ӘЛЕУМЕТ

Талдықорғанда ағаштарды санитарлық мақсатта кесу жұмыстары жалғасуда

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 21.05.2026
Оқылды: 25 Печать страницы

Облыс орталығы Талдықорғанда санитарлық мақсатта 500-ге жуық ағашты кесу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәлімдеді.

Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында апатты жағдай туғызатын және қураған ағаштарды кесу көзделген. Кесілген ағаштардыңорнына 5 мың түп ағаш көшеті отырғызылмақ. Яғни әрбір кесілген ағаштың орнына 10 түп көшетегіледі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмас Барлыбеков:

Апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлық мақсатта кесу — қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс әкімдіктің ерекшебақылауында. Қураған ағаштар адамдарға жәнемүлікке зиян келтіруі мүмкін. Ауру және қурағанағаштарды санитарлық мақсатта кесу — қатты желмен нөсер кезінде бұтақтардың құлау қаупіназайтады, – деді.

Айта кетейік, биыл көктем-күз айларында қала аумағына 13 мың түп ағаш көшеті отырғызылмақ.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.