
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауын мұқият тыңдап, ұжымда талқылау, біз үшін, дәстүрге айналған. Соңғы мемлекет басшысының жолдаудың ерекшелігі - даму жолындағы мақсат-міндеттердің барлық сала бойынша нақты айқындалуы. Әсіресе спорт саласындағы мақсаттар мен орындалатын жұмыстар нақтыланып берілді. Біздің мақсатымыз осы бағытта тынбай еңбек ету болып табылады. Қазір әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Сондықтан әр маман өз саласындағы жетістіктерді саралап, өзін-өзі қамшылап, заман талабына сай жаңаны үйренуге тырысып жүруі керек. Спорт құрылымдарының көптеп салынуы аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануына және облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда спортшыларымыздың көк туымызды желбіретіп, жеңіске жетулеріне жақсы мүмкіндік туғызады. Елбасының сенім артып «Жастар – ел болашағы» деп жариялап жатқанына қуаныштымыз. Елбасының сенімін ақтап, еліміздің өркендеп өсуіне сүбелі үлес қосамыз деп сенім білдіргім келеді.
Көксу ауданы бойынша барлығы 128 спорт құрылымдары бар. Оның ішінде: Б.Оңғаров атындағы орталық 1 стадион, Балпық би ауылында 2021 жылы қолданысқа берілген 1 дене шынықтыру спорт кешені, Лабасы ауылдық округіндегі 1 «Жастар» спорт кешені, Қ.Жалайыри аиындағы орте мектебіндегі 1 жүзу бассейні, «Харуат» мәдени-спорт орталығы, 1 бокс залы, жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінде 3 күрес залдары, Мәмбет ауылының 1 күрес залы, 11 атыс орны, орта мектептер мен мәдениет үйлерінде орналасқан 29 спорт зал және 78 плоскастық спорт алаңдары бар. Жастар мен балаларға арналған туристік «Тритон» қоғамдық бірлестігі спорттық туризм бағытында жұмыс істеуде. Менің ерекше айта кеткім келіп отырған мәселе, аудан ортылығы Балпық би ауылында 2021 жылы қолданысқа берілген 180 орындық дене шынықтыру спорт кешені. Мемлекет басшысы мен өңір басшылығының қолдауы арқсында, бұған дейін ауданымызда бой көтермеген спорт нысаны салынып, аудан тұрғындарына кеңінен спортпен шұғылдануына үлкен мүмкіндік туындауда. Бұл спорт кешені спорт саласында теңдесі жоқ нысан екені айдан анық. Себебі спорт кешенінде бір уақытта 150 адамның жаттығуына мүмкіндік туындатып отыр. Осындай жаттығулар жасауға мүмкіншілік болған жағдайда бұл спорт кешенінен алдағы уақытта көк туымызды көкке желбіретер спортшылар шығатынына сеніміміз мол.
«Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «ІІ-разрядты спортшы, ІІІ-разрядты спортшы, І-жасөспірімдік разрядты спортшы, ІІ-жасөспірімдік разрядты спортшы, ІІІ-жасөспірімдік разрядты спортшы, біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ-санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі ІІ-санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ-санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі ІІ-санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ-санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беретін мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Бүгінгі күні 3 жасөспірім спортшымызға «ІІ-разрядты спортшы» санатын тағайындап бұйрықпен бекітіліп берілді.
Спорт – денсаулық кепілі дейтін болсақ, спортпен шұғылданған адам жаны да, тәні де сау болатыны анық. Барша халықты спортпен шұғылдануға шақыра келе, мен, Қазақстан Республикасының кәсіби спорт күні мерекесі қарсаңында ауданымыздың және барша қазақ еліндегі спорт саласы қызметкерлерімен спортшыларымызды шын жүректен құттықтай келе дендеріне саулық, отбасыларына амандық, қажымас қайрат тілегім келеді. Еңбектеріңіздің жемісті және берекелі болуына шын жүректен тілектеспін. Көк туымыз көкте мәңгі желбіресін.
Арын Алпысбаев,
Көксу ауданының дене шынықтыру және
спорт бөлімінің
басшысы.