті зор аймақ. Соңғы жылдары аймақта туризм саласын дамытуға көп көңіл бөлінуде. Әсіресе Сарқан ауданында тау туризмі мен Балқаш көлінің жағалауын дамытуға мүмкіндік бар. Оның ішінде Балқаш көлі – облыстың туристік әлеуетін танытатын нысанның бірі. «Балқаш» туристік-рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысының жобасы – көл жағалауын дамыту бағытындағы басты жобалардың бірі де бірегейі. Жобада электрмен және сумен қамту, кәріз жүйелері, жағалау жиегіндегі автожол құрылысының жобасы қарастырылған. Бас жоспары әзірленгеннен кейін инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы қарқынды жүргізіліп келеді. Нәтижесінде барлық республикалық маңызы бар жолдың сапасы жақсарды. Енді демалушылар жол азабын тартпай-ақ қауіпсіз, жайлы жаңа жолмен жете алады. Туристердің алаңсыз демалуы үшін көл жағасында жағдай жасалуда. Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Сарқан ауданына жасаған жұмыс сапарында қолға алынған тың жо... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ Уақыты: 18.06.2026 |
