ҚҰРЫЛТАЙ - 2026
Ел ағасы – елдік істің өнегесі |
| ДүненбаевТұрлыханБакебайұлы–бүгіндеОртатөбеауылыныңқадірлітұрғыны,спортсаласыныңардагері,ҚараталауданыныңҚұрметтіазаматы.Биыл93жасқатабантірегенақсақал–елгесыйлы,жастарғаақылынайтып,батасынберіпжүргенабызқария. Жастықшағындаспортпеншұғылданып,әсіресегимнастикаменайналысқанатамызғұмырынсалауаттыөмірсалтыннасихаттауға,кейінгібуынғаөнегекөрсетугеарнапкеледі.Бүгіндеақсақалдыңәрбірсөзіменбатасы–кейінгіұрпаққаүлкентағылым.Елдің ертеңіне бейжай қарамайтын ардагер бүгін де азаматтық ұстанымын танытып,Құрылтай сайлауынақатысып, өз таңдауын жасады. 93 жастағы ел ағасы №163сайлау учаскесіне, дауыс беріп, көпшілікке үлгі болды. «Елдіңертеңі–елдіңбірлігінде,әразаматтыңбелсенділігінде»дегенұстанымдыөмірліксерікеткенТұрлыханБакебайұлыныңбұлқадамы–жасұрпаққанағызазаматтықөнеге. Ақсақалдыңелдікіскеараласуы–кейінгібуынғаберербатасыменөнегесініңжалғасы.Осындайелағаларыныңөміржолы–тұтасбірұрпаққатағылым,алазаматтықбелсенділігі–көпкеү... |
| Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Алғашқы дауыс бергендерге сыйлықтар берілді |
| Бүгін сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беру белсенділігі байқалды. Сайлауға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасаған жас сайлаушыларға ерекше құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды. Алғашқы рет дауыс беру – әрбір жас азаматтың қоғамдық-саяси өмірге араласуындағы маңызды қадам. Бұл күні жас сайлаушылар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел болашағына деген жауапкершіліктерін көрсетті. Сайлау учаскелерінде алғашқы дауыс берушілерді жылы қарсы алып, оларға арнайы сыйлықтар табыстау – жастардың сайлау процесіне қызығушылығын арттырып, азаматтық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған жақсы бастама. Алғашқы дауысын берген жастар үшін бұл күн ерекше естелікке айналып, олардың ел өміріне белсенді араласуына жол ашты. |
| Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Алғашқы дауыс – маңызды таңдау |
| №263 сайлау учаскесінде алғашқы дауыс беруші өз таңдауын жасады! Сайлау күні – әр азамат үшін маңызды сәт. Алғашқы дауыс беруші өз азаматтық белсенділігін танытып, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес. Азаматтық таңдауымызды жасап, сайлау құқығымызды жүзеге асырайық! #Сайлау2026 #№263СайлауУчаскесі #АлғашқыДауыс #Құрылтай #ДауысБеру #МенӨзТаңдауымдыЖасадым |
| Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Әр дауыс маңызды: сайлау барысын бақылауға дайынмын! |
| Мен, Әбдірайымова Інкәр Мұратқызы, Жетісу облысы, Көксу ауданы, Алғабас ауылындағы №233 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлау күні бақылаушы боламын! Еліміздің болашағы үшін әрбір дауыстың ашық әрі таза есептелгені маған өте маңызды. Бақылаушы ретінде бұл жауапты азаматтық парызымды абыроймен және заң аясында атқаруға толықтай дайынмын! Өз таңдауыңды жаса! Азаматтық белсенділігіңді таныт! #КөксуАуданы #Сайлау2026 #ДауысБеру #Құрылтай #МенӨзТаңдауымдыЖасадым #ЖетісуӘділеттіБайқаушы2026 наблюдательӘділет2026 |
| Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Дауыс беру учаскелері жұмысын бастады |
| Бүгін Көксу ауданындағы барлық дауыс беру учаскелері белгіленген уақытта ашылып, өз жұмысын бастады. Дауыс беру учаскелерінде азаматтардың өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беру процесін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырып отыр. Таңғы уақыттан бастап аудан тұрғындары дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Дауыс беру барысы белгіленген тәртіппен және ашық түрде жүргізілуде. Азаматтарды сайлау процесіне белсенді қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырамыз. Әр дауыс – маңызды. Әр таңдау – ел болашағына қосылған үлес. |
| Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Құрылтай сайлауы: сайлау процесінің кезеңдері |
| Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқан. Оның заң талаптарына сәйкес, ашық әрі әділ өтуі бірнеше кезеңнен тұратын жүйелі ұйымдастыру жұмыстарын талап етеді. Әрбір кезеңнің өзіндік міндеті мен ерекшелігі бар. Сондықтан сайлаушылардың сайлау процесінің қалай өтетінін білуі азаматтық белсенділікті арттырып, өз құқықтарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сайлау науқаны ең алдымен оны ұйымдастыруға бағытталған дайындық жұмыстарынан басталады. Бұл кезеңде сайлау комиссиялары құрылып, олардың мүшелері оқытылады, сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық дайындығы тексеріледі. Сонымен қатар дауыс беруге қажетті құжаттар әзірленіп, бюллетеньдер дайындалады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау да осы кезеңнің маңызды бағыттарының бірі. Келесі кезең – сайлаушылар тізімін нақтылау. Әрбір азамат өзінің қай сайлау учаскесінде дауыс беретінін алдын ала тексеріп, қажет болған жағдайда сайлаушылар тізіміне енгізу... |
| Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 21.08.2026 |
Құрылтай сайлауы: сайлаушылар нені білуі керек? |
| Құрылтай сайлауын ұйымдастыру – заң талаптарына сәйкес бірнеше кезеңнен тұратын маңызды процесс. Сайлаудың ашық әрі заң аясында өтуі үшін сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпараттандырылуы ерекше маңызға ие. Сайлау барысында әрбір азамат ең алдымен өзінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін алдын ала нақтылап алғаны жөн. Сонымен қатар дауыс беру күні өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын алып келуі қажет. Бұл – дауыс беру рәсімінің заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Сайлау учаскелерінде азаматтардың еркін дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалады. Дауыс беру құпиялығы сақталып, әрбір сайлаушы өз таңдауын ешқандай қысымсыз жасайды. Сайлау процесінің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында тиісті мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары өз құзыреті шегінде жұмыс жүргізеді. Сайлаушылар сайлау күні белгіленген уақыт аралығында өз учаскесіне келіп, дауыс беру құқығын пайдалана алады. Егер азамат сайлауға қатысты қ... |
| Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 21.08.2026 |
Құрылтай және қоғам |
| Құрылтай – қоғам үшін маңызды мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік беретін кеңесу алаңы. Мұндай басқосулардың басты ерекшелігі – түрлі сала өкілдерінің бір ортаға жиналып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуы. Бұл қоғамдағы өзгерістерге қатысты ұсыныстарды ортаға салып, оларды жан-жақты талқылауға жол ашады. Менің ойымша, құрылтайдың басты маңызы – әртүрлі көзқарастардың ескерілуінде. Өйткені кез келген мәселені тиімді шешу үшін тек бір тараптың емес, қоғамның әртүрлі өкілдерінің пікірін тыңдау маңызды. Ашық диалог өзара түсіністікті нығайтып, ортақ мақсаттарға жетуге ықпал етеді. Сонымен қатар, құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, оларды шешудің ықтимал жолдарын іздеуге де мүмкіндік береді. Мұнда айтылған ұсыныстар мен бастамалар елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және қоғамдық дамуына қатысты ой-пікірлердің қалыптасуына әсер етеді. Әрбір азаматтың пікірі мен ұсынысы құнды екенін көрсету де осындай алаңдардың маңызды қырларының бірі... |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 20.08.2026 |
Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары жалғасуда |
| Елімізде Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сайлау процесінің ашықтығын, заңдылығын және ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз ету мақсатында барлық деңгейдегі жауапты органдар қажетті шараларды қабылдауда. Қазіргі таңда сайлау учаскелерінің дайындығы тексеріліп, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар сайлау комиссияларының мүшелері заң талаптары мен сайлау рәсімдеріне қатысты арнайы оқытудан өтуде. Бұл өз кезегінде сайлау процесінің сапалы әрі талапқа сай ұйымдастырылуына мүмкіндік береді. Азаматтардың сайлау құқығын толыққанды жүзеге асыруы үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да күшейтілуде. Тұрғындарға сайлау күні, дауыс беру тәртібі, сайлау учаскесінің орналасқан жері және қажетті құжаттар жөнінде жан-жақты мәлімет ұсынылуда. Сайлау күні әрбір азамат өзінің тіркелген сайлау учаскесіне барып, жеке басын куәландыратын құжат арқылы дауыс бере алады. Сайлау барысында заң талаптарының сақталуы, дауыс берудің... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 20.08.2026 |
Құрылтай сайлауы: сайлаушылар нені білуі керек? |
| Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары жалғасып, сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Бұл кезеңде сайлаушыларды ақпараттандыруға, сайлау учаскелерінің дайындығын қамтамасыз етуге және дауыс беру тәртібін түсіндіруге ерекше назар аударылады. Сайлау – азаматтардың өз таңдауын білдіретін маңызды қоғамдық процесс. Сондықтан әрбір сайлаушының дауыс беру тәртібін алдын ала біліп, өз құқықтары мен міндеттерінен хабардар болғаны маңызды. Сайлау учаскесін алдын ала анықтау маңызды Сайлаушы ең алдымен өзінің қай сайлау учаскесінде дауыс беретінін біліп алғаны жөн. Аудандардағы тиісті органдар мен сайлау комиссиялары учаскелердің жұмысына байланысты ұйымдастыру шараларын жүргізеді. Сайлау учаскелерінде азаматтарға қажетті ақпарат ұсынылып, дауыс беруге қолайлы жағдай жасау көзделеді. Бұл ретте учаскелердің орналасуы туралы мәліметтерді алдын ала нақтылап алған сайлаушы үшін дауыс беру күні артық уақыт жоғалтпауға мүмкіндік береді.... |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 13.08.2026 |
