СПОРТ
Жігіт адам бір жеңіліспен жерге кіріп, бір жеңіспен аспанға шықпауы тиіс – Қанат Ислам |
Алдағы 26 қазанда кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда бокс кешін өткізбек. Жерлесіміздің қарсыласы – намибиялық Уолтер Каутондоква. Реклама Қанаттың қарсыласы жайлы не білеміз? Уолтер Каутондоква – Намибия елінің азаматы, жасы 34-те. WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 9-орында тұр. Осыған дейін 18 жекпе-жек өткізген. Тек біреуінде жеңілген. Оның өзінде WBO нұсқасы бойынша орта салмақта бос тұрған әлем чемпионы титулына талас кезінде америкалық Деметриус Андрадеден жеңілген. Бұл екеуінің кездесуі былтырғы жылы 20 қазанда өтті. Айтпақшы, осы екі боксшының андеркардында қазақстандық Данияр Елеусінов пен америкалық Мэтт Догерти жұдырықтасқан еді. Уолтер биылғы жылдың мамыр айында малавилік боксшы Симон Тшетаны нокаутқа құлатқан. Бұл жекпе-жекте Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақтағы WBO International титулы сарапқа салынады. Отандасымыз Қанат Ислам осыған дейін 26 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бірақ бұрынғы қарсыластарының басым бөлігі Уолт... |
Толығырақ... Оқылды: 393 Санат: СПОРТ Уақыты: 18.10.2019 |
Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды |
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайдыVesti.kz. TheAthletic мәліметі бойынша, Головкин келесі жекпе-жегінде поляк Камил Шереметамен кездесуі мүмкін. Бұған дейін қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Шереметаны ықтимал қарсыластар тізіміне қосқан еді. "Головкин титулдарын Шереметаға қарсы жекпе-жекте қорғау үшін келісімшартқа отырды, енді ол міндетті жекпе-жек саналуы үшін IBF-тің келісімін күтіп отыр. Егер Сауль Альварес үшінші кездесуді мамырда өткізуді қаламаса, бұл жекпе-жек келесі жылдың басында болады", – деді журналист Майкл Бенсон Twitter-парақшасында. Головкиннің соңғы жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткен. Кездесу 12 раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осылайша, Головкин IBF және IBO титулдарын иеленген еді. |
Толығырақ... Оқылды: 300 Санат: СПОРТ Уақыты: 11.10.2019 |
Ашық турнир өтті |
Ағымдағы жылдың қазан айында Балпық би ауылындағы М.Құрманов атындағы орта мектебінде баскетболдан 2005-2006 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында облысымыздың үздік дене тәрбиесінің мұғалімі Байтулақов Сталинбек Олжабайұлының жүлдесіне арналған аудандық ашық турнирі өтті. Көксу жерінде спорттың қай түрін алмасақ та, онымен шұғылданушылардың саны күннен күнге артып келеді және түрлі бәсекелі жарыстарда ауданымыздың спортшылары жақсы өнер көрсетіп, намысты қолдан жібермеуде. Жарыстың басты мақсаты – спортшылардың спорттық шеберліктерін арттыру және баскетбол спортын аудан, облыс, көлемінде дамыту болып табылады. Сталинбек Олжабайұлы 1953 жылы 7-наурызда Жамбыл қаласында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. 1960 жылы №260 орта мектептің 1-сыныбына барып, 1970 жылы оқуын аяқтап, осы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған. 1990 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы университетіне «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынш... |
Толығырақ... Оқылды: 435 Санат: СПОРТ Уақыты: 11.10.2019 |
Қазақстандық каратэшілер Мәскеуде 4 медаль жеңіп алды |
Өкінішке қарай, отандасымыз Ермек қарсыласына 1:0 есебімен есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. Мәскеуде каратэден Karate 1 Премьер-лига жарысы аяқталды. Қазақстандық каратешілер бір күміс және үш қола жүлде жеңіп алды, деп жазады prosports.kz. Финалдық кезеңде қазақстандық Ермек Айназаров бес дүркін әлем чемпионы, әлем рейтингінде үшінші орында тұрған әзірбайжандық Рафаэль Агаевпен кездесті. Өкінішке қарай, отандасымыз Ермек қарсыласына 1:0 есебімен есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін қос қазақстандық спортшы бірге шықты. Дархан Асаділов пен Дәулет Шымырбеков арасындағы кездесу Дәулеттің еншісіне шешілді. Сондай-ақ 67 келіге дейінгі салмақта Дидар Әмірали грузиялық қарсыласын 8:0 есебімен жеңіп, қолаға қол жеткізді. Әйелдер құрамасынан 68 келiден жоғары салмақта сынға түскен Софья Берульцева түркиялық Хокалгу Мелтемді 7:4 есебімен жеңіп, ел қоржынына үшінші қола жүлдені салды. |
Толығырақ... Оқылды: 323 Санат: СПОРТ Уақыты: 07.10.2019 |
Головкин Деревянченконы жеңіп, әлем чемпионы атанды |
Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылды, айқаста орта салмақтағы IBF және IBO титулдары сарапқа салынды Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченконы (13-1, 10 КО) жеңіп, IBF және IBO титулдарына ие болды. Қос боксшы арасындағы кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 8:55-те басталды. Жекпе-жекте орта салмақтағы IBF және IBO әлем чемпионы титулдары сарапқа салынды. Кездесудің алғашқы раундында қазақстандық былғары қолғап шебері Сергей Деревянченконы нокдаунға жіберді. Екінші раудта Геннадий Головкиннің жойқын соққысынан украиналық боксшының қабағы жарылып, жарақат алды. Қалған раундтарда украиналық боксшы жиі шабуылға шығып, басымдықты өз қолына алуға тырысты. Головкин де қарсыласына есесін жібермей, жойқын соққылар жасады. Бірақ қарсыласын алғашқы раундтағыдай нокдаунға түсіре алған жоқ. Қос боксшы арасындағы кездесу өте тартысты өтіп, 12 раундқа созылд... |
Толығырақ... Оқылды: 307 Санат: СПОРТ Уақыты: 07.10.2019 |
Еске алу турнирі |
13 қыркүйек 2019 жылы Балпық би ауылындағы Б.Оңғаров атындағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қызметкері» Сайлау Тұрыскелдинді еске алуға арналған жеңіл атлетикадан республикалық турнир өтті. Сайлау Тұрыскелдин 1937 жылғы 12 желтоқсанда Алматы облысы Қаратал ауданында туған. 1963 жылы Алматы дене тәрбиесі институтын бітірген. Әр жылдары Алматы зооветеринарлық институтының оқытушысы, Алматы қалалық білім бөлімі балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры, дене тәрбиесі және спорт комитетінің аға жаттықтырушысы, Білім министрлігінің бөлім бастығы, Қазақ кәсіптік одағының бөлім меңгерушісі, «Қайрат» ерікті спорт қоғамы орталық комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. 2001-2008 жылдары Алматы технологиялық университетінің дене тәрбиесі кафедрасын басқарған. Сайлау Алтынбайұлы Алматыда XIII Б... |
Толығырақ... Оқылды: 640 Санат: СПОРТ Уақыты: 19.09.2019 |
Спорт – денсаулық кепілі |
Спортты біз қалай түсінеміз, спортқа деген көзқарасымыз қалай? Спорт – ол мәдениет. Спорт – ол қозғалыс. Спорт – ол жан-жақты күрес. Спорттың адамға берер пайдасы өте көп. Үнемі бір формада болу, сұлу бітімде қалыптастырып, денсаулықты жақсартып, жақсы мінез-құлықты қалыптастырады. Алға қойған мақсатқа жетуді және қалай жеңу жолдарын үйретеді. Көңілімізге қуаныш пен күш сыйлайды. Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жете бермейтін жандарға мамандар бір уақыт спортпен шұғылдануға кеңес береді. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті. Адам дене жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында да сан мыңдаған үдерістер орын алады. Ми дене қимылдарының әрекетін күйзеліс ретінде қабылдап, оған қарсы күрес жүргізе бастайды. Ағзадан эндорфин гормоны (қуаныш пен... |
Толығырақ... Оқылды: 902 Санат: СПОРТ Уақыты: 23.08.2019 |
ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «2020 жылға қарай қазақстандықтардың 30% жуығы спортпен шұғылдануы керек», - деп міндеттеген болатын. Соның негізінде бекітілген «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бүгінде бұқаралық сананы оятуға жаңа серпін беруде. Мұның бәрі, әрине, халықтың денсаулығын жақсартып, ұзақ өмір сүруіне алып баратын бастамалардың бірі екені хақ. Осы орайда, 1998 жылдан бастап 13 тамыз спорт күні деп аталып, мерекеге айналды. Бүгінде Қазақстан спорты әлемдік аренада айтарлықтай орын алып үлгерді. Оған көк Туды көкке көтеріп жүрген саңлақтарымыздың нәтижелері кепіл бола алады. «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен. Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен –... |
Толығырақ... Оқылды: 1162 Санат: СПОРТ Уақыты: 16.08.2019 |
ШАХМАТ - АҚЫЛ-ОЙДЫҢ СЕРІГІ |
Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев "Спорт - елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала" деп атап өткен болатын. Қазіргі таңда спорт саласына ерекше ден қойылып келеді. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысу - сарқылмас денсаулықтың кепілі. Тамылжыған тамыздың алтысы күні "Жастар жылына" орай, шахматтан және дойбыдан ардагерлер мен жастар арасында Алматы облысының жекелей турнирі өтті. Облыстық ардагерлер ұйымының ұйымдастырылып отырған бұл ойынның ауданымызда өтуі біздер үшін үлкен мәртебе! Сайысқа 16 ауданнан 50-ге жуық адам қатысты. Ойынның ашылу салтанатымен құттықтау үшін, сөз облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келімсейіт сөз бастады: - Құрметті ойынға қатысушылар! Елі де, жері де киелі Көксу жеріне қош келдіңіздер! Жалпы, шахмат - ойын ғана емес, өзін-өзі дамытудағы ең күшті құрал. Бүгінгі күні шахмат - бизнес-күрес үлгісінің бірі. Ол логиканы дамытады, миды жаттықтырады, есте сақтауды арттырады, тиімділікті жоғарлатады жә... |
Толығырақ... Оқылды: 408 Санат: СПОРТ Уақыты: 06.08.2019 |
ТЕКЕЛІЛІК МЕТАЛЛУРГТЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ |
Металлургтердің кәсіби мерекесі аясында, Текелі кенді қайта өңдеу кешенінің кәсіподақ комитеті мен қалалық спорт бөлімі бірлесіп, Металлург стадионында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Жарыстың салтанатты ашылуында Текелі кенді қайта өңдеу кешенінің басшысы К. Жамакин зауыт қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. - Шілде айының үшінші жексенбісі - металлургтер күні. Дәл сіздер еліміздің өнеркәсіптік қуатын нығайта отырып, еліміздің экономикасын өркендетуге зор үлес қосып келесіздер. Осы кәсіби мерекелеріңізде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін,- дейді ол. Жарысқа ұзын саны 11 команда қатысты. Домна пештің көрігін қыздырып, отандық өндірісті өрге сүйреген текелілік металлургтер салауатты өмір дағдысының да тамаша үлгісін байқатты. Жасыл алаңда теңбіл допты еркін көсілтіп, көпшілікті тәнті етті. Жүлдегер командалар мен үздік ойыншылар кубок, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, «... |
Толығырақ... Оқылды: 379 Санат: СПОРТ Уақыты: 25.07.2019 |