ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ
Тәңір сыйы - Тәуелсіздік! |
Міне биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік– еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғанымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ елі жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етті. Өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында төл рәміздер дүниеге келген сәт - ерекше орын алады. Содан бері міне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне 29 жыл. Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат , Ол- мемлекеттік рәміздердің тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігі. Олар осы ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойын дарытуға қызмет етеді. Осы орайда Елбасымыздың мемлекеттік рәміздерді қабылдауға қаншалықты мән бергендігі баршамызға белгілі. Мұндағы мақсаты - көтерген туы мен елтаңбасының, а... |
Толығырақ... Оқылды: 1564 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.06.2021 |
Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу |
Жастар – бұл егемен еліміздің мызғымас іргетасын қалауда ерекше серпін берер, ел болашағын уыстарында ұстаған толқын. Мемлекеттің қарышты дамуы, жалындап жануы тікелей жастардың дарын-дағдысымен, талап-талпынысымен сабақтасып жатыр. Тәуелсіздік құрдастары болып отырған кейінгі толқын өкілдерінің бүгінгі белсенділігі жаһандық бәсекелестіктегі бәсіміздің басым түсуіне түрткі болары да сөзсіз. Осы ретте ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Балпық би ауылындағы М.Сеңгірбаев атындағы орталық саябақта, экономикалық-әлеуметтік дамуына әр сала бойынша елеулі үлес қосып жүрген жастармен кездесу өткізілді. Шараға: Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Қисметов, Көксу аудандық пробация бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Саят Жолдыбаев, Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Қуаныш Дүйсенбаев қатысып жастармен ашық сұхбат жүргізді, және шара соңында аудандақ кітапхана «Өркендеп нығая бер Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесін ұсынды. Жалын мен... |
Толығырақ... Оқылды: 1460 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.06.2021 |
Көп болғанда ғана Көсегеміз Көгереді |
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша өткен жылы 26 мыңнан астам адам Қазақстаннан шетелге кеткен екен. Олардың көпшілігі – білімді жастар мен білікті ма-мандар. Тағы бір деректерде 2015 – 2019 жылдар аралығында елімізден шамамен 200 мыңнан астам адам шетелдерге тұрақты тұру мақсатында қоныс аударғаны жайлы жазылған. Бұл – барлық мемлекеттерде болып жататын үрдіс. Қытай, Ресей және Америка сияқты алып мемлекеттер үшін бұл ұсақ-түйек, әңгімеге өзек болатын да нәрсе емес. Ал әлемде жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын ат төбеліндей халқы бар Қазақстан үшін үлкен олқылық әрі өкініш.Осындайда халқымыздың: «Туған жердей жер бол-мас, Туған елдей ел болмас», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалдары ойға орала береді. Тоғыз жасында құлдыққа сатылып, кейін Мысыр елін 30 жыл билеген, бақ пен тақты тастап, туған жеріне оралған Бейбарыс бабамыз көз алдыңа елестейді. Туған халқының Тәуелсіздігі жолында Алаш арыстары... |
Толығырақ... Оқылды: 1622 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 21.05.2021 |
ҰЛЫ ДАЛА ӘСКЕРІ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ |
Толығырақ... Оқылды: 1954 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 04.05.2021 |
«Алаушылар» табысы |
Жуырда Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстың 7-8 сынып оқушылары аралығында әскери - спорттық «Алау» ойыны өтті. Оған облысымыздың 16 ауданы мен қалаларының командалары қатысып өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын, өнерлерін ортаға салды. Байқаудың ережесіне сай командалар сапта тұру - жүру, саптық ән орындау, АК-74 қаруын уақытқа шашып, қайта жинау, командалық эстафеталық жарыс, Ұлы Отан соғысы туралы ән байқауы, ұлдар кермеге тартылу, қыздар денені көтеру, Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы ғылыми жоба қорғау тәрізді номинациялар бойынша мықтыларын анықтады. Біздің ауданның «Құлагер» командасының намысын Жамбыл ом, Ж.Егінбаев аом, Қ.Жалайыри омг, Қызыларық ом, С.Қырықбаева ом, №12 Айнабұлақ ом оқушылары қорғады. Құрамында 7 ұл бала, 2 қыз бала өнер көрсеткен ауданымыздың «Құлагер» командасы барлық номинацияларда тамаша өнер көрсетіп жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша... |
Толығырақ... Оқылды: 1642 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 02.04.2021 |
Жер сатылмайтын болды |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылық жерлерді сатуға және жалға беруге заң түрінде тыйым салуды тапсырған болатын. Тоқаев бұл мәлімдемені жер сатуға қойылған мораторий мерзімі аяқталар тұста, қоғамда жер сатпау туралы мәселе жиі көтеріліп жатқан кезде жасады. Ол: - Жер мәселесі маңызды. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды. Бұған қатысты қауесеттерді тоқтату керек. Сондықтан мен нақты мынадай шешім қабылдадым, біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты шешім. Мен мұны жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім. Президент әкімшілігі бұл мәселеге қатысты қажетті заң жобасын әзірлеуі керек. Екіншіден, бір ай ішінде жер реформасы жөніндегі комиссия құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді тапсырамын, - деді Тоқаев 25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Қасым-Жомарт Тоқаев көпті толғандырып, жүрген ө... |
Толығырақ... Оқылды: 1496 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 30.03.2021 |
Қызылтоған тарихы |
Жалпы Қызылтоған ауылы атауының шығу тарихына қатысты айтып өтейін. 1926 жылы советтендіруге байланысты қыстау-қыстаудағы халықты жинап, отырықшыландыру үшін яғни революцияға қатысты ауылдарды біріктіріп ұжымшар құрды. Үкіметтің бұл әрекеті сол уақытта халықтың тұрмыстық жағдайына едәуір әсер етті. Ауыл халқының егістік пен мал шаруашылығынан басқа күнкөріс көзі болмады. Сол себепті егін егу үшін су шығарып, тоған қазу керек болды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген ұранмен ауыл халқы жиналып өз қолдарымен, қып-қызыл еңбектің арқасында 12 км жерден тоған қазды. Тоғанды қазуға 40-тан астам адам білек сабана кірісіп, атсалысқан. Тоған қазып жатқан сәтте Талдықорғаннан советтің уәкілі келіп, тексеріс жасап, ұжымшардың атауы қалай деп сұрайды. Сонда тоған қазып жатқан жігіттер ауылымыздың атауы жоқ деп жауап берген. Сол сәтте қылышынан қан тамып тұрған уәкіл ұжымдарыңның атауы бүгіннен бастап «Қызылтоған» аталсын деп біржақты шешім қабылдаған. Міне, осы уақыттан бастап, күні бүгі... |
Толығырақ... Оқылды: 1490 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 19.03.2021 |
Бақытын еңбектен тапқан |
Еңбек ету қашанда береке мен ырыздықтың бастауы саналады. Дана халқымыз айтқандай еңбек еткеннің өнбегі артып, мансабы мен беделі өседі. Бүгінгі кейіпкерлеріміз Тұрсын Құтымбаев пен Жұмақыз Құлдыбаева осындай еңбекқор адамдар десек еш қателеспейміз. Жастайынан өмірдің ауыртпашылығын көрген қос қариямыз да бүгінде 80 жасқа келіп, бейнетінің зейнетін көріп, ортасына үлгі болып жүрген азаматтардың қатарында. Халқымыз әйел-ананың қоғам өміріндегі рөлін өте жоғары санаған. Елдің елдігін, халықының даналығын, ұлдарының батырлығын, қыздарының ақылдылығын отбасы тәрбиесі, соның ішінде шаңырақтың түтінінің түзу шығуына тікелей қатысы бар жар, ананы ерекше құрметтейді. Осы орайда, Жұмақыз Құлдыбаеваның Қызылтоған ауылының ауылшаруашылығына сіңірген еңбегі орасан зор. Кішкентайынан жоқшылық пен қиыншылықты бастан кешсе де еш мойымайтын қайсар мінезі, еңбекқорлығы көпке үлгі. Өзі 1940 жылы 10 желтоқсанда Панфилов ауданы, Қоңырөлеңде дүниеге келеді. - Мен туғанда әкем соғысқа кетіпті, шешем біре... |
Толығырақ... Оқылды: 1293 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 26.02.2021 |
ӘЙЕЛ – ОТБАСЫНЫҢ ӨЗЕГІ |
Қыз – жайқалған гүл. Қалай баптасаң, сондай болып өседі. Қыз-дың бойында ұят, намыс, инабат, адамгершілік, ұяңдық болуы тиіс. Қазақ ықылым заманнан қыз баласын намысым, арым, ұятым деп қадірлеген. Қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Қызға артылған жауапкершіліктің салмағы ауыр. Ол - ұлттың айнасы. Сол үшін қыздар ақылды, ибалы, инабатты болуы үшін үлкен буын оларға жол көрсетіп, ақыл-кеңесімен бөлісіп отыруы керек. Ұрпақ сабақтастығының нәзік жібін үзіп алмауымыз керек. Бұл жолы «Отан – отбасынан басталады»,- деген ұғымды бойына сіңірген, бүгінде ақ жаулықты әже Күлшаруан Сыдықбекқызы жайлы қалам сермедік. Апамыз сонау сұрапыл екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Кербұлақ ауданының Қоғалы ауылында дүниеге келген. Ол кезде кім-кімге болсын оңай соқпағаны анық. Жастық шағы соғыстан кейінгі қайта қалыптасу, ауыр еңбекпен тұспа-тұс келеді. Әкесі Сыдықбек Дуанаев Шоқан ауылында басшы (председатель) болып қызмет атқарады. Күлшаруан Сыдықбекқызы еңбе... |
Толығырақ... Оқылды: 1261 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 26.02.2021 |