Нашақорлыққа жол жоқ!
Көксу АПБ қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Көксу ауданының полиция қызметкерлері Балпық би ауылының орталығында аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың алдын алу және оның зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі заттарының адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру, сондай-ақ азаматтардың есірткі қылмыстарына қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында Көксу АПБ қызметкерлері нашақорлықтың адам өміріне төндіретін қауіптері туралы айтып, есірткі заттарын заңсыз сақтау, тарату және қолданудың құқықтық салдарына тоқталды. Тұрғындарға есірткі бизнесіне қарсы күрестің маңыздылығы түсіндіріліп, күдікті жағдайларға бейжай қарамауға шақырылды.
Полиция қызметкерлері әсіресе жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, бос уақыттарын тиімді өткізуге және салауатты өмір салтын ұстануға үндеді. Себебі нашақорлық – жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететін өзекті мәселе.
«Заң және тәртіп» қағидатын қалыптастыруда әр азаматтың жауапкершілігі маңызды. Қоғам болып бірлесе әрекет еткенде ғана есірткі қылмысының алдын алып, жас ұрпақты зиянды әдеттерден қорғауға болады.
Көксу АПБ қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және аудан аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды тұрақты түрде өткізетін болады.
