Бүгін Көксу ауданындағы №256 дауыс беру учаскесінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанған Еркеновтар отбасы дауыс беруге қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады.
Ынтымағы мен берекесі жарасқан отбасы мүшелері елдің қоғамдық өміріндегі маңызды науқанға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Еркеновтар отбасы үшін бұл күн – тек азаматтық таңдау жасау күні ғана емес, отбасы құндылықтарын, елге деген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін маңызды сәт.
«Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған өнегелі отбасының сайлауға бірге қатысуы – отбасылық бірлік пен азаматтық белсенділіктің үйлесімін айқын көрсетеді.
Ынтымағы жарасқан отбасы – елдің берік тірегі. Берекелі отбасы – берік мемлекеттің негізі!
