Құрылтай – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды мәселелерді талқылауға арналған кеңесші алаң. Онда қоғамның әртүрлі саласының өкілдері бас қосып, мемлекет пен халық үшін өзекті мәселелерді ортаға салады.
Құрылтайда әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, жастарды қолдау, өңірлерді дамыту, заңнаманы жетілдіру және қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы ұсыныстар талқыланады. Жиында айтылған бастамалар сараланып, оларды іске асыру жолдары қарастырылады.
Мұндай басқосулар азаматтардың пікірін ескеруге, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға және тиімді шешімдер қабылдауға ықпал етеді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Құрылтайдың басты мақсаты – елдің тұрақты дамуына бағытталған ұсыныстарды жинақтап, қоғамдық диалогты дамыту. Сондықтан құрылтай жұмысы туралы тұрғындарды ақпараттандыру және көтерілген бастамалардың орындалу барысын жариялап отыру маңызды.
Ардагүл Әскербек
