Жаңалықтар
Алматы облысы әкімдігінде жолдауға қатысты алқалы жиын өтті |
Отырысқа өңірдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар қатысты. Барлығның мақсаты бір, Президент алға қойған талаптарды іске асыруға күш біріктіру. Елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайының тұрақтылығы әр кезде де бірінші орында болғаны сөзсіз. Бұл жолғы актив жиынында да осы сөз етілді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай мемлекеттік басқару аппаратының жұмысын жетілдіру үнемі жаңа өзгерістер мен ізденісті аталап етеді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы өзгерістер азаматтық қоғамға әсер етпей қоймайды. Өйткені аталған қоғамның мойнындағы жауапкершілік жүгінің салмағы ауырлай түспек. Осы себептенде мемлекет басшысы басқаруда азаматтық қоғам мен бизнестің рөлінің маңызды екенін ерекше атап өтті. Бұл реттегі ойды салмақтай түскен, алқалы жиында сөз алғандардың бірі Алматы облыстық «Талдау және болжау» орталығының директоры Елдар Сапаров. Ол, «мен үкіметтік емес ұйымның өкілі ретінде, біздің азаматтық қоғамның бәсекелестік ортаға бе... |
Толығырақ... Оқылды: 165 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2020 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы |
ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бей-жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсет... |
Толығырақ... Оқылды: 161 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2020 |
Облыстық ардагерлер үйінің өкілдері Президент Жолдауына пікір білдірді |
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдау арнады. Жолдау 11 бөлімнен тұрады. Онда қоғамның әр саласына жеке тоқталған. Президент өз мәлімдемесінде мемлекеттік қызметтің жұмысын жақсарту мақсатында саяси реформаларды жаңартудың кезі келгенін айтты. Қ. Тоқаев «азаматтық қоғамға саяси реформалар қажет, сондықтан оларды жүзеге асыруға басты назар аудару керек. Демократияның басты жауы - білімнің жеткіліксіздігі және популизм. Мұны ұмытпағанымыз жөн. Азаматтар елдегі реформаларды қолдайды деп сенемін» - деді. Осыдан қарап-ақ, елдегі азаматтық қоғамға артылған жауапкершіліктің жүгі айтарлықтай еселенгенін аңғаруға болады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі жаңа агенттік Мемлекет басшысына тікелей есеп бере отырып құрылу қажет екенін тілге тиек етті. Мұнысы өте орынды, біздегі билік бір арнаға тоғысқан кезде ғана белгілі бір жетістікке жетеміз. Еліміздің бел белесті бағындыруы тек қана мемлекеттік р... |
Толығырақ... Оқылды: 174 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2020 |
Алматы облысының ауыл шаруашылық сласының мамандары Жолдаудың маңыздылығын атап өтті |
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаумен тікелей эфирге шықты. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы жолдауда ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін айтты. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың қазіргі мемлекеттік бағдарламасы келесі жылы аяқталады. Үкіметке бизнеспен бірге бесжылдыққа агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың сапалы жаңа ұлттық жобасын әзірлеуді бастауды тапсырамын» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Миллиондаған ауыл тұрғындарының кірістерінің тұрақты өсуі, еңбек өнімділігінің екі жарым есеге артуы, ауыл шаруашылығы өнімі экспортын екі есеге арттыру алдыда тұрған басты міндет болып табылады. Мұны да мемлекет басшысы қадап көрсетті. Кәсіби мамандардың тапшылығы, сондай-ақ аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы – бұл саладағы қордаланған мәселелер. Осы бағытта атқарушы билік тарапынан нақты шаралар қабылдануы керек. Ауылшаруашылығы саласының құрылымдарына жағдай жасап, алдымен ауылдардың инфрақұрылымы... |
Толығырақ... Оқылды: 195 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2020 |
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ «ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕГЕН ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫМЕН БАСТАЛДЫ |
Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай еліміздің барлық оқу орындарында бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру. Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған. Түркі әлемінің дамуындағы Ясауи рөлі сөзсіз, оның мұрасы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қожа Ахмет Ясауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді» деп тап өткен. Бейне-дәрістерде оқушылар мен студенттер «ақыл кітабы» – «Диуани-Хикме... |
Толығырақ... Оқылды: 174 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.09.2020 |
2020 жылдың шілде айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 948,0 млн. теңгені құрады |
2020 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 шілдеге дейінгі кезеңде Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 948,0 млн.теңгені құрады. Республика бойынша шілде айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-31 шілде аралығында) 19,7 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, шілде айында Алматы облысы бойынша 559,8 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 388,2 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиал |
Толығырақ... Оқылды: 154 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.09.2020 |
МӘМС мәртебесін алу үшін ШОБ қарамағындағы қызметкерлердің тізімін жаңартып отыруы тиіс |
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарна мен аударым төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілеріне қызметкерлер сақтандырылған мәртебесін сақтап қалу үшін әр айдың 25-не дейін жұмысшылар туралы мәліметті жаңарту қажеттігін еске салады. Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жауапкершілікті сезінуі маңызды. Сондықтан кәсіпорындардағы қызметкерлер сақтандырылып, МӘМС жүйесінде барлық қажетті медициналық көмек алуы үшін тізімдерді үнемі жаңартып отыруды сұраймыз. Біз кәсіпкерлермен, оның ішінде «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кіріс комитеті және олардың аймақтардағы ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. 2020 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған кәсіпорындардағы жұмыскерлерінің тағы 61% бойынша ақпарат өзектендірілмеген күйінде қалып отыр. Егер деректерді жұмыс беруші енгізбесе, қыркүйекте ШОБ қызметкерлерінің бір бөлігі жүйеде сақтандырылмаған болуы мүмкін деген қауіп бар.... |
Толығырақ... Оқылды: 153 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.09.2020 |
Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының 1 қыркүйек білім күнімен құттықтауы! |
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Әр адам үшін 1 қыркүйек жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы. Себебі білім жүйесі жыл санап өзгеріске ұшырап, жаңа жүйеге сай жаңа белестерді бағындырып келеді. Биыл еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқыту форматымен оқитын болды. Әрине бұл өте күрделі шешім. Кеңінен белең алған пандемия бүкіл әлемнің білім беру жүйесі үшін ауыр сынаққа айналды. Балалардың мектеп қабырғасында дәстүрлі форматта білім алуы мүмкін болмай қалды. Адамзат мұндай жаһандық проблемамен алғаш рет бетпе-бет кездесіп отыр. Қашықтықтан оқу ұстазға да оқушыға да оңай соқпайтыны анық. Дегенмен ұл-қыздарымыз көштен қалмай, бар күш-жігерлерін салып оқиды деген сенімдемін. Қай салада болсын бірлік қажет. Жаңа... |
Толығырақ... Оқылды: 632 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.09.2020 |
Алматы облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру орындары жаңартылған жүйеге көшеді. |
Облыстағы жалпы орта білім беретін ұйымдармен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру жүйелерінде де қашықтықтан оқыту барысында нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылғы 27 мамырдағы Ұлттың қоғамдық сенім кеңесі отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау мақсатында,техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде академиялық дербестікке көшу және кредиттік технологияларды енгізу қажет. « Биылғы жалдан бастап, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары жаңартылған білім беру мазмұнына көшіп, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламаларын игереді. Осыған байланысты, колледждерге облыстық бюджеттен 136 млн.теңге көлеміндегі қаражат 10 сыныптың оқулықтары мен оқулық кешендерін сатып алу үшін бөлінді », - дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли. Облыстағы 5 колледжде «Жас маман» жобасы аясында «Графикалық дизайн», «Веб дизайн және әзірлеу», «3-D мод... |
Толығырақ... Оқылды: 164 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2020 |
Алакөл ауданында «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс аумағында Сервистік әкімдіктер ашу қолға алынуда. Бүгін Алакөл ауданында «Сервистік әкімдік» жобасы ғимаратының ашылу салтанаты Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың қатысуымен өтті. «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Алакөл ауданы әкімдігінде «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды. Жобасының басты қағидалары мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға ыңғайлы жағдайлар жасау»,–дейді ол. Ауданда ашылған жаңа Сервистік әкімдік - ашықтық пен қолжетімдік өлшемдеріне сәйкес келеді және жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға ықпал етеді.... |
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2020 |