Жаңалықтар

Алматы облысында өрт оқиғасы 20,7%-ға төмендеді

Ағымдағы жылы Алматы облысында 799 өрт оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 64 млн. 236 мың теңге материалдық залал келтірілген. Дейтұрғанмен, қызыл отқа орану жағдайы өткен жылдан қарағанда 20,7% -ға азайған. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Биылғы жылы тұрғын үй секторында 526 өрт оқиғасы тіркелген. Ал, қатты отынды пайдалану кезінде тағы да өрт шығып, ұзын-саны 126 жағдай анықталған. Жылыту маусымы кезінде оқыс оқиғалардың тіркелуінің басты себебі, азаматтардың жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбауы, сақтық шараларына немқұрайлы қарауы болып табылады дейді мамандар. Осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін облыс аумағында тұрғын үй секторында қазіргі уақытта мүдделі органдармен бірлесіп профилактикалық шаралар өткізілуде. Аталмыш жұмыстар 15 тамыздан бастау алған. Қоғамның осал топтарын құрайтын азаматтарға тиесілі 3315 үйге бақылау жүргізілген. Жұмыс барысында 3 800-ден астам бұзушылық анықталы...
Толығырақ... Оқылды: 266 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.10.2020

ЖК тіркеу бойынша жаңа сервис іске қосылды

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Kaspi.kz ЖК тіркеу бойынша жаңа сервис іске қосылды. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) және Kaspi.kz қазақстандықтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді онлайн түрінде тез және оңай алуға көмектесетін жаңа сервистер бірлесіп әзірленуде. ЖК тіркеу үшін енді осы қызметті Kaspi.kz қосымшадан таңдап, сауалнаманы толтырып, Kaspi ЭЦҚ көмегімен қол қою жеткілікті. Осындай алғашқы жоба Kaspi.kz мобильді қосымшада ЖК тіркеу сервисі болып табылады. Сервис құжаттарды қашықтықтан тексеруге, кәсіпкерді сәйкестендіруге, тіркеуді растауға арналған бірқатар заманауи техникалық шешімдерді қамтиды. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Бизнес арқылы мемлекеттік қызмет көрсету идеясы Министрлік командасына тиесілі. Одан кейін «ҰАТ» АҚ мен Kaspi...
Толығырақ... Оқылды: 220 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.10.2020

Ұйғыр ауаданында 19 тұрғын үй апатты деп танылған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен, басталған «QYZMET LIVE» жобасы аясында Ұйғыр ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Серикы Дунгешовпен онлайн баспасөз-мәслихаты өткізілді, деп хабарлайды «Jetisy Media». Ұйғыр аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне жыл басынан бері азаматтардан 22 өтініш тіркеліп, бөлім тарапынан барлығы 198 тұрғын үй мен 10 өндірістік орындарға қабылдау актісі тіркелген. 19 апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлерге бұзу актілері беріліп, мемлекеттік қызметтер регламенті бойынша 262 сәулеттік-жобалау тапсырмасы қарастырылған. «Мекен-жай тіркелімі бағдарламасына тіркету үшін аудандық халыққа қызмет көрсету мекемесі арқылы жаңадан алған жер телімін және жаңадан салған үйін тіркетіп анықтама алу үшін 40 өтініш келіп түсіп толығымен қанағаттандырылып бағдарламаға енгізілді»,-дейді Серик Оқасұлы
Толығырақ... Оқылды: 261 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.10.2020

Жас келсе – іске!

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп хакім Абай айтқандай осы бір қиын да, жауапкершілігі мол мамандық иелерінің елден алар алғысы да шексіз. Неге дейсіз ғой? Оған біздің кейіпкеріміз жауап болмақ. Нұрғалиев Әділет Қайратұлы 1990 жылдың 18 желтоқсанында Көксу ауданы, Жетіжал ауылында дүнеге келген. Туған жеріне неге тоқталып отыр дерсіздер. Олай дейтініміз, «Туған жерге туыңды тік», - деп бабалар аманатын арқалаған Әділет Қайратұлы бүгінгі таңда сол өзінің кіндік қаны тамған туған жерінде туған елдің игілігі үшін, ертеңі үшін еңбек етуде. Ертеңі?! Иә, ертеңі үшін. Себебі, бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі елдің болашағы. Ал, сол болашақтың жарқын болуына негіз қалайтын ол әрине – ұстаз! Нұрғалиев Әділет Қайратұлы жас та болса, бас болып сол ұстаздар ұжымын басқарып отырған жайы бар. Жай ғана басқарып отыр деу жеткіліксіз болар. Бүгінгідей қиын қыстау мезетте ұжыммен береке-бірлікте, ауызбіршілікте жоғарғы жұмыс сапасын көрсетіп қызмет атқаруда. Ев...
Толығырақ... Оқылды: 196 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.10.2020

«Иманды жастар ұлт болашағы»

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін!-деп Мағжан Жұмабаев өзінің «Жастар» өленіңде айтып кеткендей, ұрпағына зор үмітпен қараған. Намысы биік, айбынды, рухты жастар бар кезде, елдің іргесі мықты болады. «Қазіргі кезде ел болашағы – жастардың қолында, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ». Жастар – ата-бабаларымыз салып кеткен дара жолдың мұрагері, кешегінің тұяғы, келешегіміздің тұтқалары. Тарихымыз сенім артқан иманды жастар – ұлт келбеті. Еліміздің тұңғыш Президенті ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады,» — деген еді. Иманды жастар ұлт болашағы екені сөзсіз. Осы тұста жастарға тағылымды тәрбие беріп, дұрыс жол сілт...
Толығырақ... Оқылды: 522 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 01.10.2020

СӘРСЕНБІДЕГІ СӘТТІ КЕЛІСІМ

Сәрсенбінің сәтті күні «Рrotecting business and investments» жобасы аясында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Көксу қант зауытының басшылығымен келісімге қол қойды. Нақтылап айтсақ, алдағы уақытта агенттік тарапынан инвесторлардың құқықтары қорғалады және бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға жағдайлар жасалады. Антикоррупциялық сүйемелдеуге алынған инвестициялық жобалар арасында енді зауыт та бар. Демек, бұл бизнес жоба бұдан әрі қарай тұрақты бақылауда болады. Инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған Рrotecting business and investments инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы деп атауға әбден болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2018 жылдан бастап «Kazakh Invest «ҰК» АҚ және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қазіргі уақытта жаңа серпін берген «Protecting business and investments» жобасын іске асыруда. Мақсаты бизнес пен инвесторлардың м...
Толығырақ... Оқылды: 186 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.10.2020

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Парақшамыздың #oqy&toqy айдарында бүгін біз АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы жайлы айтып береміз. Ондай болса:
Толығырақ... Оқылды: 258 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020

Адалдық пен адамдық қоғам айнасы

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес құрылған Текелі қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабының "Адалдық пен адамдық" тақырыбында кезекті тікелей эфирі өтті , деп хабарлайды «Jetisy Media». Сәрсенбілік сұхбатта Текелі қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабының төрағасы Сері Болысбайұлы онлайн эфир арқылы жастармен тілдесіп, жемқорлықсыз қоғам құру, адалдық пен адамдық ұстанымдары жайлы ой тарқатты. Жиынға қатысқан жастар тарапынан да тақырып шеңберінде көкейтесті сұрақтар қойылып, жас буын өкілдері ойларын ортаға салды. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. “Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық...
Толығырақ... Оқылды: 261 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020

Текелі қаласында 202 нысанға арнайы рейд жүргізілді

Текелі қаласы әкімдігінің жанындағы «Тіл және ономастика» жұмысшы тобымен қаладағы халыққа қызмет көрсететін орындардағы яғни 8 дәмхана, 123 дүкен, 7 шаштараз, 6 дәріхана, 58 мекеме, кәсіпорындарға жалпы саны 202 нысандағы көрнекі ақпарат тілдерін зерделеу үшін 6 рейд жүргізілді, деп хабарлайды «Jetisy Media» . Қалада ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен диагностикалық тестілеу өтті. Аталған шараға 50 қызметкер қатысқан. Сонымен қатар, «Ұлт тарихындағы маңызды бетбұрыс», «Қанекей, жаңа әліпбиді үйренейік» тақырыптарында дөңгелек үстел, «Ел ертеңі үшін қажетті қадам» тақырыбында тапқырлар сайысы, «Латын қарпіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» атты жастармен кездесу, «Жырдың сұлу шебері» тақырыбында латын қарпінде эссе жазу байқауы, «Латын қарпі: бі...
Толығырақ... Оқылды: 198 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020

Бюджет қаражаты қайда жұмсалады? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алма

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатының шығысы бойынша ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ тиімді диалог платформасые құру мақсатында "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" (publicbudget.kz) жобасын жүргізуде. Бүгінгі күні Карта қоғамдық бақылау мен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудың пәрменді тетігіне айналды. Бұл бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын ТМД кеңістігіндегі бірегей жоба екендігін айта кету керек. Аталған Карта нақты уақыт режимінде бөлінген бюджет қаражаты туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді халыққа қолжетімді нысанда көрсетеді, осылайша мемлекеттік шығыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Алматы облысының мемлекеттік органдары мен ұйымдары жұмсалған 1 трлн. теңге бюджет қа...
Толығырақ... Оқылды: 239 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.