Жаңалықтар
Құрметті көксулықтар! |
Барша мұсылман қауымының ұлық мейрамы Құрбан айт мерекесiмен шын жүректен құттықтаймын! Ізгілік пен мейірімді, қайырым мен қанағатты арттырып, ізгі амалды тоғыстыратын мерейлі мерекені ауызбіршілікпен өткізу дәстүрге айналған. Алайда, биыл бүкіл әлемде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты көптеген игі шараларлардан бас тартып, кейбірі кейінге шегеріліп жатқаны баршаңызға белгілі. Өкінішке қарай, қасиетті Құрбан айт күні ағайынды аралап, айттауға мүмкіндік болмай тұр. Індеттің ілмегінен сақ болу үшін әркім өз отбасында ғана болуға шақырамын. Құрбан шалып, ізгі амал жасаймын деген азаматтарымызға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қашықтықтан құрбан шалу жобасын ұсынып отыр. Ұлы ғибадатқа ниет еткен кез-келген азамат qurban2020.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, құрбан шалуға болады. Құрметті жерлестер! Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты және қабылданған карантиндік шектеулерді ескере отырып, түсіністікпен қабылдауларың... |
Толығырақ... Оқылды: 159 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.07.2020 |
Құрбан айт |
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті Көксу ауданының тұрғындары! Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін! Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді. Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды. «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейр... |
Толығырақ... Оқылды: 247 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 30.07.2020 |
Құрбан айттағы қағида |
Мұсылман қауымы үшін ұлық мереке құрбан айт жақындап келеді. Бұл кезде халық шамасы жеткенше құрбан шалатыны анық. Биыл ел ішінде пандемияның өршуіне байланысты аталған әсімді өткізудің біршама алғы шарттары белгіленді. COVID-19 коронавирустық инфекциясының облыс тұрғындары арасында таралуының алдын алу мақсатында «Қатаң шектеу шараларын енгізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 44 қаулысын назарға ала отыра бір қатар ережелер орнатылды. Ендігіде Құрбан айт мерекесі кезінде 2020 жылдың 31 шілдесі мен 2 тамызы аралығында тыйым төмендегі шараларға тыйым салынды: 1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үйлер мен мешіттерде адамдар көп жиналатын бұқаралық іс-шаралар өткізу; 2) облыс аумағында автожол бойында мал союды ұйымдастыру және өткізу, көліктен мал сату және жеке үйлерде мал сату; 3) облыстың орталық мешіті белгілеген онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтары мен базарлар... |
Толығырақ... Оқылды: 176 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.07.2020 |
Құрбан айт - 2020 |
Толығырақ... Оқылды: 133 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.07.2020 |
Алматы облысында 391 мобильді бригада белсенді жұмыс істейді |
БүгінгітандаАлматы облысыбойыншареспираторлық ауру белгілері бар, Сovid-19, пневмониямен ауыратын немесе күдікті пациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін 391 мобильді бригада белсенді жұмыс істейді. Жедел медициналық қызметке түсетін үлкен жүктемеге байланыстыCOVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттерді бақылау үшін, сондай-ақ медициналық көмектің барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін және асқынулардың алдын алу үшін стационарда емделіп шыққан пациенттерді бақылау үшіншілде айында391мобильді бригадалар (фельдшерлік немесе дәрігерлік) құрылды. Бұдан басқада, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді. Мобильді бригадалардың жұмысынАлматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы жергіліктіаймақтардаұйымдастырды, қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады. Бригадалардың саны-бес мың адамға бір мобильді бригада есебінен анықталады.Халыққа мобильді бригадалардың қызметі тегін көрсетіледі. М... |
Толығырақ... Оқылды: 159 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.07.2020 |
Әлеуметтік көмек алуға 24 589 өтініш берілген |
Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ережесі әзірленді. Бір реттік берілетін әлеуметтік төлем табысынан толық айырылған жандарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тек қана ағымдағы жылғы шілде айында, ең төменгіжалақы көлемінде - 42500 теңге беріледі. Төлем азаматтардың келесі санаттарына қарастырылған: 1)жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер; 2)жеке кәсіпкерлер; 3)жеке тәжрибемен айналысушы адамдар (қорғаушы, заңгер т.б); 4)азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар 5)бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар Жалақы сақталмайтын демалыста жүрген жәнеәлеуметтіктөлемге құқығы бар қызметкерлердің тізімін жұмыс берушілер egov... |
Толығырақ... Оқылды: 161 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.07.2020 |
Карантин кезіндегі Құрбан айт мерекесін өткізудегі қағида |
Жетісулықтар құрбан шалу рәсімін онлайн режимінде өткізуге өтінім бере алады.Бұлтуралыақпараттықалаңында«JETISÝMEDIA»ТалдықорғанөңірібойыншаҚМДБ бас имамыАрдақОразбаевхабарлады. Еліміздегіэпидемиологиялықжағдайдыескереотырып,құрбанайтмерекесіқарсаңындаҚазақстанмұсылмандарыдінибасқармасыqurban2020.kz.арнайысайтыніскеқосты Оларқылыәрбірниетбілдірушіқұрбандықшалурәсімінөткізугеөтінішбереалады. "ЕндіАлматыоблысыныңтұрғындарыдаөзборышынүйденшықпай-ақденсаулығынақауіптөндірмейорындауғамүмкіндігібар.Олүшінсізгесайтқакіріп, "құрбандықшалуқызметінетапсырысберу"ұяшығынбасуқажет,әріқарайөңірді,толықатын, телефоннөмірінкөрсетуқажет,соданкейінқұрбандықшалуүшінмалтаңдап,қажеттісоманытөлеугеболады", -дептүсіндірдіАрдақОразбаев. Бас Имамсондай-ақ,азаматтардыңрәсімгежекеқатысаалмайтынынатапөтті.Өйткені,сойып,еттібөлшектеуүшінарнайыбөлінгенорындақасапшыларадамдардыңтапсырыстарынорындайтынболады. Алтапсырысберушіфото -жәнебейнеесепсұрайалады.Олетмұқтаждарарасын... |
Толығырақ... Оқылды: 168 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.07.2020 |
Үкім |
Адамның жаратылыс мақсаты - Алла Тағаланы тереңнен танып, Оған тағзым етіп, құлшылық қылу. Оны тани отырып өзгелерге де таныту, олардың жүрегінде Құдай Тағалаға деген сүйіспеншілікті ояту. Задында, мұсылман үлкен ынта-ықыласпен Ол жайында өзгелерге айтқанда ғана Оны жүрегімен терең сезіне алады. Яғни, бір мұсылман өзге жанға Хақ Тағаланың барлығы мен бірлігін, асқан құдіреттілігін айта келіп, Оған тағзым етіп, сәждеге бас қойса, оның сол сәждесі бұрынғыдан мүлдем басқаға айналып, бойын әлдебір тылсым сезім билеп, ерекше ғажайып күйге бөленгенін байқайды. Ендеше, мұсылман Оны танығысы келсе, өзін ғана емес өзгелердің де бақытын ойлап, Хақтан бейхабар жандардың Онымен табысуына көңіл бөлуі қажет. Бұл да - мұсылманның негізгі міндеті. Кейбір мұсылман жандар «Өзгені қайтесің, Алла Тағалаға құлшылығыңды атқар да өзіңнің Жәннатқа баруыңды ойла! Басқаларға араласудан аулақ бол, олардың жүрегін исе Құдай ғана иманға иеді» деген сықылды өзімшіл пікірлер айтады. Иә, адамның жүрегіне... |
Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 23.07.2020 |
Көксу ауданында карантин және шектеу шаралары қатаңдалды |
Көксу ауданының аумағында 25-26 шілде күндері коронавирус инфекциясының алдын-алу, таралуын болдырмау мақсатында аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Мәншүк Әжиеваның 22 шілдедегі №25 Қаулысы шықты. Қаулы 24 шілде сағат 00:00-ден бастап өз күшіне енеді. • Аудан аумағында мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени көпшілік ic-шаралар өткізуге салынған тыйым сол қалпында қалады. • Спорт, фитнес, жаттығу залдары, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, компьютер клуб орталықтары жұмыс істемейді. • Сонымен қатар діни объектілердің жұмысы тоқтатылады. • Отбасылық мерекелік шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру, тағы сол сияқты адам көп жиналатын өзге де шаралар) өткізуге тыйым салынады. • Аудан аумағында маска кию тәpтiбi сақталады. • Азық-түлік дүкендері, 200 ш/м көлемінен үлкен дүкендердің жұмысы сенбі-жексенбі күндері толықтай тоқтатылады. • Қоғамдық тамақтану обекътілері (мейрамханалар, дәмханалар, асханал... |
Толығырақ... Оқылды: 156 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020 |
«ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ – ЖОЛЫ АШЫҚ» |
Қайырымдылық жасау адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Көмекке зәру жандарға мейірім шуағын төгіп, жақсылық нұрына бөлейтіндер бүгінгі заманда онша көп емес десек те, олардың барына шүкіршілік етеріміз рас. Біреудің ауыр хәлін өзінікіндей көріп, қол ұшын созудан бейтарап қалмайтын азаматтарды ел-жұртқа көрсетіп, насихаттап отырудың еш артықтығы жоқ деп есептеймін. Өйткені ізгі істер қашанда ізгілікке үндейді. Сауапты молайтады. Әрқашанда көмек қолын созуға дайын ауданымыздың жомарт қолды азаматтары бүгінде елімізде болып жатқан қазіргі жағдайдан да шет қалмай, коронавирус инфекциясымен күресіп, бұл сынақты еңсеруге үлес қосуда. Мәселен, жеке кәсіпкер, жас меценат Айым Жандосова аудандық ауруханаға оттегі концентраты мен пульсоксиметр сыйлады. Осы орайда, жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында бас дәрігердің орынбасары Мира Қанаевадан бірер мәліметтер сұраған болатынбыз. – Мира Тоқтамысқызы, жалпы, оттегі концентраторы тапшы дүние ме? – «Мұны негізінен Қытай... |
Толығырақ... Оқылды: 224 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020 |