Бүгін Көксу ауданында Әзербайжан этномәдени бірлестігінің өкілдері №245 дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.
Этнос өкілдері Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өздерінің азаматтық белсенділігін танытты.
Әзербайжан этномәдени бірлестігі өкілдерінің сайлау процесіне қатысуы – еліміздегі қоғамдық келісім мен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Қазақстанда түрлі этнос өкілдерінің өзара татулық пен бірлікте өмір сүруі – ортақ құндылығымыз. Әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы елдің тұрақты дамуына үлес қосады.
