Жаңалықтар
"AMANAT" партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму кеңесінің отырысы өтті |
| Жетісу облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар Өңірлік даму кеңесінің отырысында талқыланды. Жиын барысында жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері өңірдегі өрт қауіпті кезеңге дайындық, профилактикалық іс-шаралар, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Кеңес мүшелері елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейту, тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ орман және дала өрттерінің алдын алу шараларын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды. Отырыс қорытындысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар мен нақты міндеттер белгіленді. Өрт қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Әрбір тұрғын қауіпсіздік талаптарын сақтап, төтенше жағдайлардың алдын алуға өз үлесін қосуы қажет. #AMANAT #Жетісу #ӨңірлікДамуКеңесі #ӨртҚ... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2026 |
Жетісу жастарына жаңа жоба |
| Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өңір жастарының болашағына бағытталған «STUDENT HUB ZHETISU» әлеуметтік жобасының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиында студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жаңғырту, жастардың көшбасшылық әлеуетін арттыру және цифрлық басқару тетіктерін енгізу мәселелері кеңінен сөз болды. Брифингке Jetisy Jastary коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Арнай Байжурынов пен «Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Қалиева қатысты. Спикерлердің айтуынша, жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге аспақ. Негізгі бағыт – студенттік өзін-өзі басқару жүйесін біріздендіріп, өңір көлемінде ортақ үйлестіру кеңістігін қалыптастыру. Бастама аясында Жетісу облысының сегіз ауданы мен екі қаласындағы бір жоғары оқу орны және кемінде жиырма екі колледж қамтылады. Жоспар бойынша мыңнан астам студент жобаны... |
| Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2026 |
Жол қателікті кешірмейді |
| Жыл басынан бері облыс аумағында 289 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 515 адам түрлі дене жарақатын алып, 24 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу. Атап айтқанда, қарсы бағытқа шығып соқтығысу – 148, жаяу жүргіншіні қағу – 79, көліктің аударылуынан 35 оқиға орын алған. Есепті кезеңде көлік және жол шаруашылығы саласында 91 976 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Құқықбұзушыларға қатысты ескерту түрінде 16 627, жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге 75 091 әкімшілік айыппұл, 191 әкімшілік қамау және 200 жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды. Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргендерге қатысты құқық қорғау органдарымен қатаң шаралар қабылдануда. 2026 жылғы 10 сәуір күні сағат 23.00 шамасында азамат Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен, яғни ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарты... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2026 |
Жетісуда мәдениет саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды |
| Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Жетісуда бірқатар сала мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады. Сол сияқты мәдениет мекемелері алты номинация бойынша марапатталып, «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» атанған Халық шығармашылығы орталығына жеңіл автокөліктің кілті табысталды. Осы күні жалпы саны 50-ден астам қызметкерге түрлі деңгейдегі марапат берілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы академиялық драма театрында өткен салтанатты жиында сала мамандарын құттықтаған өңір басшысы мәдениет пен өнердің қоғам өміріндегі маңызын тілге тиек етіп, облыста аталған саланы қолдау шараларына кеңінен тоқталып өтті. - Бүгінгі күні заманға сай өрісі кеңейген руханият саласы сонау көне ғасырлар қойнауынан тамыр тартады. Дәуірлерді жалғаған, дәстүрлерді үзбеген халықтың төл танымы да осы мәдениет пен өнерде жатыр. Бұл ретте ұлт руханиятының өркендеуіне, мәдени мұраны сақта... |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2026 |
Талдықорғанда ағаштарды санитарлық мақсатта кесу жұмыстары жалғасуда |
| Облыс орталығы Талдықорғанда санитарлық мақсатта 500-ге жуық ағашты кесу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәлімдеді. Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында апатты жағдай туғызатын және қураған ағаштарды кесу көзделген. Кесілген ағаштардыңорнына 5 мың түп ағаш көшеті отырғызылмақ. Яғни әрбір кесілген ағаштың орнына 10 түп көшетегіледі. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмас Барлыбеков: Апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлық мақсатта кесу — қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс әкімдіктің ерекшебақылауында. Қураған ағаштар адамдарға жәнемүлікке зиян келтіруі мүмкін. Ауру және қурағанағаштарды санитарлық мақсатта кесу — қатты желмен нөсер кезінде бұтақтардың құлау қаупіназайтады, – деді. Айта кетейік, биыл көктем-күз айларында қала аумағына 13 мың түп ағаш көшеті отырғызылмақ. |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2026 |

| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.05.2026 |
Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде |
| Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында қаланы абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Шаһардың сәнін келтіріп, экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған ауқымды жобалардың басым бөлігі қазірдің өзінде мәреге жақындап қалды. Бүгінгі таңда ең ірі нысандардың бірі – Қаратал өзенінің жағалауы. Мұндағы 9 гектар аумақты қамтитын жасыл желекті күтіп-баптау үшін заманауи автоматты суару жүйесі орнатылып жатыр. Үстіміздегі жылдың наурыз айында басталған құрылыс-монтаж жұмыстарының 80 пайызы аяқталды. Қазіргі уақытта нысанда 40-қа жуық маман мен жұмысшы еңбек етуде. Жобаның ерекшелігі: Тұрақты су көзін қалыптастыру үшін арнайы ұңғыма (скважина) қазылды. Жалпы көлемі 40 мың шаршы метрді құрайтын жасыл газон аумағына 44 магниттік клапан қойылады. Бұл жүйе әр аймақтың қажеттілігіне қарай жеке-жеке және автоматты түрде суаруға мүмкіндік береді. Дәл осындай заманауи жаңбырлатып суару жүйесі қала т... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2026 |

| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.05.2026 |
«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады |
| Бүгін Жетісу облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында мектеп түлектерінің қатысуымен ауқымды ағаш және гүл көшеттерін отырғызу акциясы өтті. Экологиялық бастама жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Игі шараға облыс бойынша жалпы саны 32 023 түлек қатысты. Мектеп бітіруші жастар туған өлкесінің көркеюіне өз үлестерін қосып, болашаққа деген ізгі ниеттерін жасыл желек отырғызу арқылы жеткізді. Акция нәтижесінде өңір аумағында 1 352 ағаш және 2 389 гүл көшеті отырғызылды. Сөйтіп мектеп бітірушілердің өз қолдарымен еккен көшеттері олардың туған мектептерімен, балалық шағымен және туған өлкесімен байланысының символына айналды. Іс-шараға арнайы барған Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Талдықорғандағы Н. Островский атындағы №8 орта мектеп пен Б. Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп түлектерімен бірге көшет отырғызу рәсіміне қатысты. Кездесу барысында о... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.05.2026 |
«Ел мәйегі – мәдениет» атты тағылымды кездесу кеші өтті |
| Көксу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Мәдениет қызметкерлері күніне орай «Ел мәйегі – мәдениет» атты тағылымы мол, рухани кеш жоғары деңгейде өткізілді. Тағылымды шараның басты мақсаты – мәдениет саласында еңбек етіп жүрген жандардың еңбегін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және өскелең ұрпаққа өнеге болар тұлғалардың өмір жолын таныстыру болды. Кешке мәдениет саласының өкілдері, жастар, кітапхана оқырмандары және аудан тұрғындары қатысып, рухани атмосфераға толы әсерлі сәттердің куәсі болды. Шара барысында ұлттық тәрбие, өнер мен мәдениеттің қоғамдағы орны, руханияттың маңызы жөнінде мазмұнды әңгімелер өрбіді. Кездесу кешінің құрметті қонақтары қатарында Көксу аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Гүлнәз Мырзағалиқызы, өнегелі өмірімен көпке үлгі болып жүрген Жанғабыловтар отбасы және ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген Шаяхметовтар отбасы болды. Қонақтар мәдениет пен өнер саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық салт-дәстү... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.05.2026 |