Жаңалықтар
Мектепішілік сурет байқауы |
1 наурыз-Алғыс айту күні мерекесіне орай Лабасы ауылдық округіне қарасты Жамбыл атындағы орта мектепте «Алғыс –сөздің асылы» айдарымен мектепішілік сурет байқауы ұйымдастырылды. Сурет байқауының мақсаты: оқушыларды толеранттылыққа, қоршаған ортаға деген құрметі мен жақындарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; тәрбиеленушілердің азаматтық, отан сүйгіштік, Отанына деген махаббат сезімдерін қалыптастыру. Байқау қорытындысы бойынша 11 сынып оқушысы Дәулетхан Өріс марапатталды. |
Толығырақ... Оқылды: 1890 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.03.2021 |
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІН ИГІ ІСТЕРДЕН БАСТАДЫ |
Бүгін, 1 наурыз көктемнің алғашқы күні және Қазақстанда 2016 жылдан бері аталып келе жатқан "Алғыс айту" күні аясында Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шетте қалмай, көп балалы аналар мен қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға кішкентай қуаныш сыйлады. Облыстық Антикордың басшылығы мен жеке құрамы мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеттерін алып, тұрғындарды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ернар Мақажанов атап өткендей: Жақсылық жасау және кем дегенде 1 адамды бақытты қылу - бұл әрбір тәрбиелі, парасатты адамның міндеті деп ойлаймын. Кейде ең кішкентай игі іс үлкен ізгі ниеттен әлдеқайда құнды. Тіпті кейбір адамдарға кішкентай игі істер де көп қуаныш әкеледі. Бүгін "Алғыс айту" мерекесі аясында жақындарымызға қуаныш сыйлап, осы жасаған игі ісімізбен балаларымызға жақсы үлгі көрсеттік деп ойлаймын". |
Толығырақ... Оқылды: 1495 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.03.2021 |
Алматы облысында М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған байқаудың қорытындысы шығарылды |
Биыл Мұқағали Мақатаевқа 90 жыл толады. Жетісуда ұлы ақынның мерейтойы ерекше ауқымда тойлануда. Ақынның туған жері, Алматы облысының Қарасаз ауылында салтанатты шаралар ресми түрде басталды, олар оған ескерткіш қойғысы келеді. Ал бүкіл Қазақстан бойынша ән байқаулары, поэзия кештері, кітаптардың тұсаукесерлері өтіп жатыр. Талдықорғанда Тілдер сарайында ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауды Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен "Мұқағали"республикалық әдеби-мәдени танымдық журналы бірлесіп ұйымдастырды. "Көптеген адамдар байқауға қатысуға ниет білдірді. 18-45 жас аралығындағы 450 үміткер өздерінің материалдарын ұсынды, олар алдымен плагиатқа тексеріліп, сүзгіден өткізілді. Нәтижесінде 360 адам шығармашылық байқауға қатысуға мүмкіндік алды", - деді байқаудың бас қазысы Нүсіпбай Әбдірахым. Жеңімпаздар екі бағыт бойынша анықталды. Бірінші поэзия бағыты «Қазақтың қара өлеңі – қ... |
Толығырақ... Оқылды: 1387 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.03.2021 |
Алматы облысында 2 мың жас әскер қатарына шақырылады |
Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 17-бабына сәйкес, әскерге шақыру, қаңтар-наурыз, қыркүйек-желтоқсан айларында екі рет жүргізіледі. Әскерге 18-27 жас аралығындағы жігіттер шақырылады. Отан алдындағы борышын өтеушілердің заң алдында ары таза, әрі денсаулығында кінәрат болмауы керек. Әскерге шақыру барысында зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең-аудандарда, екінші кезең-облыстық шақыру бөлімінде жүзеге асады. Отбасылы ер-азаматтардың балалары болған жағдайда, сондай-ақ, жоғары оқу орнында күндізгі бөлімде білім алғанда, және де денсаулығына байланысты ем алып жүрсе, уақытша парызын өтеуден босатылады. Айта кетейік, комиссия шешімімен жарамсыз болып танылғандар, 27 жасқа дейін заңды түрде босатылғандар, әскери шақырушының жанұясында әскери қызметте жүріп қаза тапқандар немесе 1,2 топтағы мүмкімдігі шектеулі азамат болса, өзге мемлекетте әскери қызметін атқарғандар, дін саласында жүрген имам, сондай-ақ, біл... |
Толығырақ... Оқылды: 1420 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.03.2021 |
«Туған елге мың алғыс!» |
Ұлтпен ұлыстың басы қосылған киелі шаңырақтың керегесі кеңге жайылып, уықтары қадалып, түндігі түрілген кез ол - Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылған күні. Егмен ел үшін бұл күн аса қастерлі. Тәуелсіз мемлекеттің мерейін асқақтатқан мезетпен тұспа-тұс «Алғыс айту» күніде қатар келуде. 2016 жылдың 16 қаңтары, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз – «Алғыс айту» күні деп жарлыққа қол қойды. Міне, шешім қабылданған сәттен бастап аттай 5 жыл. Содан бері аталған мереке өз деңгейінде аталып өтуде. "Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығы мен сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болуы мүмкін", - деп Елбасы кезінде өз пайымымен бөліскен еді. Көрегенді көшбасшының көкейіндегі ойы шындыққа айналды. Әртүрлі этнос өкілдерінің басы қосылған Қазақстан үшін ерекше мерекені абыроймен атқару , әр өлкеге міндет екені даусыз. Осы орайда, Алматы облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алғыс айту... |
Толығырақ... Оқылды: 1558 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.02.2021 |
ЖОІК блогы бойынша Алматы облысындағы Стратегиялық сессия семинарының релизі |
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік органдар өкілдері мен жастар ресурстық орталықтары, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы өңірлік ҮЕҰ қызметкерлері арасында сындарлы қоғамдық диалог құру мақсатында, ағымдағы жылдың 26 ақпанында «Өңірлердегі Министрлік күндері» шеңберінде стратегиялық сессияларды бастады. Мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласында 26 ақпанда Алматы облысында жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.А. Баймановтың төрағалығымен «Жастар және отбасы саясаты саласындағы өзекті мәселелер»тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинарға Алматы облысының қалалары мен аудандарындағы жастар белсенділері, жастар ұйымдары, Жастар ресурстық орталықтары өкілдері қатысты. Ш.Байманов 2020 жылғы жастар мен отбасы саласындағы жұмыстың негізгі нәтижелері және 2021 жылға арналған өзекті міндеттер туралы айтып берді. Кездесу барысында жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарының негізгі бағыттары, сондай-ақ «... |
Толығырақ... Оқылды: 1407 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.02.2021 |
Алматы облысында 112 білім ордасының лицензиясы қайта рәсімделді |
Ұлт даналығында «білім-таусылмайтын кен» деп оқудың айшықты орнын айқындап берген еді. Бүгінгі күні аталған байлықты еселейтін, есті ұрпақты білім нәрімен сусындатар оқу ордалары жетерлік. Жастардың жалын атуы мен қатантын кеңге жаюына ықпал етер білім ошақтарының мойнындағы жүгі ауыр. Санмыңдаған бөбектің бойына білімнің дәнегін егу оңай іс емес. Іргелі оқу орындары бұл істі бұлжытпай орындап жатқанымен, нысанадан мүлт кетпеуді қадағалау үшін Алматы облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті бақылау жүргізуін тоқтатқан емес. Жоғары да атлған Департамент жұмысының маңызды бағыттарының бірі, мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің жұмысы болып табылады. Лицензиялау бөлімі 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бірі, білім беру қызметіне лицензия беру, екінші білім туралы құжаттарға апостиль қою. Айта кетейік, лицензиялау "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры арқылы толығымен электрондық форматта... |
Толығырақ... Оқылды: 1427 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.02.2021 |
Бақытын еңбектен тапқан |
Еңбек ету қашанда береке мен ырыздықтың бастауы саналады. Дана халқымыз айтқандай еңбек еткеннің өнбегі артып, мансабы мен беделі өседі. Бүгінгі кейіпкерлеріміз Тұрсын Құтымбаев пен Жұмақыз Құлдыбаева осындай еңбекқор адамдар десек еш қателеспейміз. Жастайынан өмірдің ауыртпашылығын көрген қос қариямыз да бүгінде 80 жасқа келіп, бейнетінің зейнетін көріп, ортасына үлгі болып жүрген азаматтардың қатарында. Халқымыз әйел-ананың қоғам өміріндегі рөлін өте жоғары санаған. Елдің елдігін, халықының даналығын, ұлдарының батырлығын, қыздарының ақылдылығын отбасы тәрбиесі, соның ішінде шаңырақтың түтінінің түзу шығуына тікелей қатысы бар жар, ананы ерекше құрметтейді. Осы орайда, Жұмақыз Құлдыбаеваның Қызылтоған ауылының ауылшаруашылығына сіңірген еңбегі орасан зор. Кішкентайынан жоқшылық пен қиыншылықты бастан кешсе де еш мойымайтын қайсар мінезі, еңбекқорлығы көпке үлгі. Өзі 1940 жылы 10 желтоқсанда Панфилов ауданы, Қоңырөлеңде дүниеге келеді. - Мен туғанда әкем соғысқа кетіпті, шешем біре... |
Толығырақ... Оқылды: 1312 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 26.02.2021 |
ӘЙЕЛ – ОТБАСЫНЫҢ ӨЗЕГІ |
Қыз – жайқалған гүл. Қалай баптасаң, сондай болып өседі. Қыз-дың бойында ұят, намыс, инабат, адамгершілік, ұяңдық болуы тиіс. Қазақ ықылым заманнан қыз баласын намысым, арым, ұятым деп қадірлеген. Қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Қызға артылған жауапкершіліктің салмағы ауыр. Ол - ұлттың айнасы. Сол үшін қыздар ақылды, ибалы, инабатты болуы үшін үлкен буын оларға жол көрсетіп, ақыл-кеңесімен бөлісіп отыруы керек. Ұрпақ сабақтастығының нәзік жібін үзіп алмауымыз керек. Бұл жолы «Отан – отбасынан басталады»,- деген ұғымды бойына сіңірген, бүгінде ақ жаулықты әже Күлшаруан Сыдықбекқызы жайлы қалам сермедік. Апамыз сонау сұрапыл екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Кербұлақ ауданының Қоғалы ауылында дүниеге келген. Ол кезде кім-кімге болсын оңай соқпағаны анық. Жастық шағы соғыстан кейінгі қайта қалыптасу, ауыр еңбекпен тұспа-тұс келеді. Әкесі Сыдықбек Дуанаев Шоқан ауылында басшы (председатель) болып қызмет атқарады. Күлшаруан Сыдықбекқызы еңбе... |
Толығырақ... Оқылды: 1278 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 26.02.2021 |
Мемлекеттік қызметтің 87 % электронды түрде көрсетіледі |
Мемлекеттік қызмет ұлттың айнасы. Қоғамның бет-бедерін түзер алаңда дәл осы ортамен тікелей байланысты. Кемел келешектің ірге тасын қалаудағы орны ерекше органның жұмысы оңтайланған. Бұл туралы ашық диалогтық кездесуде айқындалды. Алматы облысының аумағында 780 мемлекеттік орган қызмет атқаруда. Облыстың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 7760 бірлікті құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс көлемінде ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша жалпы 323 мемлекеттік қызметші тағайындалды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлованың айтуынша, ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тарту мақсатында ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерге «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу және 1500 АЕК мөлшерінде тұрғын үйге бюджеттік кредит беру түрінде қолдау көрсетіледі. "Департ... |
Толығырақ... Оқылды: 1350 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.02.2021 |