Жаңалықтар

Ата заңның жас ұрпақ өміріндегі рөлі

Жетісу өңірінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында «Конституция – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетінің тірегі» атты диалогтік алаң өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Заман талабына сай ұйымдастырылған бұл шара өңір белсенділері мен сала мамандарының басын қосты. Көптеген адам құқықтық сауаттылықты тек заңдар жиынтығын жатқа білу деп түсінеді. Алайда, бұл ұғымның ауқымы кең. Құқықтық мәдениет – өз құқықтарыңды тиімді қорғай алу, өзге азаматтардың бостандығына құрметпен қарау және қоғамдық тәртіпті саналы түрде сақтау. Диалогтік алаңның негізгі міндеті де жас буынның бойында осы қасиеттерді дамытуға бағытталды. Ашық пікірталас барысында қатысушылар жастар құқығы, заң алдындағы жауапкершілік, қауіпсіздік және азаматтық ұстаным тақырыптарын кеңінен талқылады. Кездесу барысында сала мамандары мен спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, құқықтық сананы мектеп қабырғасынан бастап қалыпт...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Талдықорғанда әскери-техникалық мектеп ұжымы сенбілік ұйымдастырды

ҚР ҚК әскери-техникалық мектебі Талдықорған филиалының жеке құрамы сенбілік жұмыстарына белсене қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Іс-шара «Өтенай» шағын ауданы аумағындағы Ұлы Жеңіске арналған ескерткіш маңында ұйымдастырылды. Әскери-техникалық мектеп қызметкерлері мен мамандары аумақты қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді. Сенбілік барысында қатысушылар аула сыпырып, ағаш көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, қоршаулар мен нысандарды сырлап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ұжымның ұйымшылдығы мен белсенділігінің арқасында ескерткіш маңының көркі жаңарып, тазалығы айтарлықтай жақсарды. – Бұл қоршаған ортаға жанашырлық танытып, жастарға үлгі көрсетуге бағытталған тәрбиелік іс-шара. Қоғамдық орындарды таза ұстау — әр азаматтың парызы. Осындай игі шаралар жастардың патриоттық рухын көтеріп, ортақ іске деген жауапкершілікті арттырады, – дейді Филиал директорының орынбасары, запастағы подполковник Андрей Ворков. Сенбілік соңында қа...
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Жетісуда көп жылдық мәселе шешімін тапты: суды құдықтан алып отырған ауылға ауыз су құбыры тартылды

Ескелді ауданында жүзден астам тұрғыны бар Ақтұма ауылына заманауи ауыз су құбыры жүргізілді. Осы уақытқа дейін ескірген ұңғыма ауыз судың негізгі көзі болып, одан су тек көшедегі құдықтар арқылы беріліп келген. Оның үстіне судың сапасы мен қысымы да көңіл көншітпейтін, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ескі құбырларды жай ғана жөндеу мәселені толық шешпейтін болғандықтан, көше бойымен сервистік желілер тарту арқылы жаңа су құбырын салу туралы шешім қабылданды. 2021 жылы басталған жұмыстар мердігердің жауапсыздығының кесірінен ұзаққа созылған еді. Дегенмен облыс басшылығының араласуынан кейін жоба өткен жылы толық аяқталды. Қазіргі таңда ауылдағы 37 үйдің 35-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылып үлгерді. Солардың қатарында жергілікті тұрғын Ақмарал Немелбаева да бар: – Мен жаңа желіге алғашқылардың бірі болып қосылдым. Енді үйімізге су кран арқылы келіп тұр. Ауылдағы әйелдердің қай-қайсысы да тұрмыстың түбегейлі өзгергенін растайды деп ойл...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Жетісуда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жол саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Талдықорғанда өткен жылыту маусымының қорытындылары мен алдағы маусымға дайындық жоспарлары талқыланған кеңесте сала қызметкерлері марапатталды. Осылайша тұрғындарды жылумен, сумен қамтамасыз етіп, елді мекендердің көшелерінде тазалық пен тәртіпті сақтау жолында күн сайын еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегіне құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы штаттық режимде өтті. Төтенше жағдайлар немесе ірі апаттық жағдайлар тіркелген жоқ. Атап айтқанда, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дейін 35 қазандық пен 16,4 шақырым жылу желілері жөнделіп, нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 45%-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар Жансүгіров, Балпық би ауылдары мен Сарқан қаласында 3 блокты-модульді қазандық, сондай-ақ Үшарал қаласында жаңа орталық қазандық пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде жылумен қамту жүйесінің сапасын едәу...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Жастар және құқықтық жауапкершілік

Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, олардың құқықтық білімін жетілдіру және қоғамдағы заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жас буынға құқықтық нормалардың маңызын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру болды. Қазіргі таңда құқықтық сауатты ұрпақ қалыптастыру – қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда ұйымдастырылған кездесуде жастарға заңды білу мен оны сақтау әр азаматтың басты міндеті екені кеңінен түсіндірілді. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғам өміріндегі орны мен маңызы жөнінде толыққанды мәлімет берілді. Атап айтқанда, Ата Заңның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі маңызы...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.05.2026

«Таза Қазақстан»: «EcoSana» интеллектуалды ойыны өтті

«Таза Қазақстан»: «EcoSana» интеллектуалды ойыны өтті Жетісу облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «EcoSana» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Шара қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау және жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталды. Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз әрі салауатты өмір сүруі табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетке тікелей байланысты. Осы ретте «EcoSana» интеллектуалды ойыны жастардың білімін шыңдап қана қоймай, экология саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Іс-шара ерекше интеллектуалды ойын форматында өтіп, қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды сұрыптау, экологиялық қауіпс...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.05.2026

Жетісуда инертті материалдарды заңсыз өндіру фактілері көбейген

Жетісу облысында инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 20-дан астам дерегі анықталып, жолы кесілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Жетісу облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері инертті материалдарды заңсыз өндіру және тасымалдау фактілерін анықтау мен жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. 2026 жылдың басынан бері өңір аумағында құм, қиыршық тас және өзге де инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 21 дерегі анықталды. Мәселен, Талдықорған-Үштөбе автожолының Еңбек ауылы маңында жүк көлігін тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз шамамен 10 тонна қиыршық тас тасымалдау фактісі анықталды. Сондай-ақ, сол түні Алматы-Өскемен автожолының Көксу ауданы аумағында полицейлер құмды қажетті ілеспе құжаттарсыз тасымалдап келе жатқан жүк көлігін тоқтатты. Аталған екі дерек бойынша материалдар заңнамаға сәйкес тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізілуде, оның нәтижесі бой...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.05.2026

Елордада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды

Елордадағы «Barys Arena» спорт кешенінде Counter-Strike 2 бойынша PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды. Оған әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Жүлде қоры 1,6 миллион АҚШ долларын құрайтын турнирді PGL Esports SRL ұйымдастырды. Жарысқа әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысуда, олардың арасында Team Spirit, G2 Esports, FURIA Esports және Heroic бар. Шақырылған қонақтардың арасында Counter-Strike бойынша әлем чемпионы Дәурен Қыстаубаев, FURIA Esports ойыншысы Даниил Голубенко, стример Слава Бустер, PGL турнирлерінің жүргізушісі James Banks, сондай-ақ әлем чемпионы Габриель Толедо бар. Турнир Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген. Сарапшылар әлемдік аудиторияның киберспортқа деген қызығушылығының артуы аясында Қазақстанда мұндай ірі жарыстарды өткізу Астананың шетелдік туристер үшін тартымдылығын арттыратынын атап өтті. Елор...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.05.2026

Жетісу облысында инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 20-дан астам дерегі анықталып, жолы кесілді

Жетісу облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері инертті материалдарды заңсыз өндіру және тасымалдау фактілерін анықтау мен жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. 2026 жылдың басынан бері өңір аумағында құм, қиыршық тас және өзге де инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 21 дерегі анықталып, жолы кесілді. Мәселен, 16 мамыр күні түнгі уақытта Талдықорған – Үштөбе автожолының Еңбек ауылы маңында жүк көлігін тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз шамамен 10 тонна қиыршық тас тасымалдау фактісі анықталды. Сондай-ақ, сол түні Алматы – Өскемен автожолының Көксу ауданы аумағында полицейлер құмды қажетті ілеспе құжаттарсыз тасымалдап келе жатқан жүк көлігін тоқтатты. Аталған екі дерек бойынша материалдар заңнамаға сәйкес тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады. Жиналған материалдар одан әрі...
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.05.2026

Текеліде отбасы құндылықтарын нығайту мәселесі талқыланды

Текелі қаласында Отбасы күніне орай «Жанұя» отбасыны қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Отбасындағы құқықтық тәрбие және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ашық есік күні мен арнайы тренинг өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Бұл шараның негізгі өзегі – қоғамның тірегі саналатын отбасы институтын нығайту және тұрмыстағы жағымсыз жағдайлардың жолын кесу. Жиынға қалалық прокуратураның бастамасымен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мен орталықтан көмек алушы тұрғындар қатысты. Мамандар қатысушыларға тек заңнамалық талаптарды ғана емес, сонымен бірге психологиялық саулық пен бала тәрбиесіндегі нәзік тұстарды да егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Қазіргі таңда отбасылық кикілжіңдердің алдын алуда құқықтық сауаттылық аса маңызды рөл атқарады. Осы ретте орталық мамандары бала құқықтарын қорғау мен отбасындағы өзара сыйластықтың маңызына тоқталды. Қатысушыларға әлеуметтік көмек алу тетіктері мен психологиялық...
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.05.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.