Жаңалықтар

2020 жылдың қараша айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 1,35 млрд. теңгені құрады

2020 жылдың қараша айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,35 млрд.теңгені құрады. Республика бойынша қараша айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-30 қараша аралығында) 22,7 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, қараша айында Алматы облысы бойынша 802,3 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 549,1 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Толығырақ... Оқылды: 591 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020

ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы қайта жанданды

Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін жұмысын бастаған қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарында коронавирус пандемиясына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы шектелген болатын. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасымен бұл аймақтардың жұмысы 30 қарашадан бастап қайта жанданды. Бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 137 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы іске қосылды. Онда азаматтарға кеңес беру үшін мыңнан астам қызметкер тартылды. Келушілер ондағы компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше ала алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы ең көп алынатын қызметтерге ЭЦҚ рәсімдеу, соттылықтың болуы/болмауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде болмау туралы анықтамалар алу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және емханаға тіркелу кіреді. Естеріңізге сала кетейік, карантин уақыты барысында электронды қызметтерді алу үшін...
Толығырақ... Оқылды: 545 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020

ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ – ЕЛДІҢ БЕРЕКЕСІ

Аптаның бесінші күні аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтілді. Ел дәулетін еселеген ауылшаруашылық саласының үздіктерін ең алдымен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, бірқатар жандарды марапаттады. Сондай-ақ, облыс басшысы Жетісу өңірі бойынша ауылшаруашылығында қол жеткізген жетістіктерді тізбектеді. Мәселен, мемлекеттік қолдаулардың арқасында сала көрсеткішінің жоғарылап, халық жағдайының жақсарғаны, өндіріске алдыңғы қатарлы технологиялар енгізіліп, егістіктерде тамшылатып суарудың кеңінен қолданыла бастағаны, сондай-ақ, егін шаруашылығы бойынша басым дақылдарға арналған алқап көлемінің ұлғайып, бақты интенсивті жолмен өсірудің жанданып келетіндігі айтылды. Ауданның қамбасын астыққа, қорасын мал-жанға толтырып жүрген еңбек шаруаларын аудан әкімі өз атынан құттықтап, тиісінше марапаттады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 25 жыл&ra...
Толығырақ... Оқылды: 558 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.12.2020

ОТАНДЫҚ ФИЛЬМ - "ОСКАР" СЫЙЛЫҒЫНА ҮМІТКЕР

Отандық "Ұлы дала зары" фильмі әйгілі "Оскар" сыйлығына үміткерлер тізіміне енді. "MG PRODUCTION PLUS" кинокомпаниясының ұжымы әділ шешім шығарғаны үшін ҚР Оскар комитетіне алғыс білдіреді. "Өткен ғасырдың 30-жылдары қазақ халқының басынан өткен қасірет - АШАРШЫЛЫҚ тақырыбындағы фильм шынайы оқиғалардың желісімен түсірілген. Қолдан жасалған қастандықтың салдарынан ата-бабаларымыздың 70%-дан астамы қынадай қырылды. Сондықтан, көркем туынды ата-бабамыздың, Алаш арыстарының рухына бағышталады", - дейді "MG PRODUCTION PLUS" кинокомпаниясының бас продюсері Ернар Мәліков. Жалпы фильмді жарыққа шығаруға 5 жылдан астам уақыт жұмсалған. Алғашында қаржы тапшылығына байланысты халықтан краудфандинг арқылы қаржы жиналған. Тіпті, компания иесі басталған істі аяқтау үшін жеке мүлкін де сатқан. Сондай-ақ, түсірілім болған Алматы облысы Ақсу ауданына қарасты Қапал, Арасан, Суықсай, Баласаз ауылдарының тұрғындары да қақаған қысқа қарамастан түсір...
Толығырақ... Оқылды: 618 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2020

Облыста инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 28% құрайды

Алматы облысында соңғы деректерге сәйкес коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны 5800 ге жетіп отыр. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Соңғы аптада облыс аумағында 202 адамның кеселге шалдыққаны анықталған. Олардың ішінде Еңбекшіқазақ-24, Жамбыл-9, Қаратал -19, Көксу-7, Панфилов та-8, Талғар-40, Ұйғыр аудандарында-17, ал Текелі қаласында 14 жағдай тіркелген. Сондай-ақ, бір тәулікте 24 жанның короновирустық инфекцияны жұқтырғаны белгілі болған. Салдарынан індеттің өсу деңгейі 0,4% құрап отыр. «Облыс емхаларындағы инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 28%, провизорлық орындарда 31,5% құрайды. Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында сынама нәтижесі арқылы 67 жағдай тіркелді»,- дейді Алматы облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев. Айта кету керек, өңірде карантин шараларының бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімді...
Толығырақ... Оқылды: 583 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2020

Өңірдегі күре жолдардан 1292 технологиялық ақау анықталды

« Жол азабын жүрген білер». Бұл ықылымнан бері айтылып келе жатқан нақыл сөз. Азапты жолдар жоқ емес-ау. Бірақ қарасы да көп емес. Жолдың жайы туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-маслихатында айтылды. Қарашаны қайран қалдыратын осы «бір жолдардың тақтайдай тегіс болуына не кедергі?» деген сауалдың жауабы табылған сыңайлы. Жиын барысында жол құрлыс материалдарының арнайы сынамадан өтпегендігі, яки талапқа сай болмағандығы тілге тиек етілді. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК (республикалық мемлекеттік кәсіпорын) Алматы облыстық филиалының директоры Жасұлан Керімқұлов мәлімдеді. Темір тұлпар жүйіткей жөнелетін трассаның кем-кетігін бақылайтын мекеме- «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады. Аталмыш мекеменің Алматы облыстық филиалындағы мамандар еліміздегі карантинге, тіпті демалыс күндеріне қарамастан тексеру жұмыстарын жүргізуде. Ола...
Толығырақ... Оқылды: 460 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2020

Алматы облысында 6 колледж жұмысын уақытша тоқтатты

Алматы облысында, бүгінгі таңда 15 колледж 28 мамандық пен 31 біліктілік бойынша лицензиялық тіркемелерін өз еркімен қайтарып берді. 2 колледж өз міндетін тоқтату жайлы шешім қабылдаса, ал 6 колледждің жұмысы уақытша тоқтап тұр. Бұл туралы Алматы облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Сауле Кабимолдаева. Одан бөлек 2020 жылы Алматы облысында профилактикалық бақылаудан 29 мектеп өткен. Лицензиялау мәселесімен 254 өтініш қабылданды, оның – 55-і қайтарылды. «Апостильдеу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Жылдың басынан бұл қызмет республиканың 224 азаматына көрсетілді. 216 құжат бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде, 55-жоғары білім, 24-кәсіптік білім, 123-жалпы орта білім саласында, 14-оқу туралы анықтама. 8 құжатты апостильдеу жоққа шығарылды», – деді Сауле Кабимолдаева. COVID-19 індетінің таралуы бүкіл салаларға...
Толығырақ... Оқылды: 442 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2020

Айнабұлақ ауылының тұрғындары жаңадан салынған амбулаторияда емделеді.

Түрксіб пен Сібірді түйістірген ауылда заманауи үлгідегі дәрігерлік амбулатория Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді. Мұнда ауылдықтар үшін скринингтік тексерулер мен түрлі медициналық қызметтер қолжетімді. Емдеу мекемесі көрші елді мекенінің халқына да қызмет көрсетеді. Тұрғындар қуанышына аудан әкімі Алмас ӘДІЛ ортақтасты. «Бұл Түрксіб-Сібір теміржолының 90 жылдығана орай жасаған үлкен тартуымыз. Президентіміз биыл пандемияға байланысты денсаулық сақтау мәселесіне үлкен мән беріп, еліміздің барлық аумағында медициналық қызмет сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыру жөнінде тапсырма берген болатын. Міне, бүгін мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындап, денсаулық сақтау нысанын халыққа қызмет ету үшін беріп отырмыз. Тек биылдың өзінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында білікті дәрігер Бақытгүл Жандарбекова басшылық жасайтын Алғабас...
Толығырақ... Оқылды: 488 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.11.2020

Алматы облысы заман ағымына ілесіп келеді

Цифрлық технологияны қолдану арқылы елдің әрбір азаматының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған «Цифрлық Қазақстан» кешенді мемлекеттік бағдарламасы аясында Талдықорған қаласында көтепген жобалар іске асуда. Олардың бірі «Ақылды Талдықорған» жобасы. Бұл сізге үйден шықпай-ақ, қажетті ақпаратты алуға және келесі бағыттар бойынша өтініштер жасауға мүмкіндік береді: қалалық бағыттар, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, коммерциялық қызметтер, туризм, сондай-ақ Open Taldyqorgan атты ашық әкімшілікке кезек алуға арналған. «109 қызметі» жобасы - апаттық емес өтініштер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша ұсыныстарды қарастырады. «E-KSK» - арқылы облыс орталығының тұрғындары электронды түрде тұрғын үйіңізді, шығындар сметасын, шағымдар мен хабарландыруларыңызды қадағалай аласыз. «Smart volunteer» - еріктілердің бір-бірімен, сонымен қатар көмекке мұқтаж адамдармен қарым-қатынасы ыңға...
Толығырақ... Оқылды: 462 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.11.2020

«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – АДАМДЫҚ ПЕН БІЛІМ ДИҚАНШЫСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті. Мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым, түрколог, ақын және аудармашы – бұл Ахмет Байтұрсынұлы. Ол алдына қазақ балаларына білім беруге бар күшін салу ізгі мақсатын қояды. «Басқадан кем болмау үшін, біз білімді және бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек», – деді ол. Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық қызметінің басты мақсаты –өскелең ұрпақты шыншыл және еңбексүйгіш, Отанына адал, елінің ең жақсы дәстүрлерін жалғастыруға дайын етіп өсіру және тәрбиелеу болды. Өз еңбектерінде былай деген: «Жастар халықтың жақсы болашағының үміті. Жас ұрпақ жаңаша оқыған мұғалімнің қолында болуы керек, оларда тың ойлар мен білімдер бар». А. Байтұрсынұлы өз шығармаларында жастарға жүгіне отырып, өзін-өзі...
Толығырақ... Оқылды: 467 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.