Бүгін №236 дауыс беру учаскесінде армрестлингтен Азия чемпионы А. Тастанова дауыс беріп, өз азаматтық таңдауын жасады.
Спортта ел намысын абыроймен қорғап жүрген чемпион сайлау процесіне қатысып, азаматтық белсенділігін танытты.
Спорттағы жетістігімен жастарға үлгі болып жүрген А. Тастанова азаматтарды сайлауға белсенді қатысып, өздерінің азаматтық таңдауын жасауға шақырды.
Әр азаматтың таңдауы – ел болашағына қосылған үлес.
