Жаңалықтар
Антикор 27 млн теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері медициналық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету үшін шамамен 27 млн.теңге жинады. Агенттік қызметкерлері коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде бір күндік жалақыны аударуға шешім қабылдады. Жиналған қаражатқа 25 оттегі концентраторы сатып алынды, олар өңірлер арасында тең бөлінетін болады. Өнімділігі минутына 10 литрге дейінгі аппараттар тыныс алу жолдарының аса ауыр ауруларын емдеуде қолданылады. «Әрбір ұйым әлеуметтік жауапты болуы тиіс. Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіміздің дәрежесін түсіне отырып, біз ауруханаларға оттегі концентраторларын сатып алу үшін бір күндік жалақыларымызды аудару маңызды және қажет деп есептедік. Сол арқылы СOVID-пен қарсы күреске жанашырлық танытамыз», - деді Агенттік төрағасы А. Шпекбаев. Сондай-ақ, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Халықаралық Интеллектті дамыту институтының дир... |
Толығырақ... Оқылды: 155 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2020 |
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ |
Ағымдағы жылдың 19 тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған Мемлекет басшысының тезистерін түсіндіру мақсатында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті колледж басшыларымен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында "Sanaly Urpaq" жобасын жандандыру әдістері талқыланып, оқушылар арасында академиялық адалдық қағидалары түсіндірілді. Колледж басшыларымен кері байланыс барысында білім беру жүйесінде карантин жағдайында жобаны онлайн режимде іске асыру қажеттілігі атап өтілді. |
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2020 |
ҚУАТТЫ ӘЛЕУЕТ, ҚАРҚЫНДЫ ӨСІМ |
Ағымдағы жылдың 12-ші тамыз күні облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев ауданымыздың бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмыс барысымен танысып қайтты. Атап айтсақ, Серік Мелісұлы іссапарын ауданымыздың қант зауытынан бастады. Мекемені аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрді. Аудан бойынша 28 га жерді алып жатқан кәсіпорын өзінің биылғы жұмысын 1 айдан кейін бастайтын болады. Себебі, зауыт жұмысын бастауға 60 пайыз ғана дайын. Нақтырақ айтар болсақ, өндіріс орнында қазір жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, тәтті түбір турайтын пышақтарды қайрауға арналған қондырғылар орнатылды. Өзгесінің барлығы осыған дейін озық үлгідегі техникаға алмастырылған. Нәтижесінде өткізілген шикізаттан 13 %-ға дейін қант алу мүмкін болып отыр. Бұрындары бұл көрсеткіш 11-12% болатын. Қазір зауытта жиын-терін науқанына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары барған тағы бір нысан аудан орталығындағы сүт фермасы. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі негізінде құрылғ... |
Толығырақ... Оқылды: 239 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.08.2020 |
Egov. Kz |
Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру Құрметті оқырман, парақшамыздың бүгінгі #oqy&toqy айдарында аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу жайлы айтатын боламыз. Ол үшін: |
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2020 |
Алматы облысында «Nur Otan» париясының партияішілік сайлауы бастау алды. |
Облыс бойынша 323 үміткер праймеризге қатысуға өтінішін білдіріп үлгерген. Оның 175-і тіркелген. Үміткерлердің ішінде 23 адам облыстық деңгейге, 300 адам аудандық деңгейге өтініш білдірген. Праймериз келесі кезеңдер бойынша өткізіледі, олар: 1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу; 2) кандидаттарды үгітке даярлау; 3) үгіт жұмысы; 4) дауыс беруді өткізу; 5) тізімдерді дайындау. Праймеризге Ел аумағында 10 жыл тұрған, 20-25 жастағы азамат қатыса алады. Үміткер сотталмаған, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыспен айыпталмаған болуы тиіс. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі болуы қажет. Партия қатарынан шығарылған тұлға праймеризге жіберілмейді. Үміткерлерді тіркеу 17 тамыздан басталып 29 тамызға дейін жалғасады. Ал, 7 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі аралықта кандидаттардың үгіт жұмыстары, сонымен қатар 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өткізу жоспарланған. «Үміткерлер қатысу үшін primaries.kz сайты немесе өзіңіздің тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша аумақтық партия... |
Толығырақ... Оқылды: 191 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2020 |
Медициналық сақтандыру қоры сақтандырылмаған азаматтарға уақытша мәртебе беруді ұсынады |
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінен жеңілдетілген санаттағы азаматтардың «түсіп қалу» жағдайлары туралы түсінік берді. 15 жеңілдік категориясының өкілдері үшін, яғни 11 млн-ға жуық қазақстандықтар үшін мемлекет жарнаны төлейді, Медициналық сақтандыру қоры өз емханасына немесе өз бетінше Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы бойынша жүгіну арқылы уақытша мәртебе беру алгоритмін (бір айға) әзірледі. Осылайша, халықтың жеңілдікті санаты өкілдерінің сақтандыру мәртебесімен туындайтын мәселелер жедел мерзімде шешіледі, пациент медициналық қызметтерге қол жеткізе алады. Пациент медициналық ұйымға жүгінген кезде оның қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканерлейді (суретке түсіреді) және оны «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы ӘМСҚ-ға жібереді. Қор пациентке 1 айға мәртебе береді, оған тиісті хабарлама жіберіледі. Жеңілдікті санаттағы дәл осындай өкіл мұны App Store және Play Market-те «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы өз бетінше жасай алады. Жеңілдікт... |
Толығырақ... Оқылды: 159 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.08.2020 |
«Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша өтініш қабылдау басталды |
Баспаналы болуды мақсат тұтқан әрбір жанның көздеген межесіне жетуі үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаның тамыры тереңге жайылған. Олй деуіміздің себебі, бірбағдарлама негізінде бірнеше бағытта үйлі болуға болады. Солардың бірі «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы. Бұдан әрі «Шаңырақ» пилоттық жобасы ретінде іске асатын болады. Биылғы жылы «Шаңырақ» пилоттық жобасын жандандыру үшін қазынадан 210 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Оның 90 млрд. теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Бұл қомақты қаржының есебінен 7-8 мың отбасы қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алады. Аталмыш жоба шеңберінде баспанаға ие болу үшін ең алдымен мемлекеттік үй кезегінде тұруы шарт. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, ол жерге пәтер құнының 10 пайыздық бастапқы жарнасын жинауы тиіс. Несие, 20 жылға жылына 5 пайыздық мөлшерлемемен берілетін болады. &laqu... |
Толығырақ... Оқылды: 209 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.08.2020 |
Биыл ХҚО арқылы мың жарым адамға спорттық атақ-дәреже рәсімделді |
Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде белгіленген. Осы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офистері арқылы қанша спортшы атақ пен санатқа ие болғаны есептеліп, бұл тарапта биылғы жеті ай ішінде 1 544 мемлекеттік қызмет көрсетілгені анықталды. «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері», «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы», «Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі», «Ұлттық спорт төрешісі» және тағы басқа да бірқатар атақ-санаттарды беру туралы мемлекеттік қызметтерді алу үшін тапсырылатын құжаттардың тізімі атақ-санаттың дәрежесіне қарай әртүрлі. Оның үстіне бұл қызметтер бірнеше кезеңнен тұратындықтан, мерзімі де 24 жұмыс күнін құрайды. Спорттық атақ пен санаттарға қатысты қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Нәтижесінде қызмет алушының қолына ХҚО-да спорттық атақ... |
Толығырақ... Оқылды: 185 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.08.2020 |
Баспасөз хабарламасы |
Қордың Алматы облысы бойынша филиалының директоры коронавируспен күресуге бөлінген қаражаттың жұмсалуы және облыстағы сақтандырудың өзекті мәселелері туралы баяндады. Ағымдағы жылдың наурыз - маусым айларында облыстың стационарларында 8 мыңнан астам коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастар емделді, оған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалынан медициналық ұйымдарға 3,43 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаражат келесідей медициналық қызметтерге бағытталған болатын: - 1,21 млрд.теңге - медициналық көмек көрсетуге; - 1,74 млрд.теңге - ерекше еңбек жағдайлары үшін медицина қызметкерлеріне үстемақы төлемдеріне; - 120 млн.теңге - стационар деңгейіндегі ПТР-диагностикасына; - 36,0 млн.теңге - амбулаториялық-емханалық көмек деңгейіндегі ПЦР-диагностикасына бөлінді. «Ерекше еңбек жағдайлары үшін медицина қызметкерлеріне үстемақы сомасының ұлғайғанын атап өту қажет. Бұл көрсеткіш шілде айында – 1,52 млрд.теңгені құрады», - хабарлады Н.Отарғалиев. Республикалық... |
Толығырақ... Оқылды: 180 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.08.2020 |
Алматы облысының медициналық ұйымдарына 3,43 млрд. теңге төленді |
Медициналық сақтандыру қоры ағымдағы жылдың наурыз-маусым айларында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы облыстың медициналық ұйымдарына 3,43 млрд. теңге төледі. Бұл туралы "Jetisy media" - да өткен брифинг барысында белгілі болды . Бөлінген қаражат медициналық көмек көрсетуге, медицина қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеуге, стационар деңгейіндегі ПТР-диагностикаға, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық көмек деңгейіндегі ПТР-диагностикаға бағытталды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша филиалы директорының айтуынша, медицина қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу сомасының едәуір артуы байқалады. Бұл көрсеткіш шілде айында – 1,52 млрд.теңгені құрады. "Республикалық бюджет қаражатынан Алматы облысының медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге 2,89 млрд. теңге бөлінді. Ай сайын коронавирустық инфекция бойынша 1447 - ден 5362 қызметкерге үстемеақы төленеді", - де... |
Толығырақ... Оқылды: 172 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2020 |