СПОРТ
ОЛЖАМЕН ОРАЛҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ |
Жүйріктерін орғытқан, Қиялардан қарғытқан, Қызыл болат кім екен? Атта жерде ойнаған, Көздері оттай жайнаған, Бұлар кімнің ұлы екен? Жасасын қызыл болаттар, Біздің темір қанаттар, Еңбегі мәңгі өлмейтін. «Спорт деген бекзада өнері екені анық. Бақ пен баптың сыналар шағында ел намысын жоғары ұстап жеңіс тұғырына көтерілгенде қуанбайтын жан жоқ шығар. Дәл осындай жұлдызды шақта, байра-ғымыз көкке өрлегенде күллі әлем алдында дәрежеміздің көтерілетіні сөзсіз. 17 қазан - Көксу ауданы үшін қуанышқа толы күн болды. Жақында Латвия Республикасының Даугавпилс қаласындағы ардагерлер арасында гір спортынан әлем чемпионаты болып өтті. Әлемнің 31 елінен 700 спортшы қатысқан жарыста жерлесіміз Жұмахан Күзбаев қазақ елінің намысын қорғап, байрағын көкке көтеріп, елге жеңіспен оралды. Жер шарының ең мықты гір көтерушілері жиналған Латвиядағы әлемдік чемпионатта көксулық тарланымыз қалың спортшылардың арасында топ жарды. 60-64 жас аралығында өнер көрсеткен Жұмахан ағамыз бойында рух пен... |
Толығырақ... Оқылды: 581 Санат: СПОРТ Уақыты: 18.10.2018 |
«Хан тәңірі медиа экспедициясы» аяқталды. |
Экспедиция мүшелері шыңға шыға алды ма? Қандай қиындықтарға кезікті? Осы сұрақтардың бәріне Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі жанындағы брифингте жауап берілді. Экспедиция Алматы облысы әкімдігімен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Естеріңізге сала кетсек, экспедиция құрамында қазақстандық актерлер Әнуар Нұрпейісов, Айсұлу Әзімбаева, National Geografic ұйымдастырған «Әлемнің 100 кереметі» атты халықаралық фотофестивальдің қатысушысы, фотограф Александр Кузнецов және Жетісу географиялық қауымдастығының басшысы Әнуар Демегенов тау шыңына бірнеше апта бойы шығуға талпынған. Әнуар Нұрппейісовтың айтуынша тауға шығу оңай емес. Шыңды бағындыру барысында бірнеше рет басын қатерге де тігіпті. - Хан тәңірін мен ешқашан ұмытпаймын. Себебі, бұл сапарды басқаларымен салыстыруға мүлде келмейді. «Таудан тек тау ғана күшті» деген сөзді мен толығымен растаймын. Өз басым 5500 метрлік биіктікті ғана бағындыра алды... |
Толығырақ... Оқылды: 1026 Санат: СПОРТ Уақыты: 07.08.2018 |
Әріптесіміздің жеңісі |
Талдықорғанда «Жастар» спорт сарайында облыс әкімдігі мен ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдық мерейтойына орай журналистер арасында спартакиада ойындары өтті. Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін: - «Қазақстан журналистикасының ең көне басылымдары болып табылатын «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдық тойы бүкіл елдің тойына ұласып отыр. Соның жарқын дәлелі шағын футболдан өтетін республикалық жарыс пен спартакиада. Осындай доданы ұйымдастыруға үлкен көмек көрсеткен облыс әкімдігі мен ішкі саясат басқармасына алғыс айтамыз. Бүгінгі сайыс Ұлы Даланың төрт бұрышына жайылған жарыс. Ғасырлық той, ғасырлық дода құтты болсын, – дей келе спортшыларға табыс тіледі. Дүбірлі дода облыстық және ауданнан келген БАҚ өкілдері спорттың бильярд, волейбол, үстел теннисі, кіші футбол т... |
Толығырақ... Оқылды: 603 Санат: СПОРТ Уақыты: 04.05.2018 |
Сом білек жігіттер сайысы |
Таяуда Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің, балалар және спорт мектебінің ұйымдастыруымен бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған аудан әкімінің жүлдесі үшін қазақ күресінен өткен «Көксу бөрісі» турнирі спортсүйер қауым үшін үлкен спорттық мерекеге айналып, залдағы жанкүйер жарыстың басталуын тағатсыздана күтті. Зал төрінде екі киіз үй тігіліп, есік алдындағы сұсты батырлардай төрт жігіт найзаларын айқастырып, балуандарға алдағы додада күш-жігер беріп тұр. Жарыстың ашылу салтанатында турнир ашық деп жарияланып, Гимн ойналды, сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев ауданымызда дене шынықтыру және спортқа көп көңіл бөлініп отырғанын атап өтіп, таяуда Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда оқушылардың Атланта Олимпиадасының (1996 жыл) қола жүлдегері, жерлесіміз Мәулен Мамыровпен кездесу өткенін, даңқты балуан жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізгенін айтып өтті. Содан соң «Тақиялы періште&raqu... |
Толығырақ... Оқылды: 1026 Санат: СПОРТ Уақыты: 27.04.2018 |
Төрлет төрімізге, Наурыз |
Аудан орталығында барлық сән-салтанатымен өткен «Наурыз» мерекесі келесі күні Лабасы ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылында жалғасын тапты. Округке қарасты Мәмбет, Талапты, Жамбыл, Еңбекшіқазақ елді мекендерінің тұрғындарының аса ұйымшылдық танытқаны көрер көзге бірден түсіп, мерекелік шара дүбірлі думанға айналды. Бірнеше тігілген ақшаңқан үйлер, сәнді шатырлар, жағалай орналасқан сауда-саттық орындары алыстан көзге түсіп, жиналған қауымды өзіне тартады екен. Мерекені ауылдық округ әкімі Ержан Шалқыбеков құттықтау сөзімен ашып, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»-деп игі лебізін білдірді. Аудан әкімінің құттықтауын жеткізген аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов округке қарасты 4 елді мекен тұрғындарының осылай «Наурыз» мерекесін бірге тойлауды бірнеше жылдан бері дәстүрге айналдырғанын атап өтті. Мерекеде сонымен қатар аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Амангелді Қалдыбек, зейнеткерлер Амангелді Ыбыраев, Нұрбек Достыбаев сөз сөйлеп, ауылдаст... |
Толығырақ... Оқылды: 874 Санат: СПОРТ Уақыты: 22.03.2018 |