ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 03.06.2026
Оқылды: 19 Печать страницы
Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады

 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және оқу жылының аяқталуына орай өңірде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен мерекелік шаралардың жоспары таныстырылды.       
Республикалық тұжырымдама аясында 28-31 мамыр аралығында Жетісу облысынан арнайы іріктелген 5 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Астана қаласына саяхатқа кетті. Олардың қатарында  Ескелді, Қаратал аудандарынан, Текелі, Талдықорған қалаларынан және «Айналайын» балалар үйінен бір-бір баладан бар. 
«Балалар елордада Ақорда резиденциясын аралап, «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады.  
Сонымен қатар, облыста есепте тұрған 891 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқығын қорғау мақсатында «Отбасы банкпен» бірлесіп, тұрғын үй кезегіне қою және есепке алу процестері толық автоматтандырылғаны хабарланды.   
28-29 мамыр күндері облыс, қала және аудан әкімдерінің, сондай-ақ депутаттардың балалармен тікелей кездесулері өтеді. Шара аясында «Бір сәтке әкім» рөлдік ойыны ұйымдастырылып, өскелең ұрпақ өздерін қорғау мен өңірді дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерін ашық айтуға мүмкіндік алады.
Балалардың еңбек құқықтарын қорғау мен олардың заңсыз жұмысқа тартылуының алдын алу – мемлекеттік саясаттың басты бағыты, ал бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі балаларға алаңсыз балалық шақ сыйлаумен өлшенеді. 
Осы мақсатта, 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесінде «Бақытты балалық үшін» акциясы аясында Талдықорған қаласындағы «Жеңіс саябағында» және барлық аудан орталықтарында ауқымды шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламада концерттер мен спорттық жарыстар, ғылыми-шығармашылық көрмелер, Қуыршақ театрының қойылымдары мен ұлттық ойындар, сондай-ақ «Әлем сұлулығы балалар көзімен» асфальтқа сурет салу конкурсы ұйымдастырылады. Әсіресе, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығы мен еңбек қауіпсіздігін түсіндіру тұрғысынан маңызды «Заң және тәртіп» локациясы өз жұмысын көрсетеді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.