ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ

АЛАШТАРДЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН КҮН

Әр мемлекеттің тәу етіп, тұғыр тұтатын темірқазығы-ата заңы. Ата заң- алты алаштың арманын орындаған, алдағы күнге деген сенімін бекіткен құжат. Ендеше, 30 тамыз-азат халықтың ақ арманы орындалған күн. Ширек ғасыр ел өмірінің нақты өлшеміне, татулықтың тірегіне, тұрақтылықтың негізіне айналған конституцияның құқықтық мемлекет орнықтырудағы маңызы зор. Тәуелсіздіктің мызғымас мұрасы, бағалы құндылығы саналған Ата Заңымыз ел еңсесін тіктеуге, ел іргесін бекітуге айрықша ықпалын тигізді. Сондықтан да, біз бүгінгі күнге дейін қол жеткізген жетістіктеріміз бен бағындырған биіктерімізді тек Конституциямен байланыстырамыз. Конституцияның тарихы тереңде. Дала заңынан бастау алған бұл құжат мемлекеттегі ең қымбат қазына адам және оның құқығы мен бостандығы деуімен де жанымызға жақын. Ата Занда адамның өмірі мемлекеттің негізгі байлығы саналған соң, елдегі заңнамалардың да еңалдымен азаматтардың мүддесіне бағытталып, халықтың игілгі үшін жасалатыны түсінікті. Жаңа заңдардың дайындалып, бұрынғы...
Толығырақ... Оқылды: 846 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 25.08.2021

Нар тұлға

Мен 1957-1960 жылдары Кеңес Одағының Батыры Матай Байысов атындағы Шұбар орта мектебінде оқып, онжылдықты бітірдім. Сол жылдары Нұрмолданы жүзбе-жүз көріп, ол кісі туралы халықтың айтқан мақтау сөзін, ол кісіге берген бағасын жиі еститінмін. ...1957 жылдың қоңыр күзі еді. Мен жездем Социалистік Еңбек Ері, егіс бригадирі Аппақ Мүсәпіровтің үйінде тұрып оқып жатқанмын. Ол кезде Алғабас ауылында жетіжылдық мектеп қана болатын. Ауылға екі ай қатынамаған мен 2-тоқсан аяқталған соң бір-екі күнге үйге барып қайтпақ болдым. Жездем Алматыға кетіп бара жатқан Нұрмолдаға Қызылтоғанға дейін ала кетуіне келісіп, мен ол кісінің Волга жеңіл көлігіне отырғызып жіберді. Нұрмолда аға жолда менен қалай оқып жатқанымды сұрады.Мен орыс тілі мен алгебрадан қинала үлгеріп жүргенімді, бақа ауылдардағы жеті жылдық мектепті бітіріп келгендердің ішінен бес-алты пәннен үлгермеген 7-8 оқушыны мектептен шығарғанын айттым. Ол кісі жас кезде жақсылап оқып, терең білім алу керектігін, білімді мыңды жығатынын, келеш...
Толығырақ... Оқылды: 868 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 25.08.2021

Көз көрген ауыл ағасы

Ауыл әрбір қазақ баласы үшін киелі мекен, қастерлі ұғым. Мөлдіреген бұлағының суына шөлің қанып, керемет саф ауасы мен көкжиектің шегі жетпес даласында қанша ойнасаң да құмарың қанбайды. Елге қызмет етіп, егде тартып есейген сайын өткеніңе көз жүгіртіп, айналаңа қарайлай түседі екенсің. Өзім осы Қызылтоған ауылында өсіп ер жеттім. Ауылда үлгі тұтар азаматтардың бірі марқұм Иемберген Рысбеков еді. Өзі қарапайым, сұңғақ бойлы, тұлғалық келбеті келісті жігіт ағасы еді. Алғабас колхозында көлік жүргізуші болып қызмет атқарды. Өз ісіне тиянақты болатын. Тіпті облыстан келген адамдар жоғары лауазымды кісі ме деп жататын. Бірде сондай оқиға болды. Зоотехникті іздеп келген облыс атқамінерлері амандасқан күйі шаруасын айтып бастайды. Өздері шофермен сөйлесіп тұрғандарын Иемберген ағамыз өзін таныстырғанда ғана ұғынады. Сондай талай қызықты оқиғаларды бастан кешкен. Біз үшін Иемберген ағаның киген киімі тап таза үтіктелген жейдесі мен шалбарының қырына деиін санамызда әлі күнге дейін жатталып қа...
Толығырақ... Оқылды: 829 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 25.08.2021

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Халқымыз сан ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел болдық! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Тәуелсіздік бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең.Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара, дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. 1991 жылы 16 желтоқсанда әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Қазіргі таңда өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді елміз! Ең алғаш тәуелсіздікті мойындаған түбі бір Түркия елі.Тек бір ғана емес, барша әлем е...
Толығырақ... Оқылды: 878 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 19.08.2021

Тәуелсіздік-тұғырым

18.08.2021 күні Қ.Р.Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Спорт күні" мерекесіне орай Айнабұлақ ауылдық округінің әкімшілігінің дене шынықтыру жөніндегі әдіскер нұсқаушысы:Гімің Қуамбектің ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелер және жастар арасында :Салауатты өмір салтын насихаттай отырып,спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында волейболдан жарыс өтті.Жарыста :Мемлекеттік қызметкерлер ,жастар орасан зор құлшыныспен қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 774 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 18.08.2021

Қастерлі ұғым

Тәуелсіздік. Әр адамның, әр халықтың көздейтіні – еркіндік, азаттық. Сондықтан да әрбір қазақ үшін тәуелсіздіктен асқан қастерлі ұғым жоқ. Биыл тәуелсіздікке- 30 жыл. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін ең алдымен өзіміздің ата- бабаларымыздан мирас болып келе жатқан салт– дәстүрімізді, шұрайлы тіліміз бен мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай отырып, өскелең ұрпақты осы асыл қазынамыз арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу кезек күттірмес міндеттердің бірі. Өскелең ұрпақтың азаматтық тектілігін қалыптастыру мақсатында оларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, отбасылық құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу басты парызымыз болып санлады. Тәуелсіздік алған жыдардан бері жыл сайын облыс, республика бойынша мерейлі отбасы байқауы өткізііп, жүлдеге ие болғандар қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталып келеді. Байқауға қатынасушылар отбасы саны жылдан жылға көбейіп келеді. Бұл кеңестік империя тұсында болмаған жағдай еді. Дінге қарсы атейстік тәрбие деген ж...
Толығырақ... Оқылды: 808 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 14.08.2021

Алаш азаттығының арысы

Исатай Тайманұлының туғанына 230 жыл Дархан даланың төсінде тұяғы тасты уатқан тұлпарды тақымдап, ұлтының азаттығы үшін отқа түскен асыл ерлер аз емес. Сан ғасырлық тарихымызға көз жүгіртсек, халқын аңсаған арманына жеткізуге талпынған талай тұлға алдыңнан атойлап шығады. Есімі елдің есінде жаңғырған баһадүр батырымыздың бірі һәм бірегейі – Исатай Тайманұлының туғанына биыл 230 жыл толып отыр. 1838 жылы Ақбұлақ өзенінің жағасындағы патша әскерімен болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан Исатай батырдың жерленген жері – Ақтөбе облысы Қобда ауданының аумағындағы Шейітсай қорымы. Бұл дерек төңірегінде талай даудың болғаны рас. Алайда, елге белгілі тарихшылар, исатайтанушы ғалымдар мен сөз зергерлерінің соңғы пайымына сүйенсек, Исатай батырдың жерленген жері Шейітсай екені даусыз. Тарихи деректер де осыны құптайды. 2014 жылдың 20 қарашасында Исатай батыр мен ұлы Оспанға алыстан менмұндалап көрініп тұратын ақкүмбез кесене бой көтерді. «Өлгеніміз тірілді, өшкенімі...
Толығырақ... Оқылды: 841 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 14.08.2021

Тәуелсіздік туы — асқақ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы - бұл халқымыздың маңдай терімен жеткен жетістіктері, сонымен бірге - жаңа тарихи сын. Осы уақыт ішінде халықтың еркін санасы қалыптасып, егемен елдің жаңа да жасампаз ұрпағы өсті. Қазақстан әлемде мәртебелі мемлекет ретінде орнықты. Әрине, бұл уақыт ішінде мақтануға тұратын, мемлекеттігімізді нығайтып, бүкіл әлемге паш етуге лайықты талай ауқымды істер жасалды. Дегенмен, Тәуелсіздік осы отыз жылмен шектелмейді. Оған жетудің тарихы, қазағымыздың көрген қасіреті бір жағында тұрса, екінші жағында елдігімізді, егемендігімізді сақтап, оны келешек ұрпақ үшін нығайту ісінің тұрғаны сөзсіз.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Тәуелсіздіктің қадірі мен құндылығын, оны сақтаудағы бағдар-белестерді айқындап берді.Президент мемлекетіміздің отыз жылда өткерген белестерді тізгіндеп, олардың әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұрғанына назар аударды. «Көреген басшы елді өсіреді...
Толығырақ... Оқылды: 1252 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 01.07.2021

Әкем, анам және мен - шынығамыз біз спортпен

4 маусым күні Талдықорған қаласының «Өркен» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында «Әкем, анам және мен-шынығамыз біз спортпен» атты облыстық жарыстарының финалдық кезеңі өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған жарысқа, аудандық және қалалық әкімдіктерден 15 жеңімпаз команда қатысты. Естеріңізге сала кетейік, 28 мамыр мен 2 маусым аралығында облысымыздың барлық өңірлерінде «Әкем, анам және мен-шынығамыз біз спортпен» атты спорттық іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілген болатын. Бұл іс-шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілерінің имиджін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа баулу боп табылады. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ра...
Толығырақ... Оқылды: 1596 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.06.2021

Адалдық- арыңның айнасы

Адалдық-адамның бойындағы ең асыл қасиеті, жанның тазалығы, тұлғалық көркем көрінісі. Адалдық- шыншылдық, турашылдық, пәктік, ар-ұждан, ұят тәрізді игі қасиеттердің жиынтығы. Адалдық әрбір адамның, тұлғаның қалыптасуында кем болса болмайтын бағалы қасиет. Осы бағалы қасиетті мұра еткен Ұлы Абай атамыз 29-шы қара сөзінде: «Адал еңбекпен мал іздемек, ол арлы адамның ісі» ал, 37-ші қара сөзінде: «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы боласың»,- деп өлмейтұғын сөз қалдырған. Бабаларымыздан қалған «Тәрбие басы- тал бесіктен басталады»-деген нақыл сөзі бар. Салт-дәстүрге берік халқымыз тәй-тәй басқан баланы ешкімнің ала жібін аттамасын, адал мінез-құлықпен өссін деген ниетпен ала жіппен тұсауын кескен. Бұл салт-дәстүрдің өзінде үлкен тәлім-тәрбие жатыр. Бала тәрбиесін басқадан биік қойған халқымыз баланы ұят болады, обал болады, жаман болады деген үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. Әрбір кішкентай іс-ұлы істердің бастауы, олай болса, адал...
Толығырақ... Оқылды: 1575 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.06.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.