Жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында 5 мыңға жуық балабақша бүлдіршіндері ағаш пен гүл көшеттерін отырғызды |
| Жетісу облысы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында балабақша тәрбиеленушілерінің, олардың ата-аналары мен тәрбиешілерінің қатысуымен ағаш және гүл көшеттерін отырғызу акциясы өтеді. Ауқымды экологиялық акцияға облыс бойынша 186 мектепалды даярлық және ересек топтың 4 650 тәрбиеленушісі қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар шараға 551 тәрбиеші мен 1 052 ата-ана қатысып, бүлдіршіндерге қолдау көрсетіп, көгалдандыру жұмыстарына бірге атсалысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде өңірде 3 145 гүл және 1 113 ағаш көшеті отырғызылып, облыс аумағының жасыл желекке айналуына елеулі үлес қосылды. Маңызды акцияға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев бұл іс-шараның мақсаты балаларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, бірлескен еңбек арқылы олардың қоршаған ортаға жанашырлық сезімін ояту екенін атап өтті. Сондай-ақ ол балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен экологиялық мәдениетін қалып... |
| Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.05.2026 |
Жетісу облысына – 4 жыл: шағын, орта бизнестің 1600-ге жуық жобасына мемлекеттік қолдау көрсетілді |
| Жетісу облысында қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, субсидиялау, кепілдендіру және гранттар беру арқылы қолдау көрсетілуде. Облыс құрылғаннан бері мемлекеттік қолдау шараларымен жалпы 1568 шағын және орта бизнес жобасы қамтылды. Сол қатарда өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету, көлік-логистика салалары, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік бағытындағы жобалар бар. Бұл өз кезегінде инклюзивті және арнайы білім беру саласының дамуына оң ықпал етті. Мәселен, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау нәтижесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау орталықтары Талдықорған қаласы мен Панфилов ауданында ашылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша өңірде инклюзивті біліммен қамтылған балалар саны 6 278-ге жетті. Оның ішінде мектепке дейінгі ұ... |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.05.2026 |
Жетісуда Дәнеш Рақышевқа арнап мурал салынды |
| Жетісу облысында әйгілі әнші әрі сазгер Дәнеш Рақышев бейнеленген мурал салынды. Бұл портрет Жаркент қаласындағы Жібек жолы көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына орналастырылды. Арт-нысан Халық әртісінің 100 жылдық мерейтойына орай жасалды. Еске салсақ, өнер иесі Панфилов ауданындағы Талды ауылында дүниеге келген, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мурал салудағы басты мақсат – Дәнеш Рақышевтың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, оның тұлғасы мен шығармашылық жолын көркем түрде дәріптеу, сондай-ақ жастар арасында патриоттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтып, қаланың эстетикалық келбетін жақсарту. Муралды салуға суретшілер Олжас Ризабек, Мейірлан Есенғалиев, Олжас Халила және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері қатысты. – Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінде муралдар салып жүрміз. Мәселен, еңбектеріміз Астана, Ақтөбе қалаларында тұр. Командамыздың жалпы саны 50-ден астам шығармашылық жұмысы бар... |
| Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.05.2026 |
Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында облыстық жарыс ұйымдастырылды |
| Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алу, достық қарым-қатынасты нығайту және бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында пробация есебінде тұрған жастар мен NEET санатындағы жастар арасында облыстық шағын футбол турнирі ұйымдастырылды. Аталған спорттық іс-шара жастарды спортқа баулу, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету және құқықбұзушылық пен есірткіге тәуелділіктің алдын алу бағытында өткізілді. Турнирге облыстың бірнеше аудан-қалаларынан келген командалар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Шара барысында қатысушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін де таныта білді. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болу және қоғамдағы белсенділікті арттыру – турнирдің басты мақсаты болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастарды спортқа қызықтырып қана қоймай, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне, психологиялық тұрғыд... |
| Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.05.2026 |
Жетісу облысында «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі басталды |
| Жетісу облысында «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі басталды. Фестивальға биыл Түркия, Грузия, Өзбекстан мемлекеттерінен және ел аймақтарынан 8 театр қатысып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Алдымен Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы академиялық драма театры ғимаратының алдында фестивальға қатысушы театрлардың шеруі ұйымдастырылды. Мұнан соң театр ғимаратының залында фестиваль күнделігінен естелік бейнежазба көрсетілді. Салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашқан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов дәстүрлі театр мерекесінің Жетісу өңірінде осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырғанын айтты. - Қадірлі қонақтар мен қатысушылар, жер жәннаты Жетісуға қош келдіңіздер! «BIKEN FEST» фестивалі алғаш рет 2023 жылы Қазақстанның Халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, Жетісу өңірінің мәдени имиджін нығайтатын маңызды жобаға айналды. Осы 4 жыл ішінде бұл іс-шараға 6 мемлекеттен жә... |
| Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.05.2026 |
Тау туризмін дамыту: Жетісуда «Shagan Fest 2026» ауқымды спорттық-экологиялық фестивалі өтті |
| Жетісу облысында Шаған тауының етегінде таулы туризмді дамытуға бағытталған «Shagan Fest 2026» ірі спорттық-экологиялық фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль аясында белсенді демалысты ұнататын қауым мен спортшылар 2551 метр биіктікке жаппай көтерілді. Іс-шараны облыстық туризм басқармасы мен «Visit Zhetysu» туристік-ақпараттық орталығы ұйымдастырды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Шыңға көтерілу басталар алдында қатысушыларды Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтады: – Облыс әкімінің атынан «Shagan Fest» фестивалінің барлық қатысушыларына қош келдіңіздер деймін! Жетісу өңірінде үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған бұл фестиваль тау және экологиялық туризм мәдениетін дамытуға, адамның табиғатпен байланысын нығайтуға әрі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Бағыт ұзақ болғанымен, маршрут тәжірибелі спортшыларға да, балалы отбасыларға да қолайлы. Осындай шараларға бірге қатысу ұр... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.05.2026 |
Қазақстанда мемлекеттік қызмет туралы заң жаңаланады |
| Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесін реформалайтын жаңа заңнамалық түзетулер әзірленді. Жаңа редакциядағы заң саланың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына негізделген. Оның басты мақсаты – мемлекеттік аппаратты халыққа бағдарланған сервистік модельге көшіру, процестерді цифрландыру және қызметшілерді әлеуметтік қолдау. Заңдағы өзгерістер туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қобылан Манап БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады. Заң жобасындағы ең негізгі өзгерістер: 1. Сервистік модель және «клиентке бағдарлану» Мемлекеттік қызмет тек еңбек қатынасы болудан қалып, ұлттық басымдықтарды жүзеге асыратын негізгі институтқа айналады. Өтініштерді формалды негіздермен қараудан бас тартуға тыйым салынады, азаматтар үшін құқықтық және цифрлық кедергілер жойылады. 2. Ауыл әкімдері мен сайланбалы тұлғалардың ерекше мәртебесі Сайланатын лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметшілердің жеке санатына жатқызылады. О... |
| Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Жетісу оқушылары мен студенттері жазда ресми түрде жұмыс істеп, шамамен 100 мың теңге таба алады |
| Жазғы демалыс кезінде Жетісу облысында екі негізгі бағыт бойынша жастарды жұмысқа орналастыру белсенді жұмыс жүргізілуде. Олардың біріншісі - қала мен ауылдарды абаттандыруға, әлеуметтік мекемелер мен мәдениет ұйымдарында көмек көрсетуге бағытталған қоғамдық жұмыстар. Бұл бағытта жастар күніне 8 сағаттан жұмыс істейді, оларға 103 800 теңге мөлшерінде жалақы белгіленді, оның ішінде салықтарды шегергеннен кейін қолына нақты алынатын сома 83 мың теңгені құрайды. Екінші маңызды бағыт, 16-35 жас аралығындағы жастарды қамтитын «Жасыл ел» бағдарламасы. Маусымнан тамызға дейін созылатын бұл жоба аясында жастар ормандарды қалпына келтіруге, ағаш отырғызуға және саябақтарды көгалдандыруға қатысады. Олардың жалақысы 85 мың теңге мөлшерінде бекітілді, ал қолдарына нақты 64 565 теңге төленеді. Жазғы жұмыс орындары жастар алдында табыс тауып қана қоймай, еңбек дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мансап орталығы жастар мен жұмыссыз азаматтарға бірнеше қосымша мүмкіндіктер ұсы... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Жетісуда адам папиллома вирусына қарсы 10 мыңнан аса қызға вакцина салынды |
| Жетісу облысында әйелдер денсаулығын қорғау бағдарламасы аясын кеңейтіп жатыр. Енді 14-тен 18 жасқа дейінгі қыздар адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы тегін әрі ерікті түрде екпе ала алады. Бұл ауқымды науқанның басты мақсаты - өскелең ұрпақ арасында жатыр мойны обырының алдын алу. Жасөспірімдерді қосымша иммундау науқаны үш кезеңнен тұрады. Препарат иық бұлшықетіне салынады, бұл ретте екінші доза біріншісінен кейін екі ай өткен соң, ал қорытынды үшінші доза алты айдан кейін егіледі. «Гардасил» вакцинасы толықтай қауіпсіз: вакцинаның құрамында вирустың ДНҚ-сы жоқ, сондықтан ол ауру тудыра алмайды, ал тек синтезделген ақуыз молекулалары мен қауіпсіз тұрақтандырғыштардан тұрады. Бүгінгі таңда облыста 11 жастағы 7 мың қыз және 12-13 жастағы 3,5 мың қыз вакцинаның алғашқы дозасын алып үлгерді. Медицина мамандары тұрақты түрде мониторинг жүргізуде және қазіргі уақытқа дейін екпе алған жасөспірімдер арасында кері әсер тіркелген жоқ. Толық ақпарат алу және вакцинациядан өт... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Құрбан айтта онлайн және офлайн құрбан шалынып, ет мұқтаж жандарға таратылады |
| Құрбан айтта онлайн және офлайн құрбан шалынып, ет мұқтаж жандарға таратылады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, биыл елімізде Құрбан айт мейрамы 27 мамыр күні басталып, үш күн бойы жалғасады. Мереке күндері құрбан шалу рәсімдері онлайн және офлайн режимдерінде ұйымдастырылып, шалынған мал еті еріктілер мен имамдар арқылы мұқтаж отбасыларға үлестіріледі. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен резонанстық жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы жоспар бекітіліп, мониторингтік рейд жұмыстары жүргізілуде. Облыс аумағында мал союға арналған 17 арнайы орын белгіленді. Бұл орындарда санитарлық-ветеринарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қатаң қадағаланады, ал мал сатылатын және сойылатын орындар туралы ақпарат тұрғындарға әлеуметтік желілер арқылы алдын ала хабарланады. Сонымен қатар, бас имамдар арқылы тұрғындар арасында ысырапшылдыққа жол бермеу, дастархан мәзірін қарапайым етіп жаю және мал сою сәттерін фото-видеоға түс... |
| Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
