Жаңалықтар
Тараптар сауда-экономикалық ықпалдастықты тереңдету мәселесін талқылады |
| Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 8,8 пайызға өсіп, 5,4 миллиард доллардан асқан. Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-саттықты әрі қарай жандандыруға қолайлы жағдай жасап, алыс-берісті әртараптандырудың маңызына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан Түркияға қазірдің өзінде 34 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайта алады. Оның жалпы құны 630 миллион доллардан асады. Бұл ретте Мемлекет басшысы екі елдің қаржы орталықтары мен цифрлық сауда платформалары арасындағы серіктестіктің, сондай-ақ бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақ-түрік бизнес форумының нәтижесі сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдете түсетініне сенім білдірді. |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.05.2026 |
Режеп Тайип Ердоған республикалық референдумда халық қолдауына ие болған жаңа Конституция Қазақстанның ынтымағын арттыра беретініне сенім білдірді |
| Сонымен қатар Түркия Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынас кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында барлық салада нығайып келе жатқанын айтты. – Қадірлі бауырыммен өткізген кездесуде саудадан бастап энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандағы өзекті мәселелер секілді көптеген тақырыпта пікір алмастық. Біз сауда айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенімізді растадық. Осы орайда 15 сәуірде Астанада өткен Үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысында қабылданған 67 тармақтан тұратын Іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың маңызына тоқталдық. Инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз. Бүгінгі бизнес-форум сияқты іскерлік ортаны біріктіретін іс-шаралар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайту тұрғысынан аса маңызды деп санаймын, – деді Түркия Президенті. Кеңес отырысында Қазақстан тарапынан Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұ... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.05.2026 |
Мемлекет басшысы Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады |
| Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін атап өтті. – Өзіңіздің көреген бастамаңызбен қолға алынған тиімді реформалардың нәтижесінде Түркия тұрақты өсіп-өркендеу жолына түсті, зор табысқа жетті, ықпалды және қуатты держава атанды. Біз түрік ағайынға әрдайым тілекшіміз, бауырлас елдің әр жетістігіне қуанамыз. Президент Ердоған – жаһандық саясатта әділдік пен жауапкершілік қағидатын табанды түрде қорғап жүрген аса көрнекті қайраткер. Сіздің «Әлем бестен үлкен» атты тұжырымдамаңыз баршаға белгілі. Бұл халықаралық қатынастар жүйесіндегі теңсіздікке қарсы айтылған батыл үндеу екені сөзсіз. Сонымен қатар Режеп мырза түркі және ислам өркениетінің ынтымақтастығын нығайту ісінде айрықша рөл атқарып келеді. Өзіңізді түркі әлемі мойындаған беделді көшбасшы десек, артық болмайды. Сіз туыстас елдердің рухани және саяси тұтастығын бекемдеу жолында аянбай еңбек... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.05.2026 |
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды |
| ✔️Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. ✔️Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді. ✔️Жарлықта Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фудің ұсынымдарын жұмыс барысында қолдану қарастырылған. Үкімет қала мен ауыл мектептері арасында білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 2026 жылдың 1 маусымына дейін орта білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру, оны одан әрі кеңінен тарату жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге тиіс. ✔️2026 жылдың 1 тамызына дейі... |
| Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.05.2026 |
???? Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті |
| Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады. Өзбекстан Президентінің айтуынша, референдум нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан ауқымды реформаларға Қазақстан халқы зор сенім артатынын көрсетеді. Мемлекет басшысы қолдау білдіріп, халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстаннан байқаушылар миссиясын жібергені үшін Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция заман талабына сай келетініне, сондай-ақ мемлекеттің орнықты және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететініне назар аударды. Елімізде жүргізілетін алдағы жаңғыртулар кезінде халықаралық серіктестермен, әсіресе, көршілес және одақтас елдермен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беріледі. Тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы қазақ-өзбек қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген келісімдер м... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.05.2026 |
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ МЕРИТОКРАТИЯ – ӘДІЛДІК ПЕН КӘСІБИЛІК КЕПІЛІ |
| Мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру – бүгінгі күннің басты талабы. Осы жолдағы ең маңызды қадамдардың бірі ретінде мемлекеттік қызметтегімеритократия қағидатын атап өтуге болады. Бұл қағидаттың басты мақсаты –мемлекеттік қызметтегі лауазымдардың туыстық байланыс, тамыр-таныстық немесе жеке басына адалдық арқылы емес, тек қана білімі, біліктілігі және іскерлік қабілетінеқарайбөлінуінқамтамасызету. Меритократия қағидаты құрғақ ұран емес, ол нақты құқықтық негізге ие. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі – қызметшілердіңкәсібилігіменеңбексіңіргенеңбегінеқарайілгерілеуі.Бұлзаңталабыкезкелгеназаматтыңқабілетінеқарайтеңмүмкіндікалуынкепілдендіреді. Меритократия жүйесінің аясында мемлекеттік қызметші төменгі лауазымнан бастап, біртіндеп жоғары сатыларға көтерілу мүмкіндігіне ие болады.Мұндай тәсіл мемлекеттік органдардағы кадрлардың тұрақтылығын қамтам... |
| Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.05.2026 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы |
| Құрметті отандастар! Баршаңызға Отан қорғаушы күні құтты болсын! Мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы айрықша мерекеде жауынгерлеріміздің ерен ерлігі, мықты рухы мен қайтпас қайсарлығы кеңінен дәріптеледі. Бұл – Қазақстанның қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тыныштығын күндіз-түні қас қақпай күзеткен, сондай-ақ қазірОтан алдындағы борышын адал өтеп жатқан барша азаматқа құрмет көрсетілетін күн. Ел жауынгерлері мен командирлері батыр бабаларымыздыңдаңқты жолын жалғастырып, нағыз отаншылдық рухының жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Сардарлар мен сарбаздардың, барлық күштік құрылым қызметкерлерінің бітімгерлік миссиялар, арнаулы оқу-жаттығужиындары мен түрлі халықаралық сайыстар кезіндегі кәсіби шеберлігі, темірдей тәртібі мен жауынгерлік даярлығы – соның айқын дәлелі. Қуатты әскеріміз ең күрделі міндеттерді орындауға қашанда дайын екені сөзсіз. Сондықтан, мемлекет еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға әрдайым баса... |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.05.2026 |
Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже |
| Талдықорған қаласындағы «Салтанат сарайында» «TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік форум өтті. Іс-шара барысында қатысушылар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді, инфрақұрылымды жаңғырту, басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру және халықпен кері байланысты күшейту жолдарын талқылады. Форум билік өкілдері, сарапшылар, мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) мен пәтер иелері кооперативтері (ПИК) басшылары арасында тиімді диалог алаңына айналды. Алқалы жиынға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов, сондай-ақ салалық басқарма басшылары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты. Форумды тізгендеген «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын аталған жобаның тұрғын үй... |
| Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.05.2026 |
Жетісу облысында 7 мыңнан астам балаға вакцина егілді |
| Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Сыртқаттанушылыққа күнделікті мониторинг енгізілген, әрбір жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі, байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынады. Жыл басынан бері инфекцияның 131 ошағында 13 мыңнан астам адам медициналық бақылауға алынған. Жоспарлы және қосымша вакцинация жүргізілуде: иммундаумен қамту жыл сайын 40 мыңнан астам баланы құрайды. Вакцинациядан бас тарту ауыр салдарға, соның ішінде мүгедектік пен өлім жағдайларына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты медициналық қызметтер халықты профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесін сақтауға және вакцинациядан уақтылы өтуге шақырады. Қосымша ақпаратты egu.kz сайтынан немесе 7701 телефоны арқылы алуға болады. |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2026 |
Жетісу әкелер мектебі» ауқымды әлеуметтік жобасы бастау алды |
| Жетісу облысында отбасы институтын нығайту мен әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыруға бағытталған «Жетісу әкелер мектебі» әлеуметтік жобасы іске асырыла бастады. Жобаның басты мақсаты – өңірдегі кемінде 1000 әке мен ұл баланы қамти отырып, жауапты әке болу мәдениетін қалыптастыру және аймақтық қоғамдық тәлімгерлік институтының негізін қалау. Жоба аясында облыстың 8 ауданы мен 2 қаласында ата-аналар комитеттері мен әкелердің қатысуымен 100-ден астам жүйелі кездесулер ұйымдастырылады. Бұл жиындарда ұл бала тәрбиесіндегі заманауи сын-қатерлер, әкенің құқықтары мен міндеттері және ер адамның мектеп өміріне белсенді араласу тәсілдері кеңінен талқыланбақ. Сонымен қатар, әке мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту үшін өңір бойынша 30-ға жуық спорттық іс-шара мен арнайы отбасылық бағдарламалар өткізу жоспарланған. Бастаманың ең ауқымды түйіні – облыстың түкпір-түкпірінен 500-ден астам делегаттың басын қосатын өңірлік Әкелер форумы болмақ. Форум... |
| Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2026 |
