СПОРТ
ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ |
Ақпан айының 14-17 аралығында оңтүстік астанамыз Алматы қаласында грек-рим күресінен 2002-2003жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Осы жарысқа Алматы облысы атынан Көксу ауданы БЖСМ-нің спортшысы Ерасыл Әбілқайыр қатысты. Жарысқа республикамыздың барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының спортшылары қатысты. Жарысқа қатысушылар саны 280-нен асты. Тепсе темір үзетін жас жігіттер боз кілемнің шаңын қақты. Екі күнге созылған жарыс өз мәресіне жетіп, жарыс нәтижесі де анықталды. Осы жарыста 71кг салмақ дәрежесі бойынша белдескен дарынды палуанымыз Ерасыл Әбілқайыр ақтық сынға жолдама алар кезде жеңіліс тапты. Қалған Жуаныш белдесулерінің барлығын жеңіп, жүлделі ІІІ орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды. Еркін күрестен Алматы облысының чемпионаты Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында ақпан айының 12-15 аралығында еркін күрестен 2002-2003 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Алматы облысының чемп... |
Толығырақ... Оқылды: 503 Санат: СПОРТ Уақыты: 06.03.2019 |
Облыс чемпионы атанды |
Жуырда Талдықорған қаласында облыс оқушыларының IX қысқы спартакиадалық бағдарламасы бойынша қыздар арасында футзалдан жарыс өткізілді. Осындай дәстүрлі жарысқа біздің ауданның құрама командасы қатысты. Ауданымыздың құрама командасының сапында, аудандық спартакиадалық жарыста ең үздік деп танылған Жетіжал, Н.Алдабергенов, Еңбекшіқазақ, Ж.Егінбаев атындағы орта мектептерінің және Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушылары өнер көрсетті. Біздің команда топтық ойындарында өз қарсыластарын 12:0, 9:1, 7:0, 2:0 есебінде жеңіп, финалдық ойында Талғар қаласының командасын 8:2 есебімен ұтып, чемпион атанды. Осылайша біздің ауданның құрама командасы наурыз айының 1-7 аралығында Көкшетау қаласында өтетін оқушылардың республикалық жарысында Алматы облысының намысын қорғайтын болады. Қанат ӘБДІЛДАНОВ, білім бөлімінің әдіскері |
Толығырақ... Оқылды: 449 Санат: СПОРТ Уақыты: 01.03.2019 |
Қысқы көпсайыс – 2019 |
«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, әрбір адамның спортпен шұғылдануы денсаулығына өте маңызды. Ал, денсаулық –адамның ең басты байлығы. «Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала» -, деп Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау аясында, 2019 жылдың 16 ақпан күні Мұқыры ауылдық тау бөктерінде аудандық «Қысқы көпсайыс – 2019» бұқаралық – спорттық жарысы өтті. Бұл сайысқа аудан ішіндегі барлық мекеме-бөлімдер қатысты. Қысқы көпсайыс аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халеловтың сөзінен бастау алды: “Елбасымыз Қазақстан xалқына арналған барлық Жолдауларында, еліміздің болашақ дамуының басты бағыттарының ішінде жастардың білім алуына, дене шынықтыру мен спорт саласына ерекше назар аударып, спортты өркендету, салауатты өмір салтын ұстану, адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы – денсаулық сақтау саласы мен күнделікті өмірдің негізгі бір бөлшегі. Дені сау ұлт бәсекеге қашанда қабілетті... |
Толығырақ... Оқылды: 463 Санат: СПОРТ Уақыты: 22.02.2019 |
Жарыс өз мәресіне жетті |
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ Алматы облысының спорт басқармасы 2019 жылды қазақтың ұлттық ойын қазақ күресінен бастады. Қаңтар айының 11-14 күндері аралығында Талдықорған қаласында 2002-2003, 2004-2005 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында Алматы облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Көксу ауданының БЖСМ командасы қатысып, ауданымыздың намысын қорғап, абыроймен оралды. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында Аяжан Мұқтарғали 48 кг салмақ дәрежесі бойынша қарсыластарын таза жеңіп, чемпион атанды. Ал, Бағжан Ауданбек 70 кг, Кәусәр Мейрамбек 63 кг салмақ дәрежесі бойынша ІІ орынға ие болды. Ұлдар арасында Еркебұлан Тұрғанбай 46 кг, Алтынбек Қоғайбек 81 кг ІІІ орынды жеңіп алды. Жарысқа балуан ұл-қыздарды дайындаған БЖСМ жаттықтырушылары Алдаберген Сиражанов, Қазбек Нұртілеуов. ДЗЮДО Қаңтар айының 15-19 күндері аралығында Талдықорған қаласында 2004-2005 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдо күресінен «Қысқы демалыс» атты дәстүрлі Республикалық ашық турнир өтті. Бұл жарысқа республи... |
Толығырақ... Оқылды: 626 Санат: СПОРТ Уақыты: 08.02.2019 |
Спартакиада жалғасуда |
Аудан оқушыларының IX спартакиадалық бағдарламасына сай, жуырда Ж.Егінбаев атындағы «Жастар» спорт кешенінде футзалдан ұлдар, қыздар арасында жарыс өтті. Алдымен 24 мектептің командалары 4 топта өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған командалар финалдық ойындарға жолдама алды. Ұлдар арасында аса тартысты өткен финалдық ойында Мұсабек атындағы орта мектептің командасы 5:4 есебімен Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының командасын ұтып, чемпион атанса, Алғабас орта мектебінің командасы 6:3 есебімен Қызыларық орта мектебінің командасын ұтып, қола жүлдеге ие болды. Қыздар арасында 1 орын үшін болған ойында Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп командасы 2:0 орын есебімен Ж.Егінбаев атындағы орта мектебінің командасын ұтып жеңімпаз атанса, Жетіжал орта мектебінің командасы Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектебінің командасын 3:1 есебімен ұтып, 3-ші орынды жеңіп алды. Жарыс соңында жүлдегер командалар мен ең үздік ойыншылар аудандық білім бөлімінің мақтау грамоталарымен марапатталды.... |
Толығырақ... Оқылды: 488 Санат: СПОРТ Уақыты: 01.02.2019 |
Қол күрес шеберлері күш сынасты |
Жуырда Алғабас орта мектебінің спорт залында аудандық білім бөлімі мен Алғабас ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен армрестлингтен аудан оқушылары арасында ауданның ашық біріншілігі өтті. Айтулы жарысқа ауданның 19 мектебінен және Талдықорған қаласынан 120-ға жуық ұлдар мен қыздар қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды. Ұлдар 55,60,65,70,75,80+ кг , қыздар 45,50,55,60,65,70+ кг салмақ категориялары бойынша жарысқа қатысты. Жарыстың салтанатты ашылуында Алғабас ауылдық округінің әкімі Дәурен Молдағали, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қанат Әбділданов жарысқа келген оқушыларға жылы лебіздерін білдірсе, армрестлингтен Азияның және Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, жарыстың бас төрешісі Абдуәли Тастанов жарысқа қатысушыларға жарыстың ережесімен таныстырып өтті. Жарыс ережесіне сай қарсыластар оң қол және сол қолдарымен күресіп, жеңімпаздарын анықтады. Барлық салмақ категорияларының қорытындысы бойынша Алғабас орта мектебінің командасы 97 ұпаймен 1-орынды, 2-орынды... |
Толығырақ... Оқылды: 717 Санат: СПОРТ Уақыты: 01.02.2019 |
Волейболдан «Жетісу кубогы» Халықаралық турнирі өтуде. |
Бүгін Талдықорғанда волейболдан ардагерлер арасында «Жетісу кубогы» Халықаралық турнирі басталды. Аталмыш, додаға Қазақстан, Монғолия, Өзбекстан, Қырғыстан, Татарстан, Польша, Ресей және тағы да басқа республикаларының командалары қатысуда – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Турнирдің салтанатты ашылуында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халықаралық турнирге келген қонақтарға өзінің жылы лебізін білдірді. — Құрметті, турнирге қатысушылар, жер жаннаты атанған Жетісу өлкесіне қош келдіңіздер! Бүгінгі «Жетісу кубогы» турниріне арнайы келген командалардың ішінде атақты ойыншылар – еңбек сіңірген спорт шеберлері, волейбол ойынының өрісін кеңейтуге көп еңбек сіңірген азаматтар бар. Олар-бірнеше буын спортшылар үшін үлгі болған кәсіби мамандар. Сондықтан бұл турнирді өткізу елімізде, соның ішінде облысымызда волейболды дамытуға жасалған жақсы бір қадам деуге болады. Бәріңізге бұл турнирде жақсы ойын, сәттілік пен жеңіс тілейм... |
Толығырақ... Оқылды: 433 Санат: СПОРТ Уақыты: 04.12.2018 |
ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ФУТБОЛ |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: - «Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек»,- деп атап көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарында Елбасы Жолдауы жүзеге асырылып, түрлі шаралар атқарылып, жалғасын табуда. Соның бірі – спортты дамыту мақсатында Еңбекшіқазақ орта мектебінде қазан айының 27-і күні ұлағатты ұстаз Сапарбек Байтайұлы Асқаровты еске алуға арналған қыздар арасында кіші футболдан жарыс өтті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған еске алу турниріне аудан мектептері арасынан іріктеу кезеңінен өтіп финалдық кезеңге жолдама алған 5 команда өзара мықтыны анықтады. Ұстаздық жолын осы мектепте дене тәрбиесі пәніні... |
Толығырақ... Оқылды: 707 Санат: СПОРТ Уақыты: 09.11.2018 |
АЛҒАБАС ТӨРІНДЕ – КӨКПАР |
Көкпар – қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі және бірегейі. Бұл ойын түрінің теңдессіз екендігін әлем халқы мойындап отыр. «Көкпар» ойыны жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Ұлттық ойындарымызды халық арасында кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ойынның техникасы мен шеберлігін игеруге жастарымыздың қызығушылығын ояту мақсатында, өткен аптада Алғабас ауылдық округі аппаратының ұйымдастыруымен жаужүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі – көкпар ойыны өтті. Ер жігіттің ат құлағында ойнайтын шеберлігі, ептілігі мен күш-қайраты сыналатын осынау ұлттық ойын түріне Кербұлақ, Ескелді, Көксу аудандарының шабандоздары мен 70-тен аса жүйрік ат қатысты. Алғашқы салымға 25 мың теңге қаржылай және 1 қой тігілді.Ойын басында Алғабас ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Дәурен Молдағали спорт- сүйер қауымға тілегін жеткізді : «Қадірменді ауылдастар! Елбасымыз Нұ... |
Толығырақ... Оқылды: 777 Санат: СПОРТ Уақыты: 02.11.2018 |
ҚАЙТА ЖАҢАРҒАН СПОРТ АЛАҢЫ |
Қазан айының 26 жұлдызы аудан орталығында заманауи тұрғыда жабдықталған, толығымен күрделі жөндеуден өткен Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионның тұсауы кесілді. Шараға Б. Оңғаров ағамыздың жары Тұрсынхан Оңғарова мен облыстық спорт басқармасының басшысы, Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев және Атланта Олимпиадасының жүлдегері Мәулен Мамыров, аудан ақсақалдары және тұрғындары арнайы келіп қатысты. Дәл осы бір айтулы күнде мерекелік шараны салтанатты түрде аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы ашып, барша аудан тұрғындарын ортақ қуаныштары – стадионның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. - Қадірлі халайық!Құрметті спорт сүйер қауым! Бүгінгі күн аудан өмірінің тарих беттеріне алтын әріппен жазылатын қуанышты сәт. Себебі, біздер үлкен қуаныштың куәсі болғалы отырмыз. Аудан орталығында заманауи тұрғыда жабдықталған, толығымен күрделі жөндеуден өткен Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионның тұсауы кесілуде. Баршаға белгілі, спорт пен дене тәрбиесін дамыту... |
Толығырақ... Оқылды: 627 Санат: СПОРТ Уақыты: 02.11.2018 |