Жаңалықтар
Ескелді ауданында жер қатынастары бөліміне 620 өтініш келіп түскен |
Мемлекетте әр саланың өз орны, атқаратын қызметі бар. Бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасы мен саны маңызға ие болып отыр. Бұл ретте жер қатынастары бөлімінің жұмыстары жайлы айта өткен абзал. Негізінен жер қатынастары саласы Қазақстан Республикасының Премьер министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартқа сәйкес бір мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Яғни, жер учаскесінің жеке меншікке бірден ақысын төлеп немесе бөліп төлеуге сату мемлекеттік қызметі. Бір ғана Ескелді аудандық жер қатынастары бөліміне қатысты жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ағымдағы жылы 596 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту санаты шеңберінде 382 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, аталған салаға келіп түсетін өтініштер легі толассыз болып табылады. Ресми мәліметтерге ден... |
Толығырақ... Оқылды: 157 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
«Бала дауысы» Ұлттық балалар ән конкурсының V маусымы. "Біз біргеміз!» |
Жуырда елімізде жыл сайын өткізілтеін Ұлттық "Бала дауысы"балалар ән конкурсының V маусым финалында Алматы облысының намысын Диханбаев Едіге қорғайды. Едіге конкурсқа қатысқан 4 135қатысушылар арасынан суырылып шығып, кіршіксіз таза бұлақтай дауысымен, харизмасымен ерекшеленді. Едіге небәрі 11жаста. Кішкентай жасына қарамастан туған жерін, Б. Момышұлы атындағы орта мектептің,сүйікті ұстазы –Ломанова Ольганың үмітін ақтауға дайын. Едіге бала кезінен ән айтатынына қарамастан, домбырада шертіп, каратэменде айналысады. Болашақта Тоқтар Әубәкіров ағасы сынды космонавт болуды армандайды. Едіге басқа қатысушыларымен бірге Конкурс финалына дайындалу үстінде. 15 қазан, Республика Сарайы сахнасында сөзі – Әбдірахман Асылбек, әні – Марсель Алсейітовжазған «Ерікті елім» атты авторлық әнін орындайды. Құрметті жерлестер! Өнер сүйер қауым! Болашақта жарық жұлдыз болып жанатын Едігенің талабын, талантын қолдап Қазақстан Республикасының мәдениет жә... |
Толығырақ... Оқылды: 197 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін ата |
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен «KYZMET LIVE» жобасы аясында бүгін "Ақпараттық, үгіт-насихат" штабының мүшесі, аудан әкімі аппаратының басшысы Дамир Сатыбалдиевпен баспасөз-мәслихаты өткізілді. Баспасөз-мәслихаты барысында аппарат басшысы Д.Сатыбалдиев Алакөл ауданында І жартыжылдық бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы баяндады. Оның айтуынша, жалпы мемлекеттік қызметті аудан әкімдігінің 35 құрылымдық бөлімшелері көрсетеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 98 қызмет, наурыз айынан бастап 84 қызмет және а. ж. 6 айында 61 қызмет түрінен 9 340 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бүгінгі таңда аудан бойынша 2020 жылдың І жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламентерінің бұзылуының алдын алу бойын... |
Толығырақ... Оқылды: 171 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Сарқан ауданында «Сервистік әкімдік» жобасы іске асады |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өткен еді. Осыған орай, бүгін Сарқан ауданы әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Абибековтың қатысуымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тақырыбында тікелей эфир өтті. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады. Бүгінгі күні Сарқан ауданында 99 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемкеме саны 25. 2020 жылдың 6 айлық есебіне сәйкес, көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 6246 оның ішінде қағаз түрінде –106 мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны – 365, электрондық түрде мемлекеттік органн... |
Толығырақ... Оқылды: 146 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Жастар арасында "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатысушылар саны артуда |
2020 жылдың басынан бері, аудан бойынша 45 маман көтерме жәрдемақы және 35 маман тұрғын үй алу үшін несие алған. Бұл туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғалым Домбаев бүгінгі өткен баспасөз-мәслихатында хабарлады. Сонымен қатар, Ғалым Әділбекұлы ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №43 бұйрығына сәйкес, өзгертілгенін айтты. Жаңа заңнамаға сәйкес, бағдарламаға қатысушыға несие теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01% мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша, тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маманд... |
Толығырақ... Оқылды: 168 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Бюджеттік мәселелерде мемлекеттік органдардың есептілігін одан әрі күшейту шаралары талқыланды |
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру және дамыту жолында жайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру үшін алаңдар құру маңызды. Бұл мемлекеттің халық алдында есептілігін қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін әзірлеуді және енгізуді білдіреді. Осыған байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында қаржы және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлерінің, өңірлер әкімдерінің қаржы жөніндегі орынбасарларының, қоғам өкілдері мен әзірлеушілердің қатысуымен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасын» дамытудың жаңа тәсілдерін қарастыру бойынша кеңес ұйымдастырылды. Кеңесті аша отырып, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Картаны іске асыру тәжірибесі Мемлекет басшысымен сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайларды және адами факторды жоюға мүмкіндік беретін цифрлық шешім ретінде оң бағаланғанын атап өтті. О. Бекте... |
Толығырақ... Оқылды: 148 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
ГРЕКО атқарушы хатшысы Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелі шараларына оң пікір білдірді |
Джанлука Эспозито Мемлекет басшысының биылғы жылғы 1 қыркүйектегі жыл сайынғы Жолдауында айтылған жемқорлыққа қарсы бастамаларға қатысты пікірімен бөлісті. «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жүйелі тұрғыда шара қабылдау мен алдын алу жұмыстарына ерекше мән бергенді құптаймын», – деп атап өтті ГРЕКО атқарушы хатшысы. Осы тұрғыда сарапшы жемқорлықтың алдын алудың түп тамыры сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты бағалау және оны қатысушы елдерде нақты іске асыру негізінде жатқанын атап өтті. Ол Президенттің сөйлеген сөзінде айтылған риясыз және әділ сот төрелігіне бағытталған бағдарға ерекше назар аударды. Оның пікірінше, құқықтық мемлекеттің бұл өлшемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімділікке қол жеткізудің негізгі шарты болып табылады. Өз кезегінде жемқорлыққа қарсы пәрменді шаралар қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырады және экономикалық өсуге ықпал етеді. Өз хабарламасында Эспозито мырза 2021 жылы Қазақстанды бағалаудың... |
Толығырақ... Оқылды: 173 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Айдынды Алакөлде заттай көлем индексі 117,9 пайызды құрады |
"Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясындағы бүгінгі баспасөз - мәслихаты Алакөл аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дәулет Базенұлымен өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы. Алакөл ауданында бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Бизнестің жол картасы -2025», «Индустриялық-инновациялық даму», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2019 ж», «Қарапайым заттар экономикасы » бағдармалары жүзеге асырылуда. Бөлім басшысы Д.Жуандықовтың айтуынша, аудан экономикасына 20 млрд. 210,2 млн. теңгенің инвестициясы тартылып, 2019 жылдың сәйкес мерзімінен 3 млрд. 355,2 млн. теңгеге немесе 120 пайызға өскен. Заттай көлем индексі 117,9 пайызды құрады. Жылдық жоспар 59,4 пайызға орындалған. Ауданда бағаларды тұрақтандыру және бақылау мақсатында аудан әкімдігі тарапынан құрылған арнайы мониторингт... |
Толығырақ... Оқылды: 162 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Алматы облысының оқушыларына "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры 500 ноутбук табыстады |
Жаңа оқу жылында қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасау мақсатында Алматы облысының оқушыларын барлық қажетті техникамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Егер жақында балаларға республикалық бюджеттен дербес компьютерлер таратылса, бүгін "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының демеушілігінің арқасында Талдықорған қаласына 500 ноутбук жеткізілді. Олардың 200-і Талдықорған оқушыларына арналған, ал қалғандары жақын арада аудандарға бөлінеді. "Ноутбуктер аз қамтылған отбасы балаларына берілетін болады. Біз осындай қиын кезеңде әрбір баланың сапалы және жақсы білім алуын қалаймыз. Өйткені, болашақ ұрпақтың дамуына еш кедергі болмауы керек", - дейді қор директоры Қасым Қасабеков. Бұған дейін "Салиқалы ұрпақ" қоры Алматы қаласының оқушыларына 500 ноутбук сыйлап, Коронавируспен күресуге және Мақтаарал ауылын қалпына келтіруге қаражат бөлгенін атап өткен жөн. |
Толығырақ... Оқылды: 203 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |
Алматы облысында оқушыларға 40 мыңға жуық компьютерлік техника таратылмақ |
Оқу жылы онлайн форматта басталғаны баршаға аян. Қашықтықтан оқу ісіне керекті ең қажет құралмен қамтамасыз ету жайы бүгінде өзекті. Сымсыз байланысқа жіпсіз байланған кезеңде компьютер мен ғаламтордың көмегіне жүгінкен кез жетті. Осы ретте Алматы облысы білім басқармасы өңірдегі барша ұстаз бен оқушының сауатты білім нәрімен сусындауына бар жағдайды жасап бағуда. Ұрпаққа білім беретін мұғалімдер қауымының жалпы саны облыс көлемінде 41 625-ті құрайды. Барлығы дерлік компьютермен жабдықталған дейді мамандар. Ұстаздар қауымының 49,9%, жеке лимитсіз Интернет желісіне және 3G/4G –45,7%, қосылған. Жарқын болашақтың ертеңгі иелері оқушылардың 57,4%-нің компьютері немесе ноутбугі бар. Дейтұрғанмен аталған құрылғыға қолы жетпей отырғандар да табылады. Олардың саны 95 105. Бұл мәселенің күрмеуі шешілетін күн алыс емес дейді өңірдің бас ұстазы Майгүл Омарова. Осы тектес жұмыстарды ретке келтіру үшін әуелі мектептердегі 23 678 компьютер оқушыларға уақытша пайдалануға берілген... |
Толығырақ... Оқылды: 160 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2020 |