Жаңалықтар
Текелі тұрғындары «Аю табан» туристік маршрутымен жаяу жүріп өтті |
| Текелі қаласындағы I Love Tekeli панорамалық алаңында тұрғындар мен жастардың басын қосқан шара өтіп, қатысушылар бұқаралық спортты дамыту мен ішкі туризмді ілгерілетуге бағытталған игі бастаманы қолдады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырылған мазмұнды жиын аймақтағы бұқаралық спортты жаңа деңгейге көтерудің айқын көрінісі іспетті. Аталған шараға Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сержан Құрманбаев, кәсіби спортшылар, шаһар тұрғындары, белсенді жастар мен волонтерлар қатар қатысып, табиғат аясындағы жаяу серуенге бір кісідей атсалысты. Мерекелік акция аясында қатысушыларды арнайы тіркеу, ресми ашылу салтанаты, белгіленген туристік маршрут бойынша жүру және спорттық-сауықтыру бағдарламалары жоғары деңгейде жүзеге асырылды. Сала мамандарының пікірінше, жергілікті эко-маршруттарды танымал ету аймақтың туристік тартымдылығын арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.06.2026 |
Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады |
| 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және оқу жылының аяқталуына орай өңірде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен мерекелік шаралардың жоспары таныстырылды. Республикалық тұжырымдама аясында 28-31 мамыр аралығында Жетісу облысынан арнайы іріктелген 5 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Астана қаласына саяхатқа кетті. Олардың қатарында Ескелді, Қаратал аудандарынан, Текелі, Талдықорған қалаларынан және «Айналайын» балалар үйінен бір-бір баладан бар. «Балалар елордада Ақорда резиденциясын аралап, «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады. Сонымен қатар, облыста есепте тұрған 891 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқығын қорғау мақсатында «Отбасы банкпен» бірлесіп, тұрғын үй кезегіне қою және есепке алу процестері толық автоматтандырылғаны хабарланды. 28-29 мамыр күндері облыс, қала және аудан әкімдерінің, сондай-ақ депутаттардың балалармен тікелей кезд... |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.06.2026 |
Отбасы мерейін асқақтататын байқау |
| Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиында облыстық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арыстанғали Арын мен облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Жанерке Бексеитова байқаудың маңызы мен оны өткізу тәртібі жөнінде мәлімет берді. Спикерлердің айтуынша, жоба отбасы институтын нығайтуға, адамгершілік пен рухани құндылықтарды дәріптеуге, жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ өнегелі әулеттердің тәжірибесін насихаттап, қоғамдағы отбасы мәртебесін көтеруді көздейді. Былтыр облыстық кезеңді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 9 миллион теңге бөлінген. Байқауға 415 өтінім түсіп, олардың арасынан үздік отбасылар анықталған. Нәтижесінде Ескелді ауданынан қатысқан Бектеновтер әулеті республикалық кезеңге жолдама алып, ұлттық деңгейдегі лауреат атанған. Биыл 9,5 миллион теңге қарастырылған. Қазіргі таңда байқауға қатысу үшін өтінім қабылдау жү... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.06.2026 |
Талдықорғанда биыл 13 мың ағаш отырығызылады |
| Талдықорғанда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қаланы көгалдандыру, абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүріп жатыр. Салтыстырсақ, 2024 жылы қала аумағына 10 мың ағаш көшеті отырғызылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 12 мыңға жетті. Ал 2026 жылы 13 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қала көшелері мен қоғамдық орындарға 50 мыңға жуық, ал саябақтарға 150 мың дана біржылдық гүл егілді. Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Алмас Барлыбеков: – Біздің басты мақсатымыз – егілген жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз ету. Сондықтан көшеттерді күтіп-баптау, суару және ирригациялық жүйелерді жаңғырту жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бұл шаралар қаланың экологиялық жағдайын жақсартып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді. Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша жасыл желектерді тиімді күтіп-баптау мақсатында «Жастар»... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.06.2026 |
Жетісуда жастарға арналған жазғы IT-лагерь ұйымдастырылуда |
| Жетісу облысында жастарға арналған жазғы IT-лагерь ұйымдастырылуда. «Jetisu Digital» IT-хабы дайындаған төрт күндік жазғы IT-лагерь бағдарламасында Ашық есік күні, жасанды интеллект, дизайн, медиаконтент және әзірлеу бағыттары бойынша практикалық сабақтар, сондай-ақ жастарға арналған бейресми командалық белсенділікті жандандыру қарастырылған. Бағдарлама мектеп оқушыларына, студенттерге, жас әзірлеушілерге, дизайнерлерге, цифрлық контент жасаушыларға және IT, жасанды интеллект пен заманауи технологияларға қызығушылық танытатын барлық қатысушыларға арналған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, IT-лагерьдің мақсаты – қатысушыларды заманауи цифрлық құралдардың мүмкіндіктерімен таныстыру, нейрожелілердің практикалық қолданылуын көрсету, өзін-өзі таныстыру және командалық жұмыс дағдыларын дамыту, сондай-ақ жастарды өңірдің технологиялық қауымдастығына тарту. IT-лагерь жұмысының басталғанда қат... |
| Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.06.2026 |
Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті |
| Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды. |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2026 |
Глава государства: «Уважение к Закону и Порядку – это прежде всего, особая черта, присущая гражданам с высоким чувством ответственности» |
| «В этой связи хочу еще раз отдельно остановиться на концепции «Таза Қазақстан». Необходимо всегда уделять особое внимание благоустройству городов и сел, озеленению территорий. Приоритетными являются также вопросы повышения экологической культуры. В особенности важно обращать пристальное внимание на поведение граждан в туристических зонах и на природе. Нарушителей порядка, то есть вандалов, необходимо привлекать к ответственности в соответствии с законом. Одним словом, мы должны всем обществом противостоять правовому нигилизму. Уважение к Закону и Порядку – это не страх перед наказанием, а, прежде всего, особая черта, присущая гражданам с высоким чувством ответственности. Это необходимо понимать правильно. В нынешнее неспокойное время военных конфликтов на планете, нашей стране жизненно необходимы мир и стабильность. Без этого не будет каких-либо реформ и в целом положительных сдвигов. Поэтому правоохранительные органы должны применять жесткие меры и... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2026 |
Мемлекет басшысы: «Заң мен тәртіпке құрметпен қарау– ең алдымен жауапкершілік сезімі жоғары азаматтарға тән айрықша болмыс» |
| «Осы тұста мен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына байланысты тағы да атап өткім келеді. Қалалар мен ауылдарды көркейту, аумақтарды көгалдандыру жұмысына әрдайым ерекше мән беру қажет. Сондай-ақ экологиялық мәдениетті көтеру мәселесіне көңіл бөлген жөн. Әсіресе, адамдардың туристік нысандар мен табиғат аясындағы тәртібіне айрықша назар аудару маңызды. Тәртіп бұзушыларды, яғни, вандалдарды заңға сәйкес жауапқа тарту қажет. Бір сөзбен, құқықтық нигилизмге қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Заң мен тәртіпке құрметпен қарау дегеніміз – жазадан қорқу емес, бұл – ең алдымен жауапкершілік сезімі жоғары азаматтарға тән айрықша болмыс. Осы маңызды дүниені дұрыс түсінген жөн. Қазіргі бұлыңғыр, әскери қақтығысқа толы заманда елімізге татулық пен тұрақтылық ауадай қажет. Онсыз ешқандай реформа, жалпы оң өзгеріс болмайды. Сондықтан құқық қорғау мекемелері заң бұзушылықтарға қатаң шаралар мен жазаларды қолдануы керек. Кейбір елімізді жақтырмайтын, менсінбейті... |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2026 |
Мемлекет басшысы: «Үкіметке, әкімдерге тағы да айтарым: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының орындалуы, бұл – конституциялық міндет» |
| «Тұтастай алғанда, қаланы тиімді негізде салып, жан-жақты дамыту керек. Барлық нысандар құрылыс саласындағы озық халықаралық талаптар мен ережелерге толық сай болуға тиіс. Жалпы, Alatau city тұжырымдамасының мақсаты – бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестициялық жобаларды іске қосу, жұртты жұмыспен қамту және заманауи инфрақұрылым салу. Қала төрт ауданға бөлінеді. Бой көтеретін ғимараттардың барлығы халықаралық іскерлік және инновациялық орталықтарға қойылатын талапқа сәйкес болуы керек. Қаланы абаттандыруға және жайлы қоғамдық орындар салуға ерекше назар аудару қажет. Осыған байланысты Үкіметке, әкімдерге тағы да айтарым: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының орындалуы, бұл – конституциялық міндет. «Таза» деген сөздің мағынасы көпқырлы. Бұл – қалаларымызды тазалау, көгалдандыру, көркейту, абаттандыру деген сөз. Сонымен қатар бұл – ниетіміздің тазалығын сақтау, отаншылдығымызды паш ету деген сөз. «Таза Қазақстан&... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2026 |
Глава государства: «Для Правительства и акимов реализация концепции «Таза Қазақстан» – конституционная обязанность» |
| «Развитие города должно быть комплексным, соответствовать передовым международным строительным нормам и правилам. В целом, цель концепции Alatau city – формирование привлекательной бизнес-среды, запуск инвестиционных проектов, обеспечение занятости, создание передовой инфраструктуры. Город будет поделен на 4 района. Все здания и сооружения должны отвечать требованиям, предъявляемым центрам деловой и инновационной активности международного значения. Особое внимание следует уделить благоустройству города, созданию комфортных общественных пространств. В этой связи хочу вновь подчеркнуть для Правительства и акимов, что реализация концепции «Таза Қазақстан» – конституционная обязанность. Понятие «чистота» имеет глубокий смысл. Это не только благоустройство наших городов, но и чистота наших помыслов, подлинное проявление патриотизма. Общенациональное движение «Таза Қазақстан» должно воплотить в себе саму суть Справедливо... |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2026 |
