Жаңалықтар
Агенттік Президент жүктеген жемқорлыққа қарсы саясатты жаңғырту бағытын жалғастыруда. |
Бір жыл бұрын қабылданған отставкаға кету және бағыныштылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жеке жауапкершілігі туралы нормалар бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, 9 саяси қызметші отставкаға кетіп, түрлі деңгейдегі 33 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тағы 14 саяси қызметшінің отставкаға кетуі күтілуде. Биылғы қараша айынан бастап НҚА жобаларына жемқорлыққа қарсы сараптама толыққанды іске қосылады. Оны өткізудің үйлестірушісі – еліміздің ең ірі жоғары оқу орны – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. А.ж. 17 қазанда ұлттық және жеке компанияларда комплаенс-қызметтер құруды; мемлекеттік қатысудың кез келген үлесі бар ұйымдардың қызметкерлері есебінен сыбайлас жемқорлық субъектілерінің аясын кеңейтуді; мемлекеттік қызметшілер үшін сыйлықтар беруге және алуға толық тыйым салуды; жақын туыстарының бірге жұмыс жасауын шектеуді көздейтін жемқорлыққа қарсы жаңа нормалар күшіне енді. Қазіргі уақытта Агенттік Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қар... |
Толығырақ... Оқылды: 217 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.10.2020 |
«Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Алматы облысы көлемінде дәрілік қоймаларға мониторинг жүргізуде |
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың азаймайтын қорын қалыптастыруды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Денсаулық сақтау министрлігі мен "СҚ-Фармация" бірлесіп дәрілік қоймалардың жеткіліктілігіне мониторинг жүргізуде. Осыған байланысты пандемияның екінші толқынына дайындықты мониторингтеу мақсатында "Жетісу-адалдық аланы" жобалық кеңсе менеджерлері мен арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірлесіп, LIDER KZ қоғамдық бірлестігі және БАҚ өкілдерімен Талдықорған қаласының аумағында дәрілік қоймалардың мониторингі жүргізілді. Мониторинг барысында "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджерлері "СК-Фармация" дәрілік қоймаларының және Талдықорған қаласындағы "МЕДИН" ЖШС филиалының пандемияның екінші толқынына дайындығына мониторинг жүргізді. Бүгінгі таңда өңірде "СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы арқылы 71 медициналық ұйым... |
Толығырақ... Оқылды: 254 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.10.2020 |
Алматы облысында балалар жұқпалы аурулар ауруханаларының базасында балаларға арналған 2 COVID –орталығы пайда болады |
Алматы облысында коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындыққа 7 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы "JETISÝ MEDIA" ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді. COVID-19-мен күреске жергілікті бюджеттен барлығы 12,1 млрд.теңге бағытталды, оның ішінде ТЖ режимі кезеңінде 2,0 млрд. теңге бөлінді. "Коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындалуға бюджеттен және резервтен қосымша 7,3 млрд. теңге бөлінді. Вирусқа қарсы тұру мақсатында 2 компьютерлік томограф, 150 бірлік ӨЖЖ аппараты, жылжымалы рентген аппараты, 3 цифрлық рентгенологиялық жүйе, 100 бірлік оттегі концентраторы, 2000 дана пульсоксиметрлер мен виброакустикалық массажерлер және медициналық ұйымдар үшін дәрілік заттар сатып алынды",-деп түйіндеді Өмірзақ Ниязбеков Бұдан басқа, пандемияның ықтимал екінші толқынына 5280 төсек-орын дайындалды. Естеріңізге сала кетейік, СOVID-19-мен күресу... |
Толығырақ... Оқылды: 246 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.10.2020 |
Коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындары Алматы облысының экологиясына қалай әсер етеді?! |
Алматы облысы бойынша қалдықтардың 95% - ы өңірдің коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындарына тиесілі. Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарына-3,3%, тамақ өнеркәсібі салаларына-1,5%. Бұл туралы Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы Орман Аққозиев мәлімдеді. Департаменттің мәліметінше, Алматы облысы бойынша 2020 жылға лимиттер белгіленген. Тасталатын қалдықтар бойынша шектеулер 156,0 мың тоннаны, төгінділер бойынша - 351,0 мың тоннаны құрайды. "1 жартыжылдықта қалдықтар бойынша нақты лимиттер 22,6 мың тоннаны құрады. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 мың тоннаға төмендеу байқалады. Ал төгінділер лимиті керісінше артып, 106,9 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,4 мың тоннаға артық. Сондай - ақ, өндірістік қалдықтар бойынша лимит - 2020 жылдың 9 айында 302,9 мың тонна, қалдықтар бойынша 22,3 мың тоннаға азаю және қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша– 500,0 мың тонна 22,3 мың тоннаға азайды", - деп хабарлады Орман Аққозиев.... |
Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.10.2020 |
«Жанұя» әлеуметтік орталығының елге берері не? |
Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған "Жанұя"әлеуметтік орталығының жұмыс жасағанына 1 жылға жуық уақыт болды. Әлеуеттің әлеуметін арт тыруға қолдау көрсететін ұйым Талдықорған қаласында орналасқан. Орталықтың жұмысы бір терезе қағидаты бойынша жүзеге асырылады. "Жанұя" мамандары әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпараттандырады, қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсетеді. Орталық сондай-ақ заңгерлік және психологиялық кеңес, оңалту көмегін және басқа да қызмет түрлерін ұсынады. "Жанұя" аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған әлеуметтік орталық Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бастамасымен құрылды. Орталықты құрудың мақсаты Талдықорған қаласында тұратын әлеуметтік осал отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру, экономикалық дербестікті нығайту және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жеке уәждемесін нығайту б... |
Толығырақ... Оқылды: 233 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.10.2020 |
Жастар ел болашағы |
Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Осы ретте 23 қазан күні аудандық жастар саясатының жетекшісі Қуаныш Дүйсенбиновтың ұйымдастыруымен аудандық әкімшіліктің ғимаратында "Жастар ел келешегі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін ояту және отансүйгіштікке, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Атаулы тақырып төңірегінде жиынға қатысқан жас буын өздерінің ойын ортаға салып, ашық аңгіме жүргізді. |
Толығырақ... Оқылды: 179 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.10.2020 |
«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Алматы облысы көлемінде дәріханаларға мониторинг жүргізуде |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың азаймайтын қорын қалыптастыруды тапсырған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі "СК-Фармациямен" бірлесіп, стационарларда, әсіресе, жұқпалы аурулар ауруханаларында дәрі-дәрмектердің болуына мониторинг жүргізуді тапсырды. Осыған орай, пандемияның екінші толқынына даярлығын «мониторинг жүргізу» аясында Талдықорған қалалық дәріханалардың дәрі-дәрмек қорына, медициналық бетперде мен қолқаптың сатылымда болуына "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсе менеджерлері мен Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлерімен бірлесе мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсе менеджерлері және фармацевтикалық қызмет бөлім басшысы - Қадырбайқызы Айымгүл Талдықорған қаласы бойынша дәріханалардың пандемияның екінші толқынына даярлық кезеніңіне мониторинг... |
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.10.2020 |
КОРОНАВИРУС: КӨКСУДАҒЫ ХАЛ-АХУАЛ |
«Жаман айтпай, жақсы жоқ»,- дейді дана халқымыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қаққан дабылы бойынша алдағы уақытта пандемияның екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Осыған байланысты аудандық аурухананың мәліметі бойынша өңірде жүйелі дайындық жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта өңірде коронавирус індеті мен пневмонияның жаңа жағдайлары анықталған жоқ. Сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты провизорлық стационар жабық. Тек жұқпалы аурулар ауруханасы ғана жұмыс істеп тұр. Бұған қоса күзгі толқынға дайындық шаралары жүріп жатыр. Коронавирустық инфекциямен күресу үшін 65 төсектік провизорлық бөлімше дайын. Сондай-ақ, аталмыш инфекцияға ұқсас белгілері бар науқастарды қабылдау үшін екі сүзгі-кабинеті дайындалған. Барлық медицина қызметкерлеріне коронавирустық инфекцияны анықтау және емдеу алгоритмдерінің нұсқаулары мен диагностикалау және емдеу хаттамалары бойынша оқыту жүргізілді. Жеке қорғану құралдарының және дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы... |
Толығырақ... Оқылды: 207 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.10.2020 |
ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАҢА ЗАҢНАМА ӨЗГЕРІСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРДЫ |
Бүгін Jetysu медиа орталығында СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАЛЫҚ НОВЕЛЛАЛАР тақырыбында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажановтың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг аясында Ернар Мақажанов 6 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға енгізілген ұсыныстар бойынша баяндады. Департамент басшысы Ернар Мақажанов атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттік қызметінің маңызды және өзекті бағыттарының және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыстың нәтижесі 6 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспа... |
Толығырақ... Оқылды: 249 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
Мемлекеттік қызметте туыстық қатынасқа орын жоқ |
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тосқауыл қоюға бысым назар аударылған. Құзырлы органдар бұл ретте заңнамалық тұрғыдан өзгерістер енгізуде. Құқықтық негіздегі бір қатар қабылданған қатаң шаралар «бармақ басты, көз қыстылықты» жоюдың тетігі болмақ. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Агенттік әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға мемлекет басшысы 6 қазан күні қол қойған еді. Бас құжаттағы 3 кодекс пен 10 заңға түзетулер енгізілді. Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Ең әуелгі заңдағы өзгеріс, мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беруге және аталған тұлғаларға сыйлық алуға тыйым салынып отыр. Сыйлық алуға тыйым салынған тұлғалар қатарына депутаттар, судьялар, саяси қызметшілер, "А" корпус... |
Толығырақ... Оқылды: 167 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |