ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ

ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ТІРЕГІ

Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ
Уақыты: 03.09.2021
Оқылды: 820 Печать страницы
ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ТІРЕГІ

Биыл  Ата Заңның  қабылданғанына 26 жыл толып отыр.  Конституция күнін атап өту қазақ елінің дәстүріне айналған мерекесі. 
Қай елдің болмасын тұрмыс-тіршілігін реттейтін заңы бар. Қазақ елі де өз отауын тіккелі елдің берекесі мен бірлігін сақтайтын заңын қабылдады.
Ата Заң 1995 жылы 30 тамызда қабылданғаннан кейін оған 1998, 2007 және 2011 жылдары өзгертулер енгізіледі. Осылайша әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да нақты шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің  жарқын болашағымыздың қайнар бастауына айналды. Айналасы 26 жылдың ішінде бірлігі жарасқан, өзге дамыған елдермен иық тірестіре қарыштап келе жатқан мемлекетке айналып отырмыз. Оның барлығы осы дұрыс қабылданған Ата Заңымыздың нәтижесі. Осы орайда, еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толыуына және Ата Заңы қабылданғанна 26 жыл толыуына байланысты 27 тамызда «Ертөстік» бөбек жай- балабақшасы ересек «Күншуақ» тобымызда балаларды патриоттыққа, елін, жерін, отанын сүйуге тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты тәрбие сағаты өтті. Оқу қызметі барысында балалар қонақтарға еліміздің Рәміздері мен Тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтып сұрақтарға жауап беріп оқу қызметіне белсенді  қатынасты. 

Талжібек Қами, 
«Ертөстік» бөбек жай – 
балабақшасының тәрбиешісі.  

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.