Бүгін Көксу ауданында қоғам белсендісі Гусенов Бархудар Шахгусенович дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.
Қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген азамат сайлау процесіне қатысып, өзінің азаматтық ұстанымын білдірді.
Бархудар Шахгусенович тұрғындарды ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдеріске белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға шақырды.
Әр азаматтың таңдауы – ел болашағына қосылған үлес.
