Жаңалықтар

«Ауыл құтқарушылары»: Жетісуда тағы екі өрт сөндіру бекеті іске қосылды

Жетісу облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында тағы екі ерікті өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Өрт сөндіру техникасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, өртке жедел ден қоюға, сондай-ақ өрт ошақтарын тиімді сөндіріп, адамдарды құтқаруға бағытталған нысандар Қаратал ауданындағы Кәлпе және Көпбірлік ауылдарында ашылды. Осылайша өңірдегі мұндай өрт сөндіру бекеттерінің саны төртке жетті. Нысандар жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Қанат Алтынбековтің айтуынша, өңірде жалпы саны 26 өрт сөндіру бекетін шалғай елді мекендерде ашу жоспарланған. Оның алғашқы екеуі өткен жылы пайдалануға берілген болатын. Ал Кәлпе, Көпбірлік ауылдарындағы жаңа бекеттер ашылғаннан кейін олардың саны төртке жетті. Барлық бекеттер қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда өрт сөндіру техникасы, арнайы киім-кешек, байлан...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.06.2026

Бейбіт Исабаев инвесторлармен жел электр станциясы құрылысының жобасын іске асыру туралы мәселені талқылады

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қытайлық инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар өңір аумағында энергия жинақтау жүйесі бар қуаты 250 МВт болатын жел электр станциясын салу жобасын талқылады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. ҚХР «Envision Energy» инвестор компаниясы жүзеге асыратын жоба аясында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйесі орнатылған заманауи жоғары технологиялық станция салу көзделген. Жобаны Қаратал ауданының аумағында жүзеге асыру көзделіп отыр. Жобаның құны – 215 млн АҚШ доллары. Аталған бастаманың жүзеге асырылуы өңірдегі жасыл энергетиканы дамыту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болады деп күтілуде. Инвестор компанияның қызметі, соның ішінде «ақылды» жел турбиналары мен энергия жинақтау жүйелерін өндіру бағыттары туралы баяндаған компанияның аға вице-президенті Вэй Вэйдің айтуынша, жобаның жылдық электр энергиясын өндіру көлемі 3200 сағаттан асады деп болжануда. Кезде...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.06.2026

Жетісулық құтқарушылар судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

Жетісу облысының құтқарушылары тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өңірдің су айдындарында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шомылуға тыйым салынған белгілер орнатылған аумақтарда және қалалық жағажайда рейдтік іс-шаралар өткізді. Суға түсу маусымында су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген профилактикалық жұмыстар барысында мамандар демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы жеткізді. Сондай-ақ су жағасында демалу кезінде сақтық шараларын түсіндірді. Бұдан бөлек, қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз мінез-құлық қағидалары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды. Рейдке қатысушылар рұқсат етілмеген орындарда шомылудың алдын алу мәс...
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ Уақыты: 15.06.2026

Жетісу облысында ауылдық жерлерге жұмысқа орналасатын дәрігерлер үшін ең ірі төлемдердің бірі - 10 миллион теңге беріледі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді. Баспасөз мәслихаты барысында ол елдегі және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі қорытындыларына тоқталып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында іске асырылып жатқан шаралар туралы баяндады. Бірінші вице-министрдің мәлімдеуінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығының рекордтық көрсеткіші тіркелген. Бұл көрсеткіш 75,97 жасқа жетіп, бүкіл бақылау тарихындағы ең жоғары деңгейді көрсетті. Жетісу облысында аталған көрсеткіш 75,71 жасты құрап, бір жыл ішінде 0,74 жасқа өскен. Елімізде нәресте өлімінің көрсеткіші де тұрақты түрде төмендеп келеді. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 14 пайызға азайып, тарихи ең төменгі шегіне жетті. Жетісу облысында нәресте өлімі 8,8 пайызға кеміді. Басқа да көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.06.2026

Донорлар – басқаларға өмір сыйлайтын адамдар.

14 маусым жыл сайын Дүниежүзілік қан доноры күні ретінде атап өтіледі – бұл күн ерікті түрде қан тапсырып, сол арқылы басқалардың өмірін сақтап қалатындарға арналған. Қан донорлары шынымен де игілікті борышты атқарады: олар күн сайын шұғыл медициналық көмекке, күрделі оталар жүргізуге және онкологиялық және гематологиялық ауруларды емдеуге мұқтаж пациенттердің өмірін сақтап қалады. Дүниежүзілік қан доноры күні – қан тапсыру секілді игілікті іс жасайтындардың барлығына алғыс айтудың тамаша мүмкіндігі. Донорлық қанның мұқтаж жандардың барлығына қолжетімді болуын және қоғамда донорлық мәдениет дамуының жалғастырылуын қамтамасыз етуге ұмтылу қажет. Бүгінгі таңда көптеген қазақстандықтар донорлықты өмірді сақтап қалуға жеке үлес қосу мүмкіндігі ретінде қарастырады. 2025 жылдың соңына қарай елде 255 255 қан және оның компоненттерін тапсыру жүргізіліп, бұл азаматтар арасындағы әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін және қан қызметінің тұрақты дамуын көрсетеді. Қан мен оның...
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2026

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады. Съезд жұмысына партия делегаттары, қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің өкілдері қатысуда. Іс-шараға құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, телекоммуникация, туризм, кәсіпкерлік, энергетика, цифрлық технологиялар және мұнай-сервис саласын ұсынатын ірі салалық бірлестіктердің, кәсіби қауымдастықтардың және сарапшылық ұйымдардың жетекшілері қатысуда. Олар партия қатарына өтіп, бүгінде оның ұйымдық әлеуетін нығайтуға және бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға атсалысуда. Соның ішінде «PARYZ» жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы, Қазақстанның Азаматтық альянсы, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы, Қазақстан инвесторлары қауымдастығы, Қазақстан байланыс операторлары қауымдастығы, Қазақстан автомобиль одағы және басқа да ұйымдар бар.. Съезд жұмысына «AMANAT» партиясының өкілдері де қатысуда. Аталған партияның «Әділет» партиясына қосылуы мәселесі съезд делегат...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2026

Жаркент қаласында «Найза-Антитеррор-2026» республикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі жалғасуда

Оқу-жаттығулар аясында мемлекеттік органдардың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою дайындығын арттыруға бағытталған практикалық іс-шаралар жүзеге асырылуда. Терроризмге қарсы маневрлердің өткізілуіне байланысты қала аумағында көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілер үшін уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Жаркент қаласының тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарау сұралады. Оқу-жаттығулар жоспарлы сипатта өтіп, қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі нығайту мақсатында ұйымдастырылуда. Жетісу облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2026

«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Текелі қаласында аулаларды көркейту, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жөндеу қолға алынған. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Текелі қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Облыста көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жаңарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Текелі қаласы тұрғындарының өтініші бойынша биыл 15 үйдің шатырына күрделі жөндеу жасалып, 14 көп қабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлінді, – деп атап өтті Бейбіт Исабаев. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында «Алатау» шағын ауданындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, мердігер ұйым өкілдерінің есептерін тыңдады. – Текелі қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026

Бейбіт Исабаев Текелі қаласының әкіміне биыл «Серкесай» экопаркін құру жұмыстарын бастауды тапсырды

Жетісу облысында үш экопарк ашу жоспарланған. Соның бірі Текелі қаласында құрылады. Осыған байланысты облыс әкімі Бейбіт Исабаев қала әкіміне жалпы аумағы 21 гектарды құрайтын «Серкесай» экопаркін құру жұмыстарын ағымдағы жылы бастауды тапсырды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Текелі қаласының тұрғындарымен кездесуінде айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Текелі қаласының табиғи-рекреациялық әлеуеті туризмді дамытуға зор мүмкіндік береді. Президент тапсырмаларын орындау аясында біз тарапымыздан барлық қажетті қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, дербес туризм бөлімі ашылды. Енді осы бағытта нақты шаралар қабылдануы тиіс. Заманауи талаптарға сай жаңа қонақ үйлер мен демалыс орындарын салу керек. Сонымен қатар экологиялық туризмді дамыту аясында «Серкесай» экопаркін құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын және өзге де қажетті құжаттарды әзірлеп, биыл бастау керек. Жалпы, туристік бағытты жандандыру арқылы қала эк...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026

Текелі қаласында жаңа су электр станциясы салынып, энергокешенді жаңғырту аяқталады

Текелі қаласында жаңа су электр станциясы салынуда. «Қора ГЭС-2» ЖШС-нің бұл жаңа жобасының іске асырылу барысымен Текелі қаласына барған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Серіктестік директорының орынбасары Петр Тарасенконың айтуынша, жаңа станцияның қуаттылығы 26 МВт болады. Жобаны іске асыруға 9,1 млрд. теңге жеке инвестиция тартылған. — Қазір «Қора-2» ГЭС құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс алаңында 70-тей адам жұмыс істеуде. Нысанның дайындығы шамамен 80 %. Мұнда 3 көлбеу генератор жұмыс істейтін болады. Биыл бірінші генераторды іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Ал жоба толық көлемде 2027 жылы аяқталады, — деді П. Тарасенко. Жалпы, облыстың белгіленген энергетикалық қуаты 333 МВт, соның 271 МВт жаңартылған энергия көздеріне (ЖЭК) тиесілі. Бұл ретте өңірде ЖЭК-тің 19 нысаны бар, соның 15-і жалпы қуаты 147 МВт болатын гидроэлектр станциялары, сон...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.