Жаңалықтар
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау |
Апатты және төтенше жағдайлар, саяси оқиғалар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған хабарламалар көптеп тарайды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, фейк ақпарат таратқандар жазаланады. Десе де, көп адам мұндай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынынан бейхабар. Қазақстанда жалған ақпарат таратушылар үшін 20 АЕК соммасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген. 5000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу; Түзету жұмыстарына немесе бес жылғадейінгі мерзімде бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ал, Осы терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесті ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесті ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібі... |
Толығырақ... Оқылды: 1488 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.05.2021 |
Емханаға тіркелудің 3 жолы |
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылықтарын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді. Емханаға тіркелудің үш жолы бар: Портал арқылы Egov.kz: 1. Порталда авторизациядан өтіңіз 2. Іздеу жолы арқылы "алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін табыңыз" 3. Қызметті онлайн сұраңыз 4. Емхана мен дәрігерді таңдаңыз 5. Мекен-жайы мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз 6. ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңыз 7. Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады. Телеграм бот арқылы @Kenes1414Bot: 1. Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз 2. Телеграм ботты іске қосыңыз, "қызметтер" ашыңыз" 3. "Денсаулық сақтау" таңдаңыз, "мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу" батырмасын басыңыз" 4. Қызметті кімге қабылдайтыныңызды көрсетіңіз (өзіңізге / балаға) 5. Мекенжай деректе... |
Толығырақ... Оқылды: 1525 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.05.2021 |
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҮШІН ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ |
Сыбайлас жемқорлық – бұл пара беру және алу ғана емес, сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік (қызметтік) билікті өзінің жеке мүддесі үшін теріс пайдалану. Басқаша айтқанда, бұл жеке тұлғаның пайда табу мақсатында мемлекет пен қоғамның заңды мүдделеріне қайшы келетін өзінің лауазымдық жағдайын заңсыз пайдалануы. Мемлекет пен қоғамның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық билікке, мемлекет пен қоғамға зиян келтіре бастайды. Сыбайлас жемқорлық билікті және онымен байланысты мүмкіндіктерді бүкіл қоғамның мүддесі үшін емес, жеке тұлғалардың немесе белгілі бір адамдар тобының мүддесі үшін пайдалануды білдіреді, бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билікті жеке мүдделер үшін заңсыз пайдалануды білдіреді. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдар қызметінде ашықт... |
Толығырақ... Оқылды: 1556 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.05.2021 |
17 мамыр - Дүниежүзілік пульмонологтар күні |
Бүгін бүкіл әлемдік медициналық қауымдастық маңызды кәсіби мереке - 1997 жылы құрылған пульмонолог күнін атап өтуде. Бастама көптеген елдерде қолдау тапты, өйткені бұл мерекенің хабарламасы тыныс алу мен өкпе аурулары пайда болған кезде жүйелі түрде тексеруден өтіп, жедел жауап беру болып табылады. 2020 жыл бүкіл әлем дәрігерлері үшін, атап айтқанда, Қазақстан үшін қиын жыл болды. Коронавирустық пандемия ел денсаулығының барлық мүмкін күштері мен ресурстарын жұмылдыруға және дәрігерлердің барлық күштерін қауіпті вируспен күресуге мәжбүр етті. Дәрігер пульмонологтар өз денсауалығын қатерге тігіп, COVID-19-пен күресіге алдыңгы қатарда болді. Пандемиямға байланысты барлық қиындықтар мен ауыртпалықтарды ескере отырып, ковидтік бюджеттіқ негізгі сомасы короновируспен күреске жұмыс істейтін медицина қызметкерлердің, оның ішінде пульмонологтардың жалақысын үстемақы толеуге қарастырылды. Құрметті дәрігерлер! Сізді осы күнмен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық жән... |
Толығырақ... Оқылды: 1553 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.05.2021 |
Алғашқы қадамды жасаңыз! |
Бүгінгі таңда халықтың көп бөлігі церебралды сал ауруы секілді және инсульт пен жұлынның зақымдануы салдарынан туындайтын жарақаттарды оңалту бағдарламасын қажет етеді. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуімен оңалту міндетті медициналық сақтандыру пакетіне енгізілді, яғни, «Сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтар емхана жолдамасы бойынша, сонымен бірге жеңілдік санатындағы балалар мен 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер секілді азаматтар оңалту бойынша медициналық көмекті алуға мүмкіндік алады. Алматы облысында тірек-қимыл аппаратын қалпына келтіру бойынша сәтті жүргізіліп жатқан бағдарламалардың бірі - Талдықорған қаласында орналасқан, Алматы облысы бойынша медициналық сақтандыру Қорымен шарт жасасқан «Асар» оңалту орталығы болып саналады. «Асар» орталығында материалдық-техникалық жабдықтау ұйымдастырылған. Жоғары білікті медицина қызметкерлері және кәсіби оқытылған спорт жаттықтырушылары жұмыс істейді, церебральды сал ауруы диагн... |
Толығырақ... Оқылды: 1539 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.05.2021 |
БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ |
Қазақ халқы әу бастан бала тәрбиесін бәрінен жоғары қойған. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, сапалы білім бере білген. «Адам ұрпағымен мәңгі жасайды» деген халқымыз бар ықыласын балаға бөліп, болашағын бағамдаған. Бала тәрбиесі жайлы қазақ ойшылдары әр түрлі ой-пікір айтқан. Жүсіп Баласағұнның өзі «Құтадғу білік» атты еңбегінде тәрбие жайлы: «...Баланың мінез-құлқы жақсы тәрбиеден туындайды. Егер бала ебедейсіз, шамшыл, өбектеліп өскен болса, бұған бәрінен бұрын оның ата-анасы кінәлі. Отбасы үшін бала – зор қуаныш. Баласыз бақыт жоқ. Бірақ, баланың тууы ата-анаға зор міндет, жауапкершілік те жүктейді. Отбасы тәрбиесі бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастыру негіздерінің негізі. Сондықтан оны балғын шағынан оқытып, жақсылап тәрбиелеу керек. Үй шаруасы мен баланы дұрыс күтіп-бағу үшін тазалық сақтайтын әйелді таңда. Баланы тәрбиелеу әкенің де парызы. Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі. Ақылды, бі... |
Толығырақ... Оқылды: 1963 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.05.2021 |
Аса Рақымды Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! |
Қадірменді жамағат, қымбатты жерлестер! Баршаңызды келіп жеткен Ораза Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Айт мүбәрак болсын! Ораза Айт – рамазан айының аяқталу құрметіне орай аталып өтілетін мереке. 30 күн ораза ұстаған мұсылман үшін қуанышты сәт. Жаратушы Иеміз құдси хадисте: «Пенделерiм Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…», – деген. Алла Тағала мұсылман қауымының ұлық мейрамында баршамызды рахымына бөлеп, барлық жамандық атаулыдан сақтасын. Қасиетті рамазан айында жасаған игі амалдарымыз бен құлшылықтарымызды қабыл етіп, мол сауаптардан жазғай! Раббымыздан әрбір игі істерімізде Жәрдемші болуын және қиындыққа душар болған бауырларымызға көмектесуін сұраймыз. Халқымызды әлем жұртшылығының басына төнген қауіпті індеттен сақтап, дертке шалдыққандарға шипасын бергей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әмин! Ораза А... |
Толығырақ... Оқылды: 1878 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 14.05.2021 |
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-САПАЛЫ БІЛІМ |
Бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын осынау заманда ұстаздың шәкірт өмірінен алар орны бөлек. Кемелді ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында. Бұл факторды жүзеге асырушы субъект– ұстаз. Қай заманның ғалымын да, ойшылын да, ақынын да, басшысын да, басқасын да «тұлға» ретінде қалыптастыратын ол ұстаз. Оларды ұлттық құндылықтарға сай әрі ақылды етіп тәрбиелеу. Бүгінгі қоғамның басты талабы– қолдан жасалған «ХХІ ғасырдың ғажайыптарын» тамашалау емес, еңселі ел тағдырын аманаттайтын тарландарды өсіру. Осы мақсатта заманға сай түрлі әдіс тәсілдерді меңгеріп, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырудамын. Мәселен, функционалдық сауаттылық. Қазіргі таңда дәл осы тәсілді әр пәннің ұстаздары кеңінен қолданып жүр. Себебі, бұл заман талабы. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Аталған функционалдық сауаттылық ж... |
Толығырақ... Оқылды: 2189 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.05.2021 |
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды |
Адамзат тарихында үлкенді-кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен.Бірақ солардың ішінде ауқымы құрбандары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі Екінші дүниежүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі-Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) болды. Бүгінгі соғыс кезіндегі қазақстандықтардың шығыны жайлы әртүрлі пікір қалыптасқан. Соғыс қимылы біздің жерде өтпесе де, қазақстандықтар Кеңес Одағының бөлігі ретінде фашистермен жан аямай соғысып, жеңіске өз үлестерін қосты. Кейінгі деректерге сүйенсек, 1938-1945 жылдар арасында 18-ден 50 жасқа дейінгі ер адамдар, яғни Қазақстан халқының 70%-ы әскер қатарына шақырылыпты. Бұл көрсеткіш әлемдік тәжірибеде жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Тіпті соғыстың негізгі ұйымдастырушысы болған фашистік Германия жаппай мобилизация кезінде әскери іске 12 пайыз ғана халқын тартқан екен. Қазақстан бойынша соғыста қаза болған, тұтқында, аурудан немесе жарақаттан қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен адамдар саны шамамен 601011 немесе 11,2%-дай . 110 қазақстандық Даңқ орд... |
Толығырақ... Оқылды: 1894 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.05.2021 |
Конфессияаралық қатынастар саласындағы саясат |
Еуразия аймағында ұлан-ғайыр аумақты мекендеген еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихы Батыс пен Шығыс өркениеттерінің тоғысқан аймағы ретінде 130-дан астам ұлттар мен 18 конфессия өкілдерінің отанына айналды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзге этнос өкілдеріне қамқорлық танытып, конфессия өкілдерінің ұстанымдарына түсіністік таныта отырып, мемлекеттігіміздің тұғырлығын әлемге әйгілеп келеді. Халқымыз ұлтаралық және дінаралық ынтымақтастыққа бастайтын құндылықтарды халықаралық алаңда да насихаттауда. Конфессияаралық келісімді орнату, бейбітшілік пен өзара төзімділік құндылықтарын насихаттау арқылы Қазақстан әлемдік саясатта жоғары құрмет пен беделге ие болды. Жаһандық алаңда көптеген елдердің сенімді әріптесіне айналды. Еліміздің мемлекеттік саясаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген қағидаттарды басшылыққа алады. Сонымен бірге, елдегі қалыптасқан мемлекеттік-конфессиялық қатынастар барлық конфессиялар мен діни топтардың тең құқықтығын қамтамасыз етуге... |
Толығырақ... Оқылды: 1853 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.05.2021 |